Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық »
Бөлімі: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Балабақша»
Тақырыбы: «Түрлі түсті пирамида»
Мақсаттары:
Тәрбиешілік:
Пирамида туралы түсінік беру; түстерді дүрыс ажыратуға , шығыршық доңгелектер жасауды үйрету; ұқыпты және таза жүмыс істеуге дағдыландыру. ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Оқыту:
Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Әртүрлі пирамидалар,үлестірмелі материалдар,ермексаз,тақтайша,сулық.
Билингвалдық компонент: түрлі-түсті пирамида-разноцветная пирамида,ойыншықтар-игрушки.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жумбақ жасыру.
Түрлі түсті ойыншық,
Коздің жауын алады.
Ол не?.
Балалар ойланады,жауабын айтады.
-Пирамида.
2. Негізгі бөлімі:
Тәрбиеші балаларға әртүрлі пирамидаларды көрсетеді.
Пирамиданың төменде үлкеннен басталып,жоғарлаған сайын кішірейе беретініне назар аударады. Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Сурет бойынша жұмыс:
-Балалар,маған пирамидалардың төменнен жоғары,содан кейін жоғарыдан төмен қарай орналасқан түстерін айтып беріңдерші.
Балалар пирамида дөңгелектерінің түсін атайды,санайды.
-Аю пирамидасында неше түс?
-Аю пирамидасы 5 түсті.
-Қоян пирамидасында неше түс?
-Қоян пирамидасы 4 түсті.
-Қайсысында түс көп?
-Аю пирамидасында түс көп.
Дидактикалық ойын «Пирамида құрастырайық».
Ойын барысы:
Екі пирамиданың ортасындағы білігін бір-екі метр қашықтыққа қояды.
Балалар 2 топқа бөлініп ойын ойнайды. Пирамида сақиналарын білікке лақтырып кигізеді
Тәрбиеші:
Балалар,енді осындай пирамидаларды өзіміз жасап көрейік. Тәрбиеші көрсете отырып,жұмыстың орындалу барысын түсіндіреді. -Ермексаздың әр түсті,көлемі әртүрлі (үлкеннен бастап біртіндеп кішірейе береді) бөлігін аламыз.
Олардың көлемін анықтау үшін ең үлкен ермексаздан кішкенесіне дейін ретімен қойып шығамыз.Енді осы домалақты алақанымызбен басып жалпақтаймыз.Ортаңғы сақиналарды кигізетін білікті есу арқылы жасаймыз.Білікті жалпақ дөңгелекке орналастырамыз.Әрі қарай үлкенінен кішісіне қарай әртүлі түстен бірнеше сақина жасап,оны кигіземіз.Ең басына қонжықтың немесе қоянның басын орналастырамы.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Балалар пирамиданы жасауға ынта білдіреді. Жұмыстың орындалу барысын тыңдайды. Балалар жұмысты бастайды,ермексаздан жасаған сақиналарын үлкеннен кішкентайына дейін қойып шығады. Соңынан қонжықтың,қоянның басын жасап,ең ұшына орналастырады
Билингвалдық компонент:
түрлі-түсті пирамида-разноцветная пирамида,ойыншықтар-игрушки.
3. Қорытынды:
Тәрбиеші балалар жұмыстарынан « Құлақтары бар пирамидалар» атты көрме ұйымдастырады. Балалар өздері жасаған пирамидаларды қарайды,өз ойларымен бөліседі