СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тәуелсіздік-тұғырым!" тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының өтілу әзірлемесі, монолог, композиция.

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік-тұғырым!" тәрбие сағаты»


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған

«Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік іс-шараның өтілу сценариі


/фан-фар, сахна шымылдығы ашылады/

/ортаға жүргізушілер шығады/

Мақсаты:

Оқушыларға Тәуелсіздік сөзінің мағынасын, қаншалықты маңызды екендігін, оның қандай жолмен келгендігін көірініс арқылы жастарға жеткізу.


1-Жүргізуші:

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.

Тәуелсіздік жолында ата-бабамыз қанша қасірет, қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Тәуелсіздік деген ұғымда қанша мағына, қанша өмір, қанша оқиға, қанша адам тағдыры, қанша қан мен жастың төгілгені жатыр десеңізші. Қазаққа киелі ұғым – тәуелсіздіктің астарында жатқан қанша сырларды ашып, осы күнге шүкіршілік ете отырып, оқушылардың санасына тәуелсіздік терминінің мән-мағынасын түсіндіру бүгінгі байқаудың негізгі мақсатыда осында.


2- Жүргізуші:

Тілегіңізге көп рахмет. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қайсар рухты Қайрат» атты қойылымды тамашалаңыздар.

Ойнайтын кейіпкерлер:

Автор

Қайрат Рысқұлбеков

Қайраттың әкесі

Қайраттың анасы

Қайраттың інісі

Студент Айгүл

Студент бала

Милиционер

Күзетші

/сахна сыртынан оқылады/

Атамекен - бағзыдан бері ірге тепкен ата-қонысы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді.

Бәрінен бұрын жан-жағын жолбарыстай жайпаған Жоңғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубат болды.

Бір тудың астына біріге алмай алтыбақан алауыз болған қазақ рулары Ақтабан шұбырындыға ұшырап, елім-айлап босып кетті.

Тәуелсіздік жолында ата-бабамыз не көрмеді.

Тәуелсіздік бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі. Ал, 1986 жылғы желтоқсан қозғалысының орны ерекше.

/сахна шымылдығы ашылады/

СӘБИ ДАУЫСЫ

Сахна сыртынан оқылады

Автор:

1966 жылдың 13 наурыз күні Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында Қайрат есімді сәби дүниеге келеді

-Ана: Алтыным ботақаным менің, кішкентай ғана балапаным. Ей, жаным сол. Ботақаным менің, Қамқоршым менің.

Әке:Я балам, менің көрген күнім осы, күндіз-түні елдің малының соңындажүремін, сен осындай күнді көрмесін деп, сен ер жеткенде, ел намысын қорғайтын азамат болсын деп, сенің атыңды Қайрат қоямын. Сенің атың Қайрат (3-рет).

- Ана:Қайратым менің, адамның баласы болма, адамзаттың, халқыңның баласы бол шырағым.

-Әке:Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты батыр бол, батыл бол, өмірің ұзақ болсын.

-Ана:Қарашы әкесі, өзі ерекше туғанға ұқсайды, жүзінде өмірге деген құштарлығы мен айбаттылығы да бар сияқты.

-Әке:Я,болар бала бесігінен, тіл көзден сақта. Біздің баламыз ер жеткенде ел намысын қоғайтын азамат болар әлі.

-Ана:Әрине.

-Әке:жүр онда демалсын бір шай ішейік.

Автор:Арада біраз жыл өтіп Қайрат есейді.

-Ана:Қайратжан, Қайрат, тұра ғой балам енді, әкен мал соңында жүріп, әбден шаршаған щығар,барып жәрдемдесіп жәбер.

-Қайрат: Қайырлы таң анашым.

-Ана:Қайырлы таң балам.

-Қайрат:Әрине барам.

-Ана: Онда барып тез беті-қолыңды жуа ғой.

-Қайрат:Жарайды.

-Қайрат:Анашым, мен әкеме барып жәрдемдесе берейін.

-Ана: Қайрат балам наннан ауыз тие ғой.

-Қайрат: М,м,м қолыңызға дерт бермесін ана, бәлішіңіз сондай дәмді екен ғой, мен әкеме барып жәрдемдесейін.

