| Мұғалімнің сыйы: «Әдепті сөз» Ә.Табылды Асан атам: «Әдептілік сөзден білінеді. Әділет ағаңа ұқсап, әдепті сөзді үйреніп ал, балам»,- деп маған өсиет айтады. Ағатайым институтта оқып жүр. Ол жақында каникулға келді. Мен оның әрбір ізетті, инабатты іс-қимылдарына назар аударып, әдепті сөздерін ұғып, жадымда сақтап, өзім де әдепті сөздерді қолдана бастадым. Әділет ағатайым келем деген уақытынан кешігіп келді. Ол танадай көздерінен нұр шаша күлімдеп, атамды аймалай құшып амандасты: - Кешіріңіз,ата,кешігіп келдім.... - Айыбы жоқ, балам,т«Жолаушының жолы біледі» деген. -Ғафу етіңіз,Сізгетсыйлайтын сый-сыйяпатым да көңілдегідей емес. - Оқасы жоқ,ботам! Маған инабатың мен ілтипатың бәрінен қымбат. - Қош келдіңіз! Қуаныштымын, - дедім мен. Ағатайым бетімнен сүйіп. - Атамның тілін алып жүрсің бе? - деді. - Маған сеніңіз,- дедім мен. - Атасының жанашыр, қамқоршысы, күні ғой бұл жарығым! - деп, атам мені мақтай бастағанда,асыра мақтауды жөнсіз көріп, іштей қысылдым. Кейбір «еркелігім» есіме түсті. Ағатайым шешеммен, әкеммен, аталарыммен кездескенде қандай әдепті сөздер айтады екен деп, оның әрбір қимылына , әсерлі сөзіне ықылас қойып, қасынан қалмай жүрмін. 1.Әңгіменің мағынасы қандай? 2.Әділет кімнен үлгі алып жүр? 3.Адамдармен қарым-қатынас жасауда әдептіліктің маңызы қаншалықты күшті? Шығармашылық жұмыс: «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім тақырыбында шығарма жазу. |