| Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Отаным менің кең - байтақ, Жайнаған сансыз қаласы, Ел - Отан біздің кең - байтақ, Отанның біздер баласы. - Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз қызықты өтпекші, себебі бүгін мереке, бүгін - Президент күні. Оқу қызметінде біз үш топқа бөлініп отырамыз. | Шаттық шеңберіне тұрып қимылмен орындайды. Үш топқа бөлініп отырады. |
| Ұйымдастырушылық- ізденістік | - Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы: «Менің Президентім!» Оқу қызметін бастамас бұрын Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік. Тосын сәт: Слайдтан ғаламшардан келген Томпақ көрінеді. Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді. Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні. | Балалар назары теледидарға аудару. Балалар таңдана қарайды. |
| | Тәрбиеші: Балалар сендер Томпақтың сұрақтарына жауап бердіңдер, енді мен сұрақ қойып көрейін. Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме? - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның әнін жазған кім? Сөзін жазғандар кім? Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық. Сергіту сәті: Балалар әуенмен бір серігіп алайық, шаршаған боларсыңдар. - Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің елбасы, рәміздері жайлы барлығын біледі. - Енді балалар, қазақтың салт - дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа өз қолымызбен естелік жасап берейік. «Астана» тобы – Пирамиданың суретін жапсыру. «Алматы» тобы – Апорт алмасының суретін жапсыру. «Ақтау» тобы – Теңіздің суретін жапсыру. Томпақ: - Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар! Тәрбиеші: Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында! Бүгінгі президент күніне арналған оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз. |
- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.
-Шәмші Қалдаяқов. -Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Сергіту сәтін жасайды.
Жапсыру тәсілі арқылы балалар жұмыс жасайды.
Балалар Томпақпен қоштасады. |
| Рефлексиялық- түзетушілік | -Балалар, бүгін қандай мерекені атап өттік? - Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді? - Томпақ бізге риза болды ма? - Томпаққа сыйлыққа не беріп жібердік? Балалар сұрақтарға жауап береді.
| - Президентін күнін атап өттік. -Томпақ келді. -Ия риза болды. -Қолымыздан жасалған суреттер бердік. |