СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Құстар біздің достарымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Құстар біздің достарымыз

мақсаты: балаларды құстарға қамқор болуға тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Құстар біздің достарымыз»

«Құстар біздің досымыз»



Мақсаты: балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы,туралы құстар туралы мағлұмат беру.Құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Құстарды қорғай білуге, оларды аялай білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Альмираға жыл мезгілдерін толық айтуды үйрету.

Көрнекілік: Құстардың суреттері

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, үйрету,сұрақ-жауап,мадақтау,қорытынды.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Шаттық шеңбері

Келді көктем далаға

Келді сұлу шағала

Аспандағы ақ құстар,

Айдын көлді арала.



Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын

қайталайды.



.

Іздену ұйымдастыру

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар

-Олар қалай аталады?


-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Олар қалай аталады?


-Көктем туралы кім тақпақ біледі?












Тәрбиеші: Өте жақсы.

-Көктем мезгілінде ұшып келетін қандай құстарды білесіңдер?

Ұшып келген құстарға біз жем беріп,су беріп, ұя жасап беріп қамқор болуымыз керек.Құстардың бізге пайдасы көп олар ағаштардағы құрттарды жейді.Бау-бақшадағы зиянды жәндіктерді жейді.

-Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметімізде қоршаған ортамен таныстыру сабағы.Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

-Балалар бүгін біз дала құстарымен танысамыз.Енді экрандағы суретке назар аударайық.

Слайд: Мынау қандай құс?

Қарлығаштың құйрығы айыр ол туралы аңыз әңгімеде бар.Қарлығаш адамның досы ол көбінесе ұясын үйдің шатырына,үйге жақын жерлерге салады екен.

Мынау қандай құс?

Аққу 30-40жыл өмір сүреді екен.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу.Халық аузына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.

Мынау құстың аты қалай аталады?

Қарғалар балалар санай алады.Олар суыққа төзімді.

Мынау қандай құс?

Торғайдың жер шарына кеңінен тараған 27түрі бар.

Ал,мынау қандай құс?

Тотықұс сөйлей алады.Мыңға жуық сөз жаттай алатынымен ерекшеленеді.

Мынау құсты танисыңдар ма?

Үкі орманда тіршілік етеді.

Мына құс көкек деп аталады.Көкек көктемде ең алғаш ұшып келетін кұстардың бірі ол өз атын шақырады.

Мынау сауысқан.Кіші денелі, түзу ірі қысқа тұмсықты құс.Денесінің көп бөлімі қара-тек кеудесі ақ болады.Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан қазақта оны алақанат сауысқан деп те атайды.

Мына құс-бүркіт.Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді.Аспанда қалықтап ұшып жүргенді ұанатады .Сөйтіп жерден ұсақ тұқымды аңдарды аулайды.Сондықтан бүркітті аңшылар қолда бағып ұстаған.

Құстар туралы біраз нәрсе білдік.Енді осы құстар туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші.


Тәрбиеші: Балалар, егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны аялап ,мәпелеп,бағар едім.

Ал,сендер не істер едіңдер?

Сергіту сәті: «Қазым, қазым қаңқылда»

Ойын: Құстардың тіршілік ететін мекенін тап.



















4 жыл мезгілі бар


Көктем,жаз,күз,қыс

-Көктем

-Көктем мезгілінде үш ай бар

-Наурыз,Сәуір, Мамыр


1-бала: көктем келсе табиғат құлпырады
Жүректерге ғажайып сыр тұнады.
Гүлге толып айнала,күн жарқырап.
Жанарларда қуаныш нұр тұрады

2-бала: Весна весна скоро весна
трава зеленая,
Птиц возвращающихся с юга,
Пчелы гудят
Весна ,весна,наконец пришла.

3-бала: Хеллоу спринг,
Хеллоу спринг,
Хеллоу спринг,
Ви хоп ю хе ту скэй.






-Қарлығаш









-Аққу






-Қарға



-Бұл торғай



-Тотықұс




-Ия. Бұл үкі.





















1-бала: Мен торғаймын торғаймын,

Кел сенімен ойнайын.

Ұлпа мамық жинаймын,

Аязда да тоңбаймын.

2-бала:Ала қанат сауысқанмын

Жауыр атқа жабысқанмын.

Ұзын құйрық сауысқанмын,

Құртты шұқып тауысқанмын.

3-бала: Тысқа шықсам аула қар,

Басып қапты маңайды

Тал басынан қарғалар

Тамашалай қарайды.

1-бала: Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оны жуындырыр едім.

2-бала: Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім.

3-бала: Егер менің қолыма құс келіп қонса мен оның аузына су тамызар едім.

4-бала: Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оның қанаттарын тазалар едім.

5-бала: егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оған бидай берер едім.

Қазым,қазым қаңқылда

Көлге түсіп салқында.

Жем берейін жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?

Жоқ-жоқ,жоқ-жоқ

Кәмпит тәтті болмайды ас

Арпа менен бидай шаш.



























Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау





























































«Бекітемін»

МКҚК №22 «Ақбұлақ» балабақшасы
директоры__________Джаманшалова Г.Н. «___»______________2017





Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырыбы





Дайындаған: №10 «Балдырған» тобы

Тәрбиеші: Абдуллаева С.Э













2017ж