Тәлімгерлік жұмыс нәтижесі
Тәлімгерлік - ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушының арасында, сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым – қатынаc құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын тәжірибелік іс амалдардың тиімділігін жеткізуде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. Тәлімгер -өте сенімді, тәжірибелі адам. Тәлімгерлік тәлім алушыға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерінің ашылуына көмектеседі.Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, тәлімгер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Тәлімгер өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды:
Тәлім алушыға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді.
Оған шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы қарым-қатынас құруға және түйінді дағдыларды белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін күрделі сұрақтар қою дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге, сенімділік, жанашырлық, шынайылық, адалдық қасиеттерін танытуға дайын болады.(МАН,38-бет)Тәлімгер мен тәлім алушының арасында қарым қатынас мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі. Сонда құзырлы тәлімгер тәлім алушыға ол үшін нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсіліне, нақты мән мәтінге, жұмыс тәсілінің ыңғайына, іс-әркеттің дұрыс бағытын таңдауға септігінтигізеді.(Oxley2003). Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесіп әрекеттенген тиімді болғандықтан , яғни шағын топта оқушылардың бір-біріне деген сезімдері, тыңдай білуі, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білуі, бірлесіп шешім қабылдауы қалыптасады. Барлығы бірігіп қызу әрекет жасайды, жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Топтық жұмыста бақылауды топ мүшелерінің өздері жүргізеді. Ал дәстүрлі сабақта бірнеше оқушы әрекет жасайды. Бұл бағдарламада қажет болған жерінде материалдыберіп, өзінің басшылық жасайтынын және оқушылардың өздері ойланып, тақырыпты ашу үшін ізденуі қаж-ет екенін,оның арғы жағы балаларды шығармашылық жұмысқа жетелейтінін әрқайсысының жұмыс жасау жолдарын және оларды қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндірдім Тәлім алушы әріптесімнің аты–жөні– Сыздықова Сандуғаш. Оның бойында ұстаздыққа тән жеке қасиеттер көп. Атап айтқанда, мақсатқаұмтылғыштық, ұйымшылдық ,жауапкершілік,шығармашылық қабілет, ізденімпаздық, белсенділік. Басты мақсаты - білікті маман , білімді тұлға болу. Өзіме таңдап алған тәлім алушымның сыныбындағы дәстүрлі сабағына қатысып, сабақ өткізу тәсілдерін,оқушының сабақ үстіндегі іс-әрекеттерін,жалпы сабақтың өткізілу барысын бақыладым.
Дәстүрлі сабағында мұғалімнің әрекеті көп, оқушы аз сөйледі.
Сабағындаоқушыларментоппен жұмыс жасау мүмкіндігі бар,әдіс–тәсілдер түрлерінің де элементтері байқалды,бірақ нақты емес екенін байқадым. Тақырыпқа сай жабық сұрақтар қойылып жатты,бірақ оған кеңейтілгентүрде жауаптар алынған жоқ,тек қана «дұрыс»,«дұрыс емес»деген жауаптар қайтарылды.Оқушылартекмәтінніңмазмұнынайтумен шектелді. Бақылау нәтижесінде,сабақтың бірсарындылығын,яғнибір ізділігін байқадым. 




Содан кейін,тәлім алушының жүргізген сабақтарының бейне-жазбасына сүйеніп, оған кәсіби сұхбат кезінде екінші сабағын жоспарлауға көмектестім. Сабақ барысында тәлім алушы ұйымдастыруда оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеумен және олардың көңіл-күйлерін сұраумен бастады. Содан кейін сыныпты топпен жұмыс жасату үшін үйге берілген тапсырманы сұрау арқылы әрекет жасады.Осы кезде топ жұмысына қатысты ережелердідайындап алып,оны күнделікті жұмысқа қайталап отырудың қажет екенін ескерте отырып,бекітіп алды. Топқа бөлінуді де сабақ тақырыбына байланыстырыпты.Оқушыларда сабақтың басынан –ақ белсенділік пайда болды.
