СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты 5 сынып

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты 

Тақырыбы: " Дана тұлға, дара тұлға Д.А.Қонаев

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты 5 сынып»

Ашық сабақтың тақырыбы: «Дана тұлға, дара тұлға-Қонаев»

Ашық сабақтың мақсаты: Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Д.А. Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, ұлы тұлға Қонаевтың ерліктері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кітаптар, Қонаев жайлы естеліктер, слайд, аудиожазбалар т.б.

Мұғалім: Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмсын, Туды ұстағн үл жығылмасын»-деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды» деген ойып ашып айтты.



1-жүргізуші:

Көз суғарып таулардың тұлғасына

Дінмұхаммед деп жазам жыр басына

Жыр басына жайбайын неге, ағайын

Мұңдасыма айналса, сырласыма



2-жүргізуші:

Қаламымды малып ап жыр жазамын

Димаш деген бұлақтың тұнбасына

Димаш десем, жанырым нұрға толған

Сауыт кеудем, патша өлең, жырға толған.



1-жүргізуші:

Дана халықтың дана перзенті, иісі Алаштың пір тұтар тұлғасы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген.

2- жүргізуші:

Жер жүзіне әйгілі болған тұлғасы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың тарихтың төрінен орын алатыны даусыз. «Қазағым», «Елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден өткен кездеде сүйіп өтеді.

Айғаным: Ұлы Димашты бола ма, ұмытуға,

Ол-кемеңгер, ғажайып ұлы тұлға

Жалғыз өзі жарады қапас күнде,

Ұлан байтақ даланы көркейтуге

Эльдар: Димаш аға, дидарыңыз жарық күн

Ұранысыз қазақ деген халықтың

Саясаттыға дауылына сынбаған

Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың

Әлия: Димаш ата туралы жазушы, журналист Серік Әбдірайымов: «Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі ел еркелетіп Димаш атаған- Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев». Димекең қанағатшыл жан еді. Газет-журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырған, міне осының өзінен ол кісінің қандай ақжүрек екенін байқауға болады.

Гүлім: Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін,

Қорғадыңыз ел мен жердің намысын

Тарих өзі таразылар, танытар

Ұлы қазақ Қонаевтың сан ісін

Эльдар: Алматы облысы және қаласы Димаш ата басқарған 11 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Туған қаласына Алматының ажарын кіргізіп тұрған «Қазақстан», «Алматы» қонақ үйлерін, Республика сарайын, Республика алаңы, Цирк, Неке сарайын, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын, М. Әуезов атындағы драма театрын, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын, Пушкин кітапханасын, баспа үйлерін т.б, мәдени ошақтарын халық игілігі үшін бой көтерді.

Олжас: Өтет кетед, бұл фәниден сан алып,

Тарих үшін емес олда жаңалық

Дінмұхаммед- Қонаев жай аты,

Шын аты оның мейірім мен Даналық

Шыңғыс: Дінмұхаммед- Ұлы түлға ардақты,

Дінмұхаммед-бар асылдан салмақты

Дінмұхаммед-күллі әлемге танылған

Кісіліктің шамшырағы жан-жақты

Қайсар: Атақ-даңқы аңыз болған талайға

Димекеңе баға беру оғай ма?

Ешкімге көмегін аямаған

Халқы сол үшін оны бағалаған.

Халық биі: «Шашу»

Ән: Орындайтын: Мұхитұлы Эльдар

1-жүргізуші: Димаш атамыз тірісінде «Пайғмбар» атанған ұлы тұлға. Ол кісінің бойында көп адамның бойынан көріне бермейтін рухани-адамгершілік қасиеттер көп болған. Димаш атамыздың 10 қасиеті

Әлия. Бірінші қасиеті: Димаш ата, жаратылысанан көрікті, бойшаң жүзінен нұр төгіліп тұратын иманжүзді кісі.

Гүлім: Екінші қасиеті: өзіне айтылған сөздің бәрін терең түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес жан-жақты тез ұғып алатын аса зерек жан болатын.

Дастан: Үшінші қасиеті: Ол өзі жүрген, көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесіне ұзақ сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын адам болған.

