СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тағамдар мен сусындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

м

Просмотр содержимого документа
«Тағамдар мен сусындар»













Сабақтың тақырыбы: «Тағамдар мен сусындар»

№4-ортаңғы топ

2019-2020 оқу жылы










Сабақты дайындаған: Көкшетау қаласы №9 «Қарлығаш» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі

Сексенбаева Айгуль Балгужиевна
























Сабақтың тақырыбы: «Тағамдар мен сусындар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балалардың сөйлеу мәдениетіне, өзінше ойын білдіруге, біреудің пікірін тыңдай білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету. 
Дамытушылық:Өткен сабақты қайталау арқылы, балалардың тіл байлығын арттыру. 

Тәрбиелік: Отанын сүюге тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім

Сабақ барысы. 
І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу

ІІ.Шаттық шеңбері

ІІІ.Сұрақ-жауап (интербелсенді тақта арқылы)

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде ауа райында қандай құбылыстар болады?

-Күзде неше ай бар?

-Қазір қай ай?

-Бақшада адамдар күзде не жинайды?

-Балалар айтыңдаршы сендер қай республикада тұрасыңдар?

-ҚР Елбасы кім?

- ҚР рәміздерін ата

- Елорда қай қала?

Сергіту сәті: «Мынау менің жүрегім»


ІV.Негізгі бөлім

Біз бүгін сендермен «Тамақтар мен сусындар» тақырыбын қайталаймыз.

Мына таСуретте не көріп тұрсыңдар?


ІV. Қазір мына автобусқа отырып, қонаққа барамыз

Ал кімге баратынымыз, бұл құпия. Балалар автобусқа мінеді.

«Автобус» әні. (Балалар мұғаліммен бірге қимылды қайталайды )


V. Карлсон балаларды қарсы алып, дастарханға шақырады

Тәрбиеші: Карлсон бізге мынадай тапсырма берді.


VI.Балалалар слайдтағы сурет арқылы дастархандағы тағамдарды айтады,сипаттайды. (Балалардың толық жауап беруін қадағалау)


Мынау-нан. Нан ұннан жасалады. Нанның қоқымын шашпайды.

Мынау-сүт. Түсі-ақ, сұйық. Сүтті сиыр береді

Мынау-май. Май сары, жұмсақ. Майды нанға жағып жейді.

Мынау-айран. Айран –ақ. Айран сүттен жасалынады

Мынау-шырын. Шырын жеміс-көкөністерден жасалынады

Мынау- ірімшік. Ірімшік тәтті,жұмсақ

Мынау- жұмыртқа. Жұмыртқаны қуырып, пісіріп жейміз. Ол- домалақ.


Тәрбиеші: Карлсон сендерге тағы мынадай ойын алып келіпті.

VIІ.Ойын: «Не артық?»

Ет, сүт, шанышқы,айран

Шырын,қасық,нан,май

Қасық, шанышқы артық. Олар- ыдыс


VIII. Дидактикалық ойын: «Дүкенде»

-Сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсіз бе!

- Сіз қандай тағам аласыз?

-Маған ет, сүт, нан, айран беріңіз

- Міне алыңыз

-Рахмет Сау болыңыз!


Х.Ойын:«Тап та, белгіле»

Интербелсенді тақтадағы сурет арқылы жануарлардың не жейтінін табу

Тышқан ірімшік жейді. Ит ет жейді. Мысық сүт ішеді.


ХІ.Алдарыңдағы суреттерге «жейді,ішеді» сөздерін қосып, сөз тіркестерін жасайды

Мен нан жеймін. Мен сүт ішемін. Асқар шырын ішеді.Дима ірімшік жейді.

ХІІ. Қортынды

Тәрбиеші: Балалар, сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін сабақта сендермен тағамдардың түрлерімен таныстық, сөйлестік, ойнадық. Мынадай сергіту сәтімен сабағымызды аяқтаймыз.

Автобуспен балабақшаға барады. Қоштасады.

















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!