Cандуғаштың өзгертілген алғашқы сабағы. Сабақ жайлы оқушымен сұхбат
Жұмыс барысында топтық жұмыс арқылы оқушылардың ынтасы мен белсенділігі артқанын байқадым. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар берілуд. Бірақ оқушылар бір-бірінен қалыспай,бірге ойланып, топтасып, пікірлесіп, ортақ шешімге келіп, ымыраласып қызу жұмыс үстінде отырды.Мен сабақтағы оқушылар әрекетін бақылаумен болдым, тамашалап отырдым . Тапсырмалар арқылы берілген кейіпкер сөздерін өздері тауып , жаңа идеялар тауып,постер құрастырып, жаңа тақырыпты аша білді және оның кейіпкерлерге қатысты шынайы өмірдегі мәліметтерін қорытып шығаруда белсенділік танытты.



Оқушыларжұмыстарынанкөріністер.Осы жұмыстарды орындаубарысында топ мүшелерінің ішінде әлі де сабақтыңыңғайынаере алмай, қалыс қалып отырған оқушылардың бар екендігі де байқалып қалды. Бұл сабақта балалардың сөйлеу дағдысы бұрынғыдан гөрі біртіндеп дамып, жақсы жолға қойылып келе жатырғанын байқадым. Нәтижесінде, бірінші топта екі оқушы,ал қалған екі топтаекі оқушыдан қалыс қалушылық байқалды. Мен бұның астарына үңілгенімде, бұл оқушылардың білім қалықтығы төмен дәрежеде, сондықтан олардың сабаққа ынтасы жоқ, қызығушылығы оянбады.
Постер қорғау қаншалықты қиын?Тәлім алушым АКТ-ны жақсы меңгерген.
Сабақ соңында бағалау үшін «Инсерт» стратегиясымен ой қорыту тапсырмасы берілді. Үй тапсырмасына осы шығарма бойынша ұлттық тәрбие көріністеріне эссежазуберілді.
Бұл сабақ түбегейлі оқушыларға бағытталды, ұжымдық, ынтымақтастық қарым-қатынас орната отырып, бұрынғы білімдеріне білім қосты, олардың жауапкершіліктері артып, талдауды, талқылауды, салыстыруды және қорытындыны өздері шығаруға дағдыланды. Сабақта оқушылардың қызығушылығын жоғарылата отырып, өз ойларын еркін және зерттей жеткізуге талпындырып, ой қозғалды, естіген, көрген- білгендерін талдап, салыстырып, реттеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға баулыды. Интерактивті тақтаның ғажайып мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады. Оқушылар топқа бөлініп, ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып,таңғалып, шабыттанып отырып білім алады. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам «Мен не білемін?», «Мен жаңаша нені білдім?», «Менің білімім қалай өзгерді?», Мен осы біліммен не істей аламын?» деп өз-өзіне сұрақ қоя білуі керек. Сондықтан сабақтың соңында Insert кестесін пайдалана отырып, бүгінгі сабақта қосқан білімдерін, болашақта білгісі келетіндерін үш топ болып ортаға салды. Балалардың білімі түрлі-түсті бетшелержинауарқылыбағаланды.Сыныпты бағалау кезінде ой қорыту және басқа да әртүрлі тапсырмалар бойынша түрлі-түсті бетшелер жинау арқылы оқушыларды тәлім алушы «өте жақсы»,«жақсы» және«орташа» дегенбағалармен бағалады .
Топ жұмысын бағалау кестесі .
