Сабақтың тақырыбы: « Ой мен Ойын» сайыс сабағы
Сынып: 9в, 9 г
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ойната отырып ойлануға баулу, топта жұмыс істеуге дағдыландыру
Сабақтың барысы
Ақмарал: Армысыздар ұлағатты ұстаздар мен құрметті ойыншылар!
Құдияр: Біздің «Ой мен ойын» атты ойнап отырып ойланатын шоу бағдарламамызға қош келдіңіздер
Ақмарал: Ендеше бүгінгі шоудың жүргізушілерімен таныс болыңыздар. Мектебіміздің мақтанышы. Спорт шебері Өтегенов Құдияр
Құдияр: Ей қой ұят болады асыра мақтап жібермедің бе?
Ақмарал: Қатты қысылмай ақ қой. Мен жай сценарий бойынша айтып жатырмын. Сен де мені Құдайбергенова Ақмарал деп таныстырсаң болады.
Құдияр: Ендеше бүгінгі шоу бағдарламаның ең сұлу жүргізушісі Құдайбергенова Ақмарал
Ақмарал: Олай болса ойынымызды бастайық
Құдияр: 1 топ мүшелерін таныстырады.Ал топ өз кезегінде капитандарын тағайындап. Топтың атын, ұранын айтады.
Ақмарал: 2 топ мүшелерін таныстырады. Ал топ өз кезегінде капитандарын тағайындап. Топтың атын, ұранын айтады.
Құдияр : Ақмарал саған қызықты мәлімет айтсам бола ма?
Білесің бе? Ең алғаш кім интернетті ойлап тапқанын
– Жоқ, білмеппін, ол кім екен?
-Тим Бернес Ли
-Рақмет, сенің арқанда білетін болдым
Ақмарал: Құдияр ал сен білесін бе? WIFI-ді кім шығарғанын?
-Жоқ, білмеппін, ол кім екен?
-Ол ағылшын ғалымы ВИК ХЕЙЗ екен
Ақмарал: Бірақ біздің келесі бөлімде ойыншыларымызға интернеттің де WIFI дың да қажеті болмайды, тек өте сақ болып мұқият бақыласа болғаны.
Ендеше келесі бөлім: Екеуі бірге «Көп сөйлеме»
Құдияр: Бұл бөлімде әр ойыншыға 40с уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде өзіне көрсетілген сөзді топ мүшелеріне сөзсіз заттың қимылын түрін көрсету арқылы жасырады. Әр табылған сөзге 10 ұпай беріледі.
Құдияр: Білесің ба біздің ойында бәрін жасауға болады.
Ақмарал: Ия тіпті жасырылған сөздердің әріптерін ұстауға да
Ендеше келесі бөлім: Екеуі бірге «Сөз жұмбақ»
Ақмарал: Бұл бөлімде ойыншыларымыздың көздері арнайы маскамен жабылады. Әр ойыншыға әріп ұстатылады. Жүргізуші жасырған сөзді сол әріптерден құрастырып табу жүктеледі. Бұл кезеңде ойыншыларға әр табылған сөзге 20 ұпайдан беріледі. Бұл кезеңде ойыншыларымызға 2 минут уақыт беріледі.
Ақмарал: Құдияр сен сурет салғанды ұнатасың ба
Құдияр: Ия ұнатамын. Оны неге сұрадың
Ақмарал: Бұл өте жақсы. Өйткені суретті жақсы салатын адамдардың интеллектісі жоғары болады екен. Олай болса ойыншыларымыздың интеллектілерімен қатар сурет салу шеберліктерін де анықтайтын уақыт келген сияқты.
Ендеше келесі сайыс: екеуі берге «Суреттер сөйлейді»
Құдияр: Бұл сайыста әрбір ойыншыға мақал беріледі. Берілген мақалды топ мүшелеріне сурет арқылы түсіндіруі тиіс. Әрбір ойыншыға 1 минут уақыт беріледі. Әрбір табылған мақалға 30 ұпай беріледі.
1.Білім инемен құдық қазғандай
2. Мектеп- кеме
Білім – теңіз
3. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын
4. Ит тойған жерінде
Ер туған жерінде
Жігітті намыс өлтіреді
Қоянды қамыс өлтіреді
Жылы жылы сөйлесең жылан інінен шығады
Отан үшін отқа түс күймейсің
Бір тал кессең он тал ек
Ақмарал: Құдияр сен ЕНТ ға дайындалып жүрсің бе?
Құдияр: (Ұялып төмен қарап, күлімсіреген кейіппен) А-а-а оны неге сұрадың?
Ақмарал: Олай болса дәл қазір өзіңді тарих пәнінен сынап көруіңе болады
Екеуі бірге: Ендеше келесі кезең «Хранология »
Ақмарал: Бұл кезеңнің тапсырмасы фотосуреттерде. Ұсынылған фотосуреттердің жауаптары екінші тақтада ұсынылған сандарда. Ойыншылардың мақсаты 2 минут ішінде фотосуреттер мен сандардың дұрыс сәйкестіктерін табу. Әрбір дұрыс сәйкес жауапқа 10 ұпайдан.