Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Көңілді аққала»»
Екінші кіші Шаңырақ тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Есмагулова Г.С
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: Жанымдағы ғажайып (Өлі табиғаттың құбылысы)
Тақырыбы: «Көңілді аққала»
Мақсаттары:
- Тәрбиелік: балаларды қамқорлыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
- Дамытушылық: балаладың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Оқыту: Балаларды қардың қасиетімен таныстыру. Балаларды тәжірибе жасауға ынталандыру.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру Ресурстармен қамтамасыз ету: қыстың, аққаланың суреттері Билингвалдық компонент: қыс-зима, аққала-снеговик
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі
Қарды ұсынып бір-бірлеріне жылы жүрекпен өз тілектерін айтады.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
ІІ. Негізгі бөлімі
- Балалар енді мына суретке қарап қай мезгілге байланысты, балалар не істеп жүр екен әңгіме құрастырайық. Суреттер: Аққала, коньки, шаңғы,
-Балалар біз қыста қандай ойындар ойнаймыз?
-Бұл суретте не көріп тұрсындар?
-Балалар не істеп жатыр?
-Қандай ойындармен ойнап жатыр?
-Қандай киім киінген,жеңіл ма әлі қалың ба?
-Кім маған сурет бойынша әнгіме құрастырады?
- Дұрыс айтасыңдар енді орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Орнымызға отырайық.
- Жақсы балалар сендер қыс мезгілін білдіңдер.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын, кім шешуін табады екен.
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады (Қар)
Тақпақ жаттау
Жасап қардан сырғанақ,
Астымда шанам сырғанап,
Құламадан құлдырап,
Ағып барам зымырап
ІІІ. Қорытынды:
- Енді балалар ойын ойнайық
Д. о «Ойлан тап»
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қандай айлар?
- Ақпан қыстың нешінші айы?