Ортаңғы «Қуыршақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:25.09.18ж
Тәрбиеші:Абенова М.К.
Білім беру саласы: «Таным»
Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»
Пән:Қ.м.ұ.қ.
Тақырыбы: 2 саны мен сан белгісі
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: Балаларды топта жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қарапайым түсініктерді айтып дағдыландыру.
Оқыту: 1 және 2, 2 және 2 заттарды салыстырып тең, тең емес екенін анықтауға үйрету және оны сан белгісімен белгілеу.
2 сан белгісімен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Ресустармен қамтамасыз ету: Сандар, текшелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар, жемістер, ойыншықтар.
Блингвальдық компоненті : екі-два
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар мына суретте не бейнеленген?
Мынау гүлдін үстінде неше көбелек қонды?
Қараңдаршы мынагүлдің қасында неше көбелек ұшып жүр?
Балалар осымен бір санын біз толық ұғындық.
Ернар бір санының таңбасын көрсетіп, қоя ғой.
Өте жақсы, керемет
Негізгі бөлім:
Ал, енді балалар мына суретке назар аударайық.
Суретте қанша алма?
Суретте қандай айырмашылықты көріп тұрсыңдар?
Түстері қандай?
Жасыл түсті алма нешеу?Қызыл түсті алма нешеу?
Өте жақсы.
Мына суретке көңіл бөлейік
Қанша алмұрт бейнеленген?
Қандай айырмашылық бар?
Түстері қандай?
Сары түсті алмұрт нешеу?
Жасыл түсті алмұрт нешеу?
Өте жақсы, керемет балалар.
Балалар, бүгін біз бір санының көршісімен танысамыз, одан бұрын мына суретке көңіл бөлейік.
Біз айтқан гүл қасында бір көбелек ұшып жүрді, біраз уақыттан кейін тағы бір көбелек ұшып келді, нешеу болды?
Дұрыс, екеу болды.
Тағы бір мысал келтірейік – мынау не?
Дұрыс, алма, ол нешеу?
Дұрыс, біреу
Қасына тағы бір алма қойдық, алма нешеу болды?
Дұрыс, екеу болды.
Сонымен екі санының таңбасымен танысайық (көрсету)
Қараңдаршы 2 – саны неге ұқсайды?
Дұрыс, аққу құсының мойнына ұқсайды.
Санау ретімен таныстыру:
Тура және кері санау
Солдан оңға қарай санау – тура
Оңнан солға қарай санау – кері
Сонымен екі саны бір санынан кейін тұрып, «көршісі» деп аталады
Сергіту сәті:
Аспанға қарайық
Күнге
Қолды созайық
Құстар қалай ұшады?
Қанаттарын қағады
Құстар қонады
Құстар су ішеді
1-2,1-2 құс аспанға ұш.
«Ойлан ,айт»Логикалық есептер (ауызша)
2 алманы бақтағы
Кірпі барып жинады ең әдемі тәттісін
Түлкіге ол сыйлады
Кірпіде қанша алма қалды?
2.
Сатып 1 сәбізді,қойды үйрек себетке,
Тағы қосса біреуін,нешеу болмақ әдетте?
3.
Торғайларды санайық
Ағашта 2 торғай қонып тұр еді,
Ала мысықты көріп
1 торғай ұшып кетті
Ағашта қанша торғай қалды?
2.Кірпі орманда өзіне 2 санырауқұлақты теріп алды.
1 санырауқұлақты тиінге сыйлайды
Кірпіде қанша саңырауқұлақ қалды?
3.Ерназарға папасы 2 алмұрт әперді
Ерназар 1 алмұрты кіші ағасына берді.
Қанша алмұрт қалды Ерназарда?
(сандарды көрсетеді)
Жарайсындар тапсырманы дұрыс орындадындар
Қорытынды.Балалар жарайсындар логикалык есептерді жаксы орындадық.
Біз бүгін қай санмен таныстық?
Қанша бірліктен тұратынын анықтадық,логикалық есептерді шығардық.