Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні/Дата проведения: 21.11.2019
Тәрбиеші/ Воспитатель: Смағұл П.А
Білім беру саласы/Образовательная область:Әлеуметтік орта
Пән/Предмет: Қоршаған ортамен таныстыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Техника және біз»
Тақырыбы/Тема: «Табиғатты аяла»
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная:Тазалыққа ,ұқыптылыққа қайырымдылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық – развивающая: Табиғатты аялай білсек табиғатта бізге өз сияпатыгн аямайтынын түсіндіру.
Оқытушылық - обучающая : техника және табиғаттың байланыс тығыздығын онын пайдасы туралы жалпы білімдерін бекіту
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Денсаулық технологиясы, ойын әдісі
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: бөлме гүлдері, гүл қопсытқыш, табиғаттың суреті.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:
Бірақ бұл не?Біреу жылап жатыр ма?Орманда бір жамандық болды ма?(алаңға қасқыр,тиін,кірпі жүгіріп шығады)
Қасқыр: орманға біреу келіп, аюды атпақ болды.Аю қатты ренжіп, бақырып жылады.Ой-ой-ой!
Тиін:Орманда жаңғақ теріп жүр едім.Бір тәртіпсіз бала келіп саңырауқұлақтарды теуіп, езіп, жаңғақтарымды жарып кетті.(көзін уқалап жылайды)
Кірпі:Бұл не сұмдық түсінбедім?Кім маған жауап береді?Неге аққайың жылап тұр? Себебі бір ақылсыз бала аққайың бұтағын сындырып, шырыны енді ағып тұр.
Тәрбиеші: Балалар, бізге енді бәрі түсінікті.Орман тұрғындарын біреулер ренжітіпті.Оларға көмектесу керек.Біз сендермен жас құтқарушылар боламыз!Орманды қорғап қаламыз.
(орман және айнала қоқыс шашылған сурет ілінеді)
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Суретпен жұмыс.
-Біз не көріп тұрмыз?Міне, неге аңдар қатты жылады.Біздің орманымыз қоқысқа толы.Қоқыс қайдан келді?Аңдар жыламау үшін, бізге «рахмет» айту үшін не істеу керек?
(балалар жауабы)
-Жарайсыңдар, балалар.Сендер табиғаттағы қорғауды білесіңдер.Ал басқа адамдарға үйрету үшін не істеу керек?
(ескерту белгілерін іліп қою керек)
-Бұл суреттерде не көріп тұрсыңдар?Жалпы бұл суретті қалай атауға болады?
Неге бұл суреттерде машина, үйлер, ойыншықтар бейнеленбеген?Кім үй салады, машиналар жасайды?
Қорытынды: ендеше, адамның қолымен жасалған заттарды табиғат деп атай алмаймыз.Ал, табиғат дегеніміз не?Табиғат-адам қолымен жасамаған, бізді қоршаған орта.Табиғат-бұл біздің тұратын үйіміз.Орман, ағып жатқан өзендер, көлдер.Ашық аспан астында,жарқыраған күннің астында өмір сүреміз.
-Тірі табиғат деп нені айтамыз?тірі табиғат-туады, өседі, өледі: өсімдіктер мен жануарлар, ал қалғаны-өлі табиғат:құм, тас, су, бұлттар.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: көп-много, аз-мало.
Сергіту сәті:
Бұтақтарды сындырмай
Тазалықты сақтаймыз
Гүл өсіріп су құйып
Табиғатты қорғаймыз
Жеке жұмыс: Айлана мен Алишерден табиғат тақырыбына байланысты сұрақтар қоямын?
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
«Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын
Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып,алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Балалар, біз табиғат туралы айттық. Сендерге ұнады ма! Барлығың да бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар