«Бегім Ана» балабақшасы
«Табиғат Ана»
(табиғат байлықтары құм мен су)
Тәрбиеші: Жидебаева А.С
Қызылорда 07.09.2018жыл
Күні: 07.09.2018ж
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Табиғат Ана»( табиғат байлықтары құм мен су)
Мақсаты: Балаларға су мен құмның өзіндік ерекшеліктері болатынын түсіндіру. Судың тіршілік көзі екенін, пайдасын, маңызын, қасиеттерін түсіндіру,тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.Қоршаған ортаны қорғау суды ластамауға, ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу. Құмнның ерекшеліктерімен оның қасиеттері жайлы мағлұмат беру құммен тәжірибе жұмыстарын жасау барысында бақылағыштық сезімдерін ояту.
Әдіс-тәсілдері: Ойын, сұрақ-жауап, тәжірибе жасау жұмыстары әдістері.
Көрнекіліктері: Тәжірибе жұмыстарын жасауға қажетті құралдар.
Оқу қызметі барысы:
Сәлемдесу:
Үш тілде келген қонақтармен сәлемдесу.
Балалармен бірге жұмбақ шешу.
Жұмбақтар:
Таңмен көзін ашады.
Әлемге нұрын шашады
(Күн)
Сатайын десем ауыр кілем
Сатпайын десем тәуір кілем
(Жер)
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды,
Сақтамасаң- қорын тек,
Барша тірлік қурайды.
(Су)
Балалар сендер мен жасырған жұмбақтардың жауаптарын дұрыс таптыңдар, бұл жұмбақтың жауабы табиғат құбылыстары туралы болатын.Бүгінгі оқу қызметімізде су мен құмнның өзіндік ерекшеліктері жайлы әңгімелесеміз,және зерттеу жұмыстарын жүргіземіз.
Балалар «су» деген сөзді естігенде көз алдарыңа ең бірінші не елестейді?
Суды адамдар не үшін пайдаланады?
Жануарлармен өсімдіктерге су не үшін керек?
Судың пішіні болама?
Жарайсыңдар балалар.
Сұрақтарға толық жауап бердіңдер.
Су т үссіз, иіссіз, дәмсіз болып келеді.Су тіршілік көзі деп аталады, судың үш түрлі күйі болады.Мұз, бу, су.
Су тамшыдан бірігіп шағын үлкен көлдер өзендер теңіздерді құрайды.
Құм қасиеті.
-Бізге құм не үшін керек?
-Оның қандай пайдасы бар?
ҚҰмның су секілді бізге берер пайдасы көп екен. Оның өзіндік ерекшеліктері болады. Сендер менімен берге сол ерекшеліктерді табуға көмектесесіңдерме?
Жарайды балалар олай болса бастайық.
Тәжірибе жұмыстарын бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік.
Тазалықты сақтаймыз
Достарымызға кедергі жасамаймыз
Достарымыздың заттарна тиіспейміз
Артқ қимыл жасамаймыз
Қолымызды ылғалды сүрткішпен сүртеміз.
Жарайсыңдар, тәжірибе жұмыстарын жасауға дайын болсақ бастайық.
І жұмыс: Құмның түрлері:
1 ыдыстағы құрғақ құм
2 ыдыстағы ылғал құм
Құрғақ құм қандай?
Ылғал құм қандай?
Оларда иіс болама?
ІІ Жұмыс. Екі құмның ерекшеліктері
1 ыдыстағы қрғақ құм лупамен қарағанда бөлшектерге бөлінген майда түйіршіктерден тұрады.
2 ыдыстағы ылғал құм біріктірілген.
ІІІ жұмыс: ҚҰҚмның түстеріне сипаттама:
1 ыдыстағы құрғақ құм ашық сары түсті
2 ыдыстағы ылғал құм қою қоңыр түсті
ІҮ жұмыс: Құмның қасиеті екі құмды бөлек ыдысқа баронка арқылы алып көру, және оларға су құю.
Ерпекшеліктерін балалар атайды, құрғақ құм тез ағып кетті, және су құйғанда араласып кетті.
Ү жұмыс: «Құиның бетіне бейне жасау»
1 ыдыстағы құрғақ құмға бейне түспейді себебі ыдырап кетеді
2 ыдыстағы ылғал құмға бейне толық әдемі болып түседі, себебі біріктірілген.
ҮІ жұмыс. «Құмның салмағы, таразы арқылы өлшеп көру»
1 ыдыстағы құрғақ құм жеңіл,және үрлеуге ыңғайлы.
2 ыдыстағы ылғал құм ауыр, ұрлегенде ауыр қозғалмайды.
Жарайсыңдар балалар, сендерге құммен жасалған тәжірибе жұмыстары ұнады ма?
Оқу қызметін қорытындылау.Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиде:
Не білді: Табиғат байлықтарының қасиеттерін олардың адамға тигізер пайдаларын.
Не игерді; Құм мен сумен тәжірибе жұмыстарын жасау барысында қызығушылық танытып жақсы қатыса алды.
Не жасай алды: Құммен жасалған барлық тәжірибе жұмыстарына қызығушылықпен қарап орындады.