I кезең- мотивациялық- қозғаушы | Қажетті құрал-жабдықтар:Екі түрлі кесе ,кружка,ермексаз, тақтай, шүберек орамалдар /дымқыл/ Балалар бүгін біз ұймдастырылған оқу іс –әрекетін жұмбақтан бастаймыз: Кесе ,шыны, пиала, Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейді Бәрінің атын не дейді./Ыдыс-аяқ/ | Балалар жұмбақтың жауабын айтады |
ІІ кезең- Ұйымдастырушылық ізденушілік | Балалар өленде қандай ыдыс туралы айтылған? Сендер кесемен шәй ішкенді ұнатасындар ма? Сендердің ойыншықтарың да кесемен дәмді ішкісі еледі. Бірақ мұндай ыдыстар жоқ.Біз оларға кеселер жасап берейік. Кесе өнердің қай түріне жатады? Ол неден жасалады? Саз балшықпен жұмыс істейтін шеберлерді көзешілер деп атайды. Біз бүгін көзешілер боламыз. Мынау -біздің шеберханамыз.Мен шебер боламын және шәкірттерімді өз ісіме баулимын.Сендер шәкірттерсіңдер .Мұқият тыңдаңдар. Тақтада улкен кесе суреті немесе макеті ілулі Алдымен кесені қарап аламыз.Оның кішігірім жалпақ табаны бар болғандықтан орнықты болады.Ыдыстың қабырғалары жұқа,тұйық кеңістік құрайды.Олар жоғарыға қарай түседі.Кесенің сырты теп-тегіс. Кесені қалай мүсіндейміз? Алдымен оған қандай көлем береміз? Енді екі қолдың бас бармағымен \қалған саусақтарымен денені ұстап тұрамыз\ортасын шұңқұрлаймыз да, ермексазды сыртқа қарай тартамызТақтайдың үстіне қойылған затты ақырын айналдыра отырып, жұмыс істейміз.Кесенің қабырғаларын жұқалап , ішін ойыңқы жасаймыз. Кесенің ішкі ортасын тақтайға қарай батырыңқырап, түбін келтіреміз.Кескіштің көмегімен жиектерін тегістейміз. Кесенің жан-жағын қалай тегіс етуге болады? Сергіту сәті Жұмысқа кіресеміз. Жұмыс барысында көмек қажет екендерге қол ұшын беремін балаларды бұымның сыртын дымқылдай отырып , тістеуін қадағалаймын | Балалар кесе екнің айтады. Ия ұнатамыз. Балалардың өзара қызығушылықтарын танытады. Балалардың жауаптары Балалар мұқият тындап, орындайды. Балалар сипап көріп, көздері жетеді. Шар. Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді. Қатты нөсер басылды, Күн жарқырай ашылды, Неше түрлі әдемі, Кемпірқосақ жасалды. Шүберекпен дымқылдап, саусақпен жайлап саламыз |
III кезең- Рефлексивті- түзеуші | Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетін сонында жұмыстын сапасын бағалаймыз Шәкірттерді мақтаймын және бекіту үшін сұрақтар қоямын.Біз бүгін не жасадық? Ол неге жатады? | Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап беру арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды |