СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Үй құстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Үй құстары туралы түсіндіру және оларды пайдасын

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Үй құстары"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:Коршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Үй құстары. Тауық,әтеш,балапан.

Мақсаты:Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.

Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Құстардың табиғатқа,адамдарға келтіретін пайдасына тоқталу,үй құстарына қамқор болуға,оларды күте білуге тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдер:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.

Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері тауық,әтеш, балапан жұмыртқаның суреті.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық



-Балалар, шаттық шеңберіне тұрып, жұмбақ шешейік.

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.( Әтеш).


Балалар дөңгелене тұрып, тәрбиешінің көмегімен жұмбақ шешеді.

Ұйымдастырушы-лық- ізденістік







1.Үнтаспа тыңдату.

Үнтаспадан үй құстарының дауысын тыңдату.

-Балалар,сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?

-Иә,балалар, үй құстарының дауысы екен?

Дұрыс,тауық,әтеш,қаз, үйрек,балапан және т.б.

-Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атайды?

2.Суретпен жұмыс.

-Балалар, үй құстарының адамға пайдасы өте көп.Олардың жұмыртқасымен еті-тамақ. Бүгін үй құстарының бірі-тауық және оның балапанымен танысамыз.Тауық-ең көп тараған құстардың бірі. Оның балаларын балапан деп атайды.

-Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?

-Балапанның түсі қандай?

-Тауықтарға жем,су береміз.

Тауықтар бидайды жақсы көреді.Міне,балалар,суреттен көріп тұрғандарыңдай,әтештің тауықтанерекшелігі мынандай:оның айдары бар,ал қауырсыны түрлі түсті болады.Тауықты сипап көрейік(жұмсақ ойыншық тауықты көрсету)жүні майда, айдары бар,тұмсығын,қанатын созып көрейік,ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды.Аяғында тырнағы бар екен. Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді. --Үй құстары қалай дыбыстайды?

3.Сергіту сәті.

«Шөжелерім» әнімен орындалады.

4.Үлестірмелі материалмен жұмыс. Шарты: суреттегі тауықтың салынбай тұрған бөлігін тауып жапсыру.

Балалар тыңдайды.Балалардың жауаптары тыңдалады.


Балалар құстардың атын атап,қайталайды.

-Үйде күтіп- баптап өсіретін құстарды үй құстары деп атайды.









-Балапан.

-Сары(суретке қарап айту).

Балалар қайталап айтады.









Үй құстарының

дауысын салады.


-Қыт-қыт.

-Ку-ка-ре-ку.

Балалар қимыл-қозғалыспен айтады.Балалар тәбиешінің көмегімен бірге орындайды.


Рефлексивтік -түзетушілік




Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде оқып үйренгендерін пысықтайды.

Балалар жауап береді.

-Мен құстарды жақсы көремін, мен жем,су беремін т.б.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй құстарымен дала құстарын, олардың аттарын, түстерін ажырата.

Игереді: Тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті.

Меңгереді: Үй құстары және олардың пайдасы туралы білімді.