Оқушы саны | «5» | «4» | «3» |
17 | 4 | 7 | 6 |
% | 16% | 43% | 41% |
Бірақ бұл бағаларға оқушылардың қандай дәрежеде қолдары жеткенін түсіндіріпхабарламады,негізінде ескертіп, айтып түсіндірме беру міндетті жұмысдепесептеймін.Соданкейінсабақтың соңында балалардан керібайланысболмады,олардың көңіл- күйлері және сабақтан алған әсерлері туралы стикерлерге жаздыртамын деп жоспарлаған,бірақ уақыты жетпей қалды.Сабақ аяқталған соң қатысушы бірекі оқушымен және тәлім алушыммен сауалнама сұрақтарымен сұхбаттастым .
Сандуғаш екеуміз жаңаша оқыту туралы бірнеше рет пікірлестік.
Оқушыға қойылған рефлексиялық сұрақтары :
1.Бүгінгі сабақ қалай өтті?
2.Сабақ саған ұнады ма?
3.Топтық жұмыс қалай өтті?
4.Сабақта тағы нені білгің келеді?
5.Сабақтаненібасқашажасауғаболатынеді?
Тәлім алушыма қойылған сұрақтар:
1.Сабағың қалай өтті?
2.Жоспардағы мақсатыңа жеттің бе ? Қандай дәлелдермен жеткізе аласың?
3.Сабағыңның ең ұтымдыжері қандай деп ойлайсың?
4.Тақырыптың оқушы үшін қандай маңызы бар деп ойлайсың ?
5.Оқушының бүгінгі үйренгенінің болашақта қажеті болуы мүмкін бе ?
6.Бұл сабақты басқаша қалай ұйымдастыра алар едің?
Келесісабақта, сабақтың өткізілу барысын өткен сабақтағы оқушылардан алынбаған керіб айланыс жасаумен бастады және сауалнама сұрақтарының негіздеріне байланысты оқушылардың пікіріне сүйенді. Балалардың арасындағы бағалау кезіндегі түсінбеушілік байқалды. Осы орайда, тәлім алушыма жұмысы нәтижелі, әрі әділ түрде болу үшін оқытудың жаңа әдісі бағалау критерийін оқушыны бағалау үшін түсіндіре отырып, сабақты бірге жоспарлап, пайдалануға ұсындым. Өзінің үйден дайындап келген бағалауына оқушылардан критерий жасатуға кеңес бердім. Тәлім алушым сабағын оқушылармен сәлемдесумен және олардың көңіл–күйлерін сұраумен шағын эссені тексерумен бастады. Сынып оқушыларының көпшілігі үй тапсырмасына дайын болып шықты. Әрбір оқушыдан сұрап,тексеребастады. Содан кейін оқушыларды топқа бөлу үшін жаңа сабаққа қатыстырып, түстер бойынша бөлуге әрекет жасады. Сөйтіп, сынып топқа бөлінді . Топ мүшелері «Адасқан сөздер аялдамасы» тапсырмасында берілген сөздердің сыңарларын тауып, жаңа тақырыппен байланыстырып , өздері ашып алды .
Сабақтағы бірлескен топтық жұмыстың қызу талқылауына Сандуғаш такірісіпкетті.
Әртүрлі тапсырмаларорындалып жатты. Осындай жұмыстардан кейін әр топтағы оқушылардың бір-біріне деген өте жақсы қарым-қатынастары сүйіспеншіліктері, бауырмалдылығы, ынтымақтастығы анық оянғаны байқалды. Оқушылар бұл сабақта сергіту жаттығуларын жасамады, мұғалім жоспарында бар еді, ұмытып кетсе керек. Дегенмен олардың да ойынға қызығып, қозғала бастағаны байқалып еді. Мұғалім сабақтың екінші кезеңінде интербелсенді тақтадан үш түрлі тақырыпқа бейнежазба көрсетті. Мұғалім постер құрауға тапсырма берді.Оқушылар уақытты да тиімді жұмсап,топпен бірлесіп,іәр түрлі идеялар тауып, постерді сәтті қорғап шықты. Сабақ өте әсерлі болды.Оқушының танымдық,эмоциональдық және әлеуметтік мүмкіндіктері іске қосылды. Сабақ соңында оқушылардың орындаған жұмысын бағалау үшін әріптесім өзі дайындаған бағалау критерийінтақырыпқа байланысты ұсынып, топ мүшелерін өз- өздеріне бағалатты. Бағалау критерийінің кестесі арқылы бағалау кезінде, бағалау критерийінің ролі ерекше екенін түсіндім.