Назым: Төртінші қасиет: Димаш ата терең ой иесі және жадына сақталғандардың бәрін айдан-анық етіп айтып бере алатын шебер әрі, шешен болған.

Ақзер: Бесінші қасиеті: Димаш атамыз ғылым –білім мен өнерге жаны құштар, әр күн сайын оқып үйренуден шаршап-шалдықпайтын адам болған.

Раушан: Алтыншы қасиеті: тағамға, ішімдікке, сауық-сайранға келгенде қанағатшылық болған.

Шыңғыс: Жетінші қасиеті: Димаш ата, жаратылысынан сауық, құмарлықтан аулақ болған. Демалысын таза ауада, серуендеп, аңшылық, мергендік өнермен айналысқан.

Айқын: Сегізінші қасиеті: кемеңгер Қонаев шындықты сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруды жөн көрген. Димекең ешқашан өтірік айтпаған.

Арман: Тоғызыншы қасиеті: жаны асқақ және ар-намысын аса ардақтайтын адам.

Нұрислам. Оныншы қасиеті: өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер-шешімпаздық танытып, бұл шатқа қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болған.

1-жүргізуші:

Өнерпаздар жарысып сан-салалы

Жиын десе, той десе жан салады

Димаш ата бүгінгі құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады

Ерсін: Сенің орның биіктерде, тереңде

Сыймайсың сен сырлы әнге, өлеңге

Өмір бақи әлпештеген қазақты

Сендей бекзат қайта айналып келер ме

2-жүргізуші: Д. А. Қонаевтың нақылға айналған сөздері.

  1. Жалада шындық болмайды. Раушан

  2. Өмірдің екі тірегі: үйренуден жылықпау, үйретуден аянбау Айқын

  3. Ақиқатты аттап кету-арға сын Әнел

  4. Адам айнасы-адам Арман

  5. Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады. Әсел

Нұрислам: Таудың ұлы өссе егер тауға қарап

Қазақ жасы Димашқа қарап өскен

Күллі әлемде елу жыл ел ағасы

Болған бар ма Димаштай ер данасы

Дастан: Балқашыңда жайқалып тұр күрішің

Бізге әкелген бақ да сенің ырысың

Мұнар, интернатың, көпірің

Көрсетілген ел-жұртыңа бұл ісің

Ән: Нақысбек Ерсін және Елтай Гүлім «Туған жер» әні

Дильназ: Алматы мен Балқашыңа қосылып,

Асфальт жолың жатыр шөлде жосылып,

Димекеңнің арқасында бар жақсылық жасалған

Балқаштықтар ! Ұрпақтары осыны ұқ!

Ақзер: Одақ болып жүрсек те бір «Қалыпта»

Қазақ елің айналдырдың алыпқа

Депутат боп Бақанастан сан мәрте

Бастап өттің жақсылыққа, жарыққа

Наргиз: Иісі қазақ еске алады дәл бүгін

Димаш ата жомрттығын, мәрттігін

Сақтап қалды ар-намысын ұл-қызы

Алып беріп тәуелсіздік теңдігін

Дара тұлға, данышпаным, кемеңгер

Туған күнмен құттықтайды туған ел

Ұмытпайды мәңгі есте сақтайды

Малайсары, Бақанасың, балқаш көл

Олжас: Димаш ата Көсемсің сен көреген

Ата-жұртың нұр бақытқа бөлеген

Балқаштықтар! Шалқая басып жүргенің

Қонаевтың арқасында дер ем мен

Қорытынды: Хор. «Атамекен»

Мұғалім:

Жесірге пана болды,

Жетімге жаға болды

Дінін сүйген дара болды,

Елу жыл елге аға болды. Қасиетті Балқаш мекенінің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өнуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бізді бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының алдында Димш атамыз елінің ардақты да, қадірлі перзенті болып қала береді.



















































«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі











Тақырыбы:



«Дана тұлға, дара тұлға –Д. А. Қонаев»



5- сынып









Сынып жетекшісі: Ақбар Л.Б.







2018-2019 оқу жылы