-Ана: Бара ғой балам, бара ғой. Ей,зулап бара жатқан ғұмыр – ай. Кеше кішкентай, сүйкімді ғана ботақаным, енді міне жалындаған жас жігітке айналып шыға келді. О, жаратқан, балаларымды ман-есен, пәле- жаладан сақтай көр, әумин.

Інісі кіріп келеді

Інісі.Неге менікі дұрыс емес?

Анасы: Бала-ай не болды? Бір нәрсе болды ма?

Інісі: Ана, Қайрат үнемі мені емес менің сыныптастарымды жақтайды, жаңа ғана мектепте бір баламен ерегісіп қалып едім, Қайрат менің жаныма келіп, сенің мұның жарамас-деп ұрса жөнелді. Апа, мен онысына келіспеймін.

Қ: Әділдікке көз жұпып қарауға болмайды. Әрине сен менің бауырымсың. Бірақ барлық нәрсені күшпен жеңуге бола ма екен? Сабырға кел, ақылды бол.

І: қойшы Қайрат, сен үнемі сондайсын.

А: қой енді балам, ағаңның айтқаның тыңдау керек. Демек сені дұрыс болмағаны.

Әкесі кіріп келеді

Әкесі:О, жаратқан-ай, мына баққан өмірім құрысын. Сендердің білім алғандарыңды, жақсы азамат болып өскендеріңді, осы күнге жазама жаратқан.

Інісі:Әкетайым неге соншалықты сары уайымға салына бермеңізші. Бәрі жақсы болады.

Әкесі:Уайым емес балам, көңілімнің босағаны ғой.

Қыз кіріп кіреді

Айгүл: Қайрат, Қайрат.

Қ: Айгүл, сәлем!

Қыз:Сәлем бердік ата, сәлем бердік апа! Ұстаздар күніне орай шағын концертіміз бар еді. Қайрат екеуміз бірлесіп мектеп қабырға газетін шығаруымыз керек. Қайрат біздің мектебіміздің камсомол ұйымының хатшысы емес пе?

Қайрат: Я әке, мен мектептің комсомол ұйымының хатшысымын, рұқсат етіңіз, ұстаздардың көңілін бір көтеріп қайтайын.

Әкесі:Әрина балам, барыңдар.

Қайрат: Ал мен кеттім, бауырым ал сен ондай тентектік жаса ма енді.

Інісі:Жарайды түсіндім, аға. Әкешім, біз анамыздың ыстық бәлішінендәм татайық.

Барлығы кетіп қалады, Қайрат жүгіріп келеді

Қайрат:Апа әке мында келіңіздерші.

Анасы: Не болды?

Қайрат:трам-парам, апа, әке мында келіңіздерші. Ұлдарыңызды құттықтап қойыңыздар болады.

Бірлік ауылындағы Киров атындағы орта мектепті жақсы біргіені үшін және қоғамдық жұмыстарға белсені қатысқаны үшін Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы марапаттталады.

Әкесі:Ой,құлыным жарығым, өрісің кеңейе түссін, жаманнан бір жақсы туады адам айтса нанғысыз деген осы.

Анасы:Құлыным-ау көсегең көгере берсін, алтыным.

Інісі кіріп келеді

Інісі: Қайрат, Қайрат мынаны қарашы әскерден шақырту қағазы келген сияқты, есіктің қасындағы шарбаққа іліп кетіпті, өзім жаңа ғана көрдім, оқышы тезірек.

А: Әскер, әскер дейді?

Қ: несі бар, әскери борышын өтеу, ер азаматтың парызы емес пе?

І: Дұрыс айтасыз аға.

Ә. Бұнында дер кезінде келгенің қарашы, он жылдық мектепті бітргені сол еді, енді міне, әскерге шақыру қағазыда келіпті. Не дейін саған ұлым, ешқашан ез болма азаматтың жүгін көтере біл.

А. Құлыншағым ау көзімнің қарашығы сен едін. Сенсіз қалай болады екенмін?