Бұлбағалауоқушыларды әділдікке, қызығушылыққа, ынталандыруға тәрбиелеп, білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Топ жұмысын бағалау кестесі .
Оқушы саны | «5» | «4» | «3» | «2» |
17 | 7 | 8 | 2 | 0 |
% | 40% | 52% | 8% | - |
Бұдан оқушылардың жаңаша оқытуға деген көзқарас бағытына үйреніп келе жатқаны сезіле бастады.Сабақ соңында тәлім алушыммен сауалнама сұрақтары арқылы тағы да сұхбаттасып, жауаптарына ризашылығымды білдірдім .
Тәлім алушыма қойылған сауалнама сұрақтары:
1.Сабағың қалай өтті, қызық болды ма?
2.Бүгін нендей нәрсені үйрендің?
3.Оның болашақта қажеті бар ма?
4.Тағы нені білгің келеді?
5.Келесі сабақта қандаймәселеге назар аударасың?
Бұдан былай әріптесіме сенім артып,үнемі кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, оқу үдерісіне жаңалық енгізуге және әріптесімнің оң нәтижеге жетуіне мүмкіндік туғызып отырамын. Сонымен, тәлім алушыма тәлімгерлік етуде бірінші деңгей бағдарламасының міндеттерін меңгертіп,мақсатқа жетудің тиімдірек жолдарын ашуға, жаңаша оқыту әдістері жеті модульдің түрлерін еркін пайдалануға жолсілтедім депойлаймын. Оқыту кезіндегі тәлім алушымның тәжірибесіне сүйене отырып, оқушылардың сабаққа қалай қатысатынын, тапсырмаларды орындау сатыларын, сұрақтар қойып, жауап берулерін, топтық жұмыстар кезіндегі іс-әрекеттерін, бағалау критерийлерін ұғынуларына ерекше көңіл қойып қадағаладым. Болашақта тәлім алушыммен жұмысымды жалғастырар уақытымда,осы жүргізген тәжірибемдегі кеткен кемшіліктерімді болдырмай, жою жолында аянбай еңбектеніп, барлық күш–жігерімді пайдалануға,ізденіс жолымда шығармашылыққа тәлім алушымды да жетелеуге қолдау жасаймын .
Пайдаланылғанәдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
2.Үлестірме материалдар
3. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері
Тәлім алушының рефлексивті есебі
Информатика пәні мұғалімі Сыздықова Сандуғаш,Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша бірінші деңгей курсынан өткен Пралиева Рапия апай менің өтінішімді ескере отырып, менің тәлімгерім болуға келісім бергеннен кейін бірге ынтымақтастықта жұмыс жасадық.Апай менің қызығушылықтарымды білу мақсатында сауалнама алып,сол негізде жұмыс жоспарын жасап таныстырды және жұмысты сол жоспар негізінде жүргіздік.Алғашқы келісімнен кейін- ақ маған тиімді тәлімгерлік мәнін түсіндірді.Апай бірнеше дәстүрлі сабақтарыма қатысты.Сабақтан соң пікіралысу жасадық.Осы орайда тәлімгерімнен үйренген кәсіби қасиеттерімнің бірі-өзіндік талдау жасатып,өз жұмысыңды өзіңе талдата отырып,жіберген кемшілік тұстарыңды өзіңе таптыра отырып,оны дұрыстаудың қандай жолдары бар деп ойлайсың?- деп кері сұрақ қою арқылы диалогке шақыратындығы.Апай кез келген жұмысты ұйымдастырмас бұрын өз ойын айтып,жұмыс жүйесімен таныстырып, менің де пікіріммен санасып қажеттілікті анықтады. Бағдарламаның идеясына қатысты кәсіби дамыту бағытында кері байланыс жасап отырды.
Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өзі 10 «А»сыныбына өзі физика сабағынан сабақ өткізіп, мені қатысуға шақырды. Сабақтан кейін пікіралысу кезінде сабақ туралы пікірімді сұрап,мұндай сабақтардың тиімділігі мен қажеттіліктері туралы түсінік берді.Содан кейін өзім сабақ беретін сыныпқа маған топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, информатика сабақ жүргізуімді сұрады.Осы сабақты бейнефильмге түсіргісі келетіндігін айтып,сабақ жоспарын бірге жоспарладық.Жоспарда жаңа әдіс-тәсілдерді енгізіп,оқушыларды топқа бөлу,топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастыру,бағалау критерийлері мен диалогтік оқыту,АКТ,сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары жөнінде мәліметтер берді. Менің бұл кісіден үйренерім көп. Жаңалыққа жаным құмар менің апайдан оқытудың жаңа тәсілдерін үйреніп, ұстаздық жолымда өзіме азық еткім келді. Апай менің дәстүрлі сабақтарыма қатысып, онда кеткен кемшіліктерді талқылағаннан кейін біз жаңа үлгімен сабақ жоспарларын құрдық. Мен өзімнің дәстүрлі стильмен өткізген сабақтарымда жіберген кемшіліктерді апайдың сабағына қатысқаннан кейін және менің дәстүрлі сабағыма қатысқаннан кейін білдім. Сабақты ерекше, жаңа технология жобасымен өткізу оқушыларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізіп, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай болады. «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады. Осы әдіспен өту барысында оқушылар шығарманың негізгі идеясын бүгінгі өмірмен байланыстыра сыни тұрғыда қорытысндыға келеді, оқушылар өз пікірлерін қорғай білді.
Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына, жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқу- білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алды, осылай іскерлік дағдылары қалыптасты. Сосын олар «Адамгершілік», «Мейірім», «Қайырым» тобы болып үшке бөлініп, тапсырмалар орындады. Алдымен, әр топқа мәнмәтінді бөліп оқуға тапсырма бердім. Оқу оқушының ойлау қабілетін арттырады. Бірлесіп жұмыс жасауға алғашқы қадамын жасайды.
Үшінші сабағымда АКТ -ны қолдана отырып,оқушыларға көрсетілген бейнефильм арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, постер қорғаттым. Оқушылар сабақта өз мүмкіндіктерін аша білді,топта ынтымақтастық орнады,білімдерін көбейтті. Өз ойларын еркін, зерттей жеткізуге тырысты. Көргендеріне салыстыру жасады,өздері тұжырымдады. Сөйтіп бірлесе шығармашылық жұмыс жасауға дағдылана бастады.
Интерактивті тақтаның ғажап мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады. Оқушылар топқа бөлініп, ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам «Мен не білемін?», «Мен жаңаша нені білдім?», «Менің білімім қалай өзгерді?», Мен осы біліммен не істей аламын? деп өз-өзіне сұрақ қоя білу керек. Сондықтан сабақтың соңында бүгінгі сабақта қосқан білімдеріне, болашақта білгісі келетіндеріне кері байланыс жасады. Балалардың білімі түрлі-түсті гүл көріністермен суреттерді жинау арқылы бағаланды.
Қорыта айтқанда, тәлімгерімнен сабақ жоспарын жаңа үлгіде жасауды үйрендім. Топтық жұмыспен өткізілген сабақтардың нәтижелі болатынына көз жеткіздім. Сабақ барысында оқушыларды формативті бағалаудың маңызды екенін ұқтым. Коучинг өткізуді жоспарлауды үйреніп жатырмын. Алдағы уақытта апаймен бірігіп, үнемі әріптестік қарым қатынаста боламын, тәжірибе жинақтай беремін.