Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Қыс қызығы»
Ересек тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: Коммуникация Пән: Көркем әдебиет Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді» Тақырыбы: Қыс қызығы. Тәрбиелік: Қыс мезгіліндегі ұлпа қарлар мен ойнау,шана мен сырғанау қызығушылығын арттыру. - Дамытушылық: Баланың ойлау қабілетін тіл байлығын дамыту.
- Оқыту: Қардың қасиеттерімен таныстыру. Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру. Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, Билингвалдық компонент: пішіндер-фигуры, шаршы-квадрат
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Сәлемдесем әрдайым,
Үйде және көшеде,
Тіпті сәлем деймін мен
Тауыққа көрші үйдегі
Салемет пе, шуақты күн көктегі!
Салемет пе,нұлы аспан көкпен гөк!
Салем, самал жел желпіген!
Салем, менің достарым!
Салемге еріну,
Бізде әсте болмайды.
Балалар шеңбер жасап тұрып, тақпақты қимылмен көрсетеді. Көңіл күйлері көтеріліп, жылы лебіздер білдіреді.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік. - Айнала қандай - Қар қандай? - Ауа қандай? - Терезелерде не бар? - Қыс қандай болады? - Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады? - Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
Балаларды тіл дамыту орталығына шақыру.
Ойын тапсырмалар:
1. «Сөйлем құра» суреттер арқылы сөйлем құрау.
2. «Жақсы-жаман» қыс мезгіліне талдау жасайды.
Сергіту сәті:
Боран соқты оң жақтан,
Боран соқты сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Балалар көздерін жұмып, көз алдарына «қыз» мезгілін елестетеді.
- Ақ, суық
- Салқын
- Қырау
Қарлы, боранды, аязды
Қыс мезгілінде
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.
Жерді қар басады. Өзенді мұз басады.
Құстар ән салмайды. Ағаштар өспейді.
Жәндіктер тығылып қалады.
Адамдар қалың киінеді. Желтоқсан – жыл аяғы қыстың басы ол, суық, ызғарлы болады.
Қаңтар – жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай. Бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық дүлей борандар болады.
ІІІ. Қорытынды. - Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Біз не үйрендік?
- Көңіл-күйіміз қандай?
- Қыс мезгілі қандай?
- Ауа райы қандай?
- Қысқы ойындар қандай?