Қ. Анашым мен анашым

сен ғана маған данасын

өзіме мәңгі панасын

жылама менің анашым

І. Аға өзіннін мен үлгі алушы едім.Отан алдындағы борышынды абыроймен өтеуіне сенімдімін, қой апа уайымдама уақыт болып қалған секілді мен дайындалуына көмектесейін

Қ. Жарайды анашым көп ауаймдай берменіз, денсаулынызға қарайлай жүрініз, сау бол.

А: Құлыным-ау көсеген көгере берсін.

Қ: Жарайды әкешім,сау бол.

Ә: Менің айтқандарымды ұмытпа. Болды енді ертең ақ оралар.

А: Құлыным кетіп бара жатыр ғой.

Автор: Арада біраз уақыт өтті.

Ә: Я, арада біраз жылдар өтті, Қайратымыз әскери борышын өтеп, Алматыдағы сәулет құрылыс институының бірінші курсы студенті атанды, ал кенже ұлымыз болса политехникалық университетінің түлегі болды, ал мына ел-жұрт болса малшының ұлдары жоғарғы оқу орнына түскендеріне әлі сенбей жүр.

А: сенің ел-жұртта не шаруаң бар. Сен Қайраттың көзіндегі жалындаған отты Мойынқұм ауылының барлық жұрты байқаған. Енді міне, сонау Алматыда студент атанып жүр. Соған шүкіршілік етпейсің бе?

Ә: Шүкір.

Есікті қыз қағады

Ә: кім екен?

Қыз: Сәлем бердік апа, ата.

А: Амансың ба?

Қыз: Сіздерге қуанышты хабарды жеткізуге келдім. Қайратыңыздан хат келді.

А: Қайрат, жарығым, айналайын қызым біздің көз көрмейді ғой, өзің оқып берші.

Қыз: Амандық хат.

Амансыз ба анашым? Амансыз ба әкешім? Өздеріңді қатты сағындым. Әскери борышымды өтей салысымен ізінен оқуға түсе салысымен біраз уақыт өтіп кетті. Білем, түсінем Алла жазса алда аламын. Сау болыңыздар. Ұлыңыз Қайрат.

А: Жарығым-ау, Қайратым менің.

Қыз: Солай апа, жаңалықтың жаршысы емес пе? Алыңыз апа, сақтап қойыңыз.

А: Аман бол қызым, ей шал, жүрші қайтадан оқып шығайық.

Кетіп қалады

Отаға інісі мен қыздар шығады


І: Арыстанмын айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт,жерде желмін гулеген,

Жер еркесі жердің жөнін кім сұрар? Қандай тамаша шумақтар десеңізші я? О, Қайрат келді гой.

Қайрат кіріп келеді

Қ: Құрметті студент жастар, біз нағыз қазақтың жастарымыз, Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай: Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін деген емес пе?

І: Дұрыс айтасың Қайрат.

Қ: Ақын болмасақ та? Ақындыққа жақын жастар біздің тобымызда да толып жатыр.Талант текке кетпейді деген осында өлен қасиетін ұғатын жастарды шақырып мүшайрә өткізсек қалай қарайсындар?

Қыз. Мм, бұнын табылған ақыл екен Қайрат, біздін арамызда елін, жерін сүйетін жастар өте көп.

Қ. Кел екуміз бәстесейік мүшәйра ұйымдастырайық, сонда келіп өлендердің көбісі туған жер туған ел тақырыбыда болатынына мен сенімдімін.

І. Ой онда айтайын ау. Қайрат осындай құлпырған қыздарымыз барда ең алғашқы тақырып махаббат лирикасы болмай ма?

Қ. Жарайды достар қасиетті қара өленңің қадірі қай тақырыпта болмасын кемімейді, тек қана жүректкен шықса болғаны.

Студент жүгіріп келеді

Студент: Нағып тұрсындар ана жақта Қонайевты тақтан алып, Колбин отырғалы жатыр. Қазақты біреу басқарат деген не деген сұмдық. Жүріндер жүр.

Қ. Бұл не деген сұмдық? Қазақты біреу басқаратындай қазақ әлі өлген жоқ, жүріндер намысты қолдан таптатпайық.

І. Дұрыс айтасын аға, жүріңдер.


