Ересек «Қуыршақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Менің елімнің рәміздері.
Мақсаты: Балаларды рәміздермен таныстырып, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отан, туған жер, тәуелсіздік, рәміздер, Әнұран,елтаңба,мемлекет,елбасы
Алдын-ала жұмыс: рәміздердің суретін көрсету, әнұран айту
Билингвальдық компонент: Отан-Родина, Тәуелсіздік- незавизимость, Рәміз-символ, Әнұран-гимн, елтаңба-герб, мемлекет-страна, елбасы-президент.
Дидактикалық материал: рәміздердің суреті.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Менің елімнің рәміздері."»
Ересек «Қуыршақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Менің елімнің рәміздері.
Мақсаты: Балаларды рәміздермен таныстырып, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отан, туған жер, тәуелсіздік, рәміздер, Әнұран,елтаңба,мемлекет,елбасы
Алдын-ала жұмыс: рәміздердің суретін көрсету, әнұран айту
Билингвальдық компонент: Отан-Родина, Тәуелсіздік- незавизимость, Рәміз-символ, Әнұран-гимн, елтаңба-герб, мемлекет-страна, елбасы-президент.
Дидактикалық материал: рәміздердің суреті.
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І кезең мотивациялық-қозғаушы | Тәрбиеші балаларға бүгінгі күнді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастауды ұсынады. Ойлануға ұсыну: -Балалар рәміздерді атаңдар? -Дұрыс айтасыңдар! | Балалар әнұранды айтады. -ту, елтаңба, әнұран |
| ІІ кезең ұйымдастырушылық ізденіс | Балалармен мемлекеттік рәміздер жайлы әңгімелесу. Рәміздер суретін көрсету. Рәміздердің әр бөлігін талдату. Елбасы жайлы ақпарат беру. -Біздің Отанымыз? -Иә, тәуелсіз мемлекетпіз -Елбасымыз кім? -Қазақстанның бас қаласы? Тақтадағы рәміздерге назарларын аудару, сұрақтар қою. -Туымызды қараңдаршы, не бейнеленген? -Иә, қыран құс тәуелсіз деген мағынаны білдірсе, күннің көзі бейбітшілік, тату деген мағынаны білдіреді екен. Сергіту сәті: Қазақстан үйіміз Біз Отанның гүліміз Желбірейді туымыз Достық біздің жырымыз -Елтаңбада не бейнеленген? -Иә, дұрыс айтасыңдар! | Балаларда қызығушылық сезімі пайда болады. -Қазақстан Республикасы -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -Астана -күннің көзі, қыран құс және ою бйнеленген Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар тәрбиешімен бірге іс-қимылдарды жасайды. -киіз үйдің шаңырағы, тұлпар бейнеленген |
| ІІІ кезең рефлексивті- түзетуші | Ойын: «Қай бөлігі жоқ» Мақсаты: Балалардың рәміздер жайлы түсінігін бекіту. Бір бөлігі жоқ рәміздерді көрсетіп, тапқан баладан сұрап, талдату. | Ойынға белсене қатысады. |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырту: Рәміздерді, елбасының кім екенін білу
Түсіну: Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу
Қолдану: өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
Ересек «Қуыршақ»тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Кіші сала: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Ат. Декоративтік.
Мақсаты: Жануарды тұтас ермексаздан жасауға, дене пішінің, фигураның қозғалысын дұрыс беруге фигураға тән сипатына қарай саздылықты бере білуге үйрету.Кескішті пайдалана білу дағдысын бекіту.
Алдын-ала жұмыс: аттың суретін көрсету, ол туралы әңгіме өткізу
Сөздік жұмыс: үй жануары, ат
Билингвальдық компоненті: үй жануары-домашные животные, ат-лошадь
Дидактикалық материал: үй жануарларының суреті, ермексаз
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті. |
| І кезең мотивациялық-қозғаушы | Балалар үй жануарларға нелер жатады? Үй жануарларының суретін көрсету, олардың қандай пайдасы бар? -Үй жануарларының төлдерін сұрау? | Балалар үй жануарларын атайды. Суретке назар аударып, олардың әрқайсысы қандай пайда әкелетінің түсіндіреді. Үй жануарларының төлдерін атайды.. . |
| ІІ кезең ұйымдастырушы-ізденушілік | Балалар біз сендермен жайлауға серуенге барамыз. Жайлауда қандай үй жануарларын көріп тұрсыңдар? Олар жайлауда не істеп жүр? Енді топқа қайтамыз. Жайлауда көрген атты мүсіндейміз. Ен алдымен аттың дене бөліктерін атап өтейік. Енді атты ауада мүсіндеп көрейік. Атты мүсіндеу үшін тұтас ермексазды пайдаланамыз. Аттын басын, содан мойынын шығарамыз. Құлақтарын жасаймыз. Мүсіндеу барысында жұлу, шымшу пайдаланып, саусақтардың көмегімен дұрыстаймыз. Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Алақанды соғайық, Оң жақтағы балаға, Шапалақты соғайық. Сол жақтағы балаға, Шапалақты соғайық. Жоғары –төмен қарайық, Орымызды табайық. Енді өз беттерінше жұмыс жасаймыз. | Балалар қуанады. Жайлауға серуенге барады. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Жануарлардың жайлауда не себеппен жүретінің айтып түсіндіреді. Аттын дене бөліктерін атап шығады. Ауада мүсіндейді Тәрбиешінің іс-әрекетің мұқият тыңдайды. Тәрбиешінің іс-әрекетін бақылайды. Сергіту сәтін жасайды. Өз беттерінше жұмыс жасайды. |
| ІІІ кезең Рефлексивті-түзеуші | -Балалар біз бүгін нені мүсіндедік? -Қандай тәсілдерді қолдандық? -Кескішті не үшін қолдандық? | Балалар қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырту:Үй жануарлары туралы түсінік.
Түсіну:Жануарды тұтас ермексаздан жасау.
Қолдану: Аттың дене мүшесін, тұлғасын мүсіндей алу.