Ашық оқу іс-әрекеті:
«Тұңғыш президент»
Тәрбиеші: Батаева.С.Е.
Музыка жетекшісі:
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Тұңғыш президент»
Білім беру саласы: Әлеумет, коммуникация
Мақсаты :
Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президент екені туралы әңгімелеу, түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті, ту, елтаңба
Билингвальды компонент: Отан-родина, елбасы - президент, ту-флаг,елтаңба- герб
Әдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық:
Тәрбиеші:
Кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз
Тәрбиеші:
Тәрбиеші:
Балалар:
Балалар:
Тәрбиеші:
Балалар:
Ол біздің президентіміз!
Тәрбиеші:
1991 жылы 1-желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады.
Н.Ә.Назарбаев
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы
Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.
Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.
Ол ата-анасын қатты құрметтеген. Міне әкесі Әбіш және анасы Әлжан
Балалар, сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар:
Астанада!
Тәрбиеші:
Балалар:
Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздіңелдің символы.
Балалар елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы - президент – President
Ақниет:
Мақсатына жету үшін алдағы,
Әубастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.
Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе,
Орындаған бабалардың арманын.
Мансур:
Күн өткен сайын құлпырып,
Жайнадың гүлдей Астана,
Елорда – менің Астанам,
Елорда-менің бас қалам.
Елдос:
Ер болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұсұлтанның атымен басталады.
Айсұлтан:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Санжар:
Ер болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады
Жанерке:
Отан деген - Атамекен
Отан деген - туған жер
Отан- ана, Отан -пана
Қазақстан – туған ел!
Тәрбиеші:
Балалар:
Тәрбиеші:
Балалар:
Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:
Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін
қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 дібілдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген.
Ал, туымыздың жанында не бар екен?
Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Балалар:
Шаңырақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар:
Тәрбиеші:
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.
- Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы
Біздің ұлтымыз қалай аталады? - ұлтымыз қазақ.
Ана тіліміз қай тіл? қазақтілі.
Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг - flag
Елтаңба – герб - emblem
Отан туралы мақал – мәтел:
Жалайыр:
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес
Аңсар:
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Абдуазиз:
Отан отбасынан басталады.
Нұржан:
Отанын сатқан оңбас
Диляра:
Ел іші – алтын бесік
Рефлексивті түзетушілік:
Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:
Ол кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
(Елбасы, ту, елтаңба сөздерін үш тілде айтқызу)
Осымен сабағымызды «Көгершін» тобы балаларының орындауында хор «Отан» әнімен аяқтайық.
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық
Хор: « Отан » орындайтын «Көгершін» ортаңғы тобы.
Күтілетін нәтиже
Біледі: Тұңғыш президент мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын.
Игереді: Рәміздерді естерінде сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап олардың мағынасын түсіне білуді.
Меңгереді: Елтаңбада, туда бейнеленген суреттердің қандай мағына білдіретінің меңгереді.