Ректор мен хатшы келеді

Қыз. Кіруге бола ма?

Б. Кір.

Қыз. Бауыржан Рашидұлы, мына Рысқұлбековтың жағдайын бір жақты ету керек. Шақырту керек оны.

Б. Шақырындар.

Қыз. Кіріндер. Әне, өздері де келді, қараңызшы.

Б. Сонымен, алаңға ескертусіз шығып, оның үстіне студенттерді азғырып патриот атанбақшысын ба?
Қыз. Неткен арсыздық, саған кім басшы болса бәрібір емес пе?

Қ.Сізге бәрібір шығар. Кеудемізде ұлттық намысымыз жоқ болса, онда хайуанмен тең болғанымыз ба, жайылған малды кім жайса бәрібір. Ал біз қазақпыз, ұлтпыз, соны сізден түсінуіңізді сұраймын.

Б. Сен мына жалған намысынмен қайда барып онасын сендей бүлікшіні соттау керек. /күледі/

2 Қыз. Сіздер не деп тұрсыздар? Қайраттың қандай студент екенің көріп жүрсіздер ғой. Адамды қаралау арымызға сын емес пе?

Қыз. Хх кім біледі мүмкін, сен Қайратқа бізден гөрі жақын шығарсын?

2Қыз. Сіз, сіз.

Қыз. Қарашы өздерін.

Б. Сені Совецкидің өліміне қатысы бар деп іздестіріп жатыр.

2Қыз. О,о, алаңға шыққанын аздай, енді кісі өлтіргіш атанғансың ба? /күледі/

Қ. Адам өлтіргенім жоқ, қазақтын қайсар қыздарын шаштарынан жұлмалап, мұзға отырғызып сабап жатқанда, қарап тұра алмадым. Сізде қазақсыз, менім орынымда болсаңыз, қазақтын қыздарын азаптап жатқан кезде, қарап тұрар ме едіңіз?

Б. Қалай сайрайтыныңды сот шешеді, әзірге боссыз.

2Қыз. Мұны хаттамға жазып қойумыз керек. Жүріңіз өзінің ұлтшылдығын қарашы.

Кетіп қалады. Сахнада әкесі мен анасы радио тыңдап отырады

Автор: Алматы алнындағы дүрбелен басылар емес. Колбинді тақтан тайдырмақшы болған қазақ жастарынның екпіні басылмады. Советцкидің өлтіруіне тікелей қатысы бар деген айппен сәулет және құрылыс институтының 1-ші курс студенті Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы іздестіруде.

А. Мына, мына не деп тұр. Біздің ұлымыз не кісі өлтіруші ме?

Ә. Жоқ, жоқ өлтірген жоқ шығар ол жалған жала.

А. Бұл не деп тұр. Біздің құлынынмыз мұндайға барама.

Балалары кіріп келеді

А. Біреу келді ау деймін. Балаларым келді.

І. Анашым сағындыққой сізді. О, әкетайым, қалыңыз қалай?

А. Аман екенсің ғой.

Қ. Неге мұңайып отырсыздар? Бірдеме болып қалдыма?

А. Қайрат Алматыдағы дүрбеленде сені кісі өлтірді деп айыптап жатыр ғой, балам.

Ә. Тәйт әрі, кісі өлтірген емес, бұл жалған жала.

Милиция кіріп келеді

А. Бұл не сұмдық.

І. Кім болды екен?

М. Рысқылбеков Қайрат Ноғайбайұлы осы үйде тұрама? Шық бері, сені Совецкиді өлтірген үшін жазалаймыз.

А. Қайрат, Қайрат балапаным – ау.

І. Алматыдағы дүрбелен, әке Алматыда дүрбелен болып жатыр, анашым, анашым, қойыңызшы, жоқ ол жала кісі өлтіруі мүмкін емес қой, Қайраттан мұндай шықпайды ғой. Анашым жыламаңызшы болды, өтінем, жүріңіз жүрінізші, анашым.

Камераға алып келеді

М. Сен, Совецкиді өлтірдің бе? Мойында. Ақ жастарды алаңға шақырған сенбе? Мойындамайды ғой мына сүмелек. Мойында деймін саған. Ей саған 2 сағат уақыт береміз, мойында.

