СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: " Адалдық адамдықтың белгісі"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

пппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: " Адалдық адамдықтың белгісі"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары 15


Мектеп: «Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мерзiм:

Тақырып: Адалдық адамдықтың белгісі

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Шыншыл болуға тәрбиелеу

Мұғалiм: Маратқызы Ж Сынып: 9 а,б-сынып

Мақсаты: оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту .

Міндеттері :

- адалдық пен шындықтың адами қарым–қатынастағы мәнін түсіндіру ;

- адалдық , шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету ;

- адал , шыншыл болуға тәрбиелеу .

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,дәптер,ақ қағаз,түрлі-түсті қалам

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәтi. « Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

үнтаспа

Үй тапсырмасын тексеру

Абай Құнанбаевтың өлеңін оқу


Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

«Адалдық –ардың ісі»

Халық мақалы


Мұғалімнің сыйы:

«Жақсыға не жаманға»

  1. Достық туралы осы әңгімеден не түсіндіңіздер?

  2. Жақсы мен жаманды ажырату үшін не керек?

  3. Сыныптағы балалармен достық қарым-қатынас туралы айтып беріңіз.


Топпен ән айту:

Қ.Нақысбековтың «Жақсы мінез» өлеңі


Үй тапсырмасы:

З. Шаткиннің «Темірқазық» әңгімесін оқып, талдау.


Оқушылар бір – бірінің қолынан ұстап , шеңбер құрып , « Аман болсын , адамдар » әнімен сабақты аяқтайды . Оқушылар бір – біріне жақсы тілек білдіреді .