Қ. Ешкімді де өлтірген жоқпын, жала, ағатай, ағатай мында келіңізші.

Ағай.Жоқ жоқ болмайды.

Қ. Ағатай өтінем сізден, жазылған мына мекен-жайға жеткізсеңіз болғаны. Ағатай өтінем алыңызшы.

Ағай. Жоқ болмайды біліп қойса басым кетеді ғой

Қ. Ағатай өтінем, сізден. Соңғы үмітім сізсіз, алыңызшы.

Ағай. Жарайды.

Қ. Рахмет сізге

А. Бірақ мен сені көрмедім сен мені көрмедін.

Қ. Жарайды, рахмет ағатай.

Милиция кіріп келеді

М.Өй, мына иттін баласы жатқан түрін қарашы. Тұр, тұр, тұр – е.

Қайрат ортаға тұрып

Автор:

Құрметті қарагөз қарындастар мен жылы жүзді жеңгелер, анашым менім. Шын жүрек ақ көңілмен алғашқы көктемнің күлімдеген мерекесі 8-ші март халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

Қамқоршы қайын және ағаларым

Жәрдем берер жағаларым

Қыздар үшін тарқа басқа

Келіп түсті тұлпарларын.

Асыл анашым мына хат сендердің қолдарына жетір жетпесін кім біледі? Егерде жетсе сендерді жақсы көретінімді айтқым келеді, сенің ақ сүтіңді ақтай алмай кететініме өкінемін, әттен, сенші маған анашым, жаман еш нәрсе істеген жоқпын, кісі өлтірді деп жатқандары жала. Менім айыбым ұлтымыздың намысын таптатқым келмегені. Алаңға шыққан әрбір қызды өзімннің қарындасымдай көрдім. Оларды мұзға отырғызып, шаштарынан жұлып, үстеріне су шашқанда, ағатайлар қөмектесіндер деп құлын дауыстары шыққанд,а ет жүрегім езілді. Уақыт өтер, бәрі өзгерер әрі, еліміз егемендікке қол жеткізсе, бейбіт заман орнайтынына сенемін. Қош бол анашым, қош бол қарындастар, қош бол халқым менім.

Анасы жылап айтады

А. Ботам құлыным ау кішкентай ғана балапаным, балапаным ау, құлыным ау ботам-ау.Сен мені тастап кеттің бе? Құлыным –ау,ботам-ау,ботам –ау, балапаным менің.

/Шымылдық жабылады/

Автор:

Міне, қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Ата – бабамыз ат үстінде жүріп қасы қаны қалғанша елімізді, жерімізді қорғап, бізге тәуелсіздікті алып берді. Еліміздің тыныштығы, көк туымыздың желбіреп тұруы, әсем құлпырған Астанамыздың болуы, өзіміз тұратын Арқалықтың гүлденіп өсуі, осындай жерде туып – өскен қазақ баласының жүрегі «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» деп соғуы керек.


/Шымылдық ашылады/

/сахнада ағаш тұрады, екі қыз шығып,

«ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫ» МОНОЛОГЫН ОҚИДЫ





Диана

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Гүлфайруз

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,

Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.

Гүлфайруз


«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың, ұланым.

Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша,

Керең болып қалмады екен неге менің құлағым.

Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным»


Гүлфайруз


Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубат, дүлей маусымнан.

Жасып қалған шақтарымды жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Диана

Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең...

Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.

Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ,

Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен.


Гүлфайруз


Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРКІНДІГІМ» КОМПОЗИЦИЯСЫ

Гүлфайруз

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік, қош келдің!

Райхан

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған, Оған да!

Мади

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшеңді!?

Гүлфайруз

Уа, еркіндік!

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Райхан

Ей, Астана! Сен деген туған елдің жүрегісің,

Өзіңнен бастау алар өрелі ісім.

Шаhарлар толып жатыр, бірақ та сен,

Бәрінен бірегейлі, бөлегісің.


Нұрсұлтан

Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілерсің,

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,

Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім.


Гүлфайруз

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

Ән: «Менің Астанам!»