1-нұсқа
1. Бақта 3 көбелек 2 ара ұшып жүр. Гүлге бірінші болып көбелектің қону ықтималдығын табыңыз:
А)
В)
С)
Д)
Е)
2. 3, 7, 11, 15, 19, ..., ..., ..., 35, 39, 43 сандар тізбегінің заңдылығын анықтап, арифметикалық ортасын тап.
А) 17 В) 15 С) 19 Д) 23 Е) 21
3. Кітап үшін 200 тг және оның құнының
-ін төледі. Кітап қанша тұратынын тап.
А) 400 тг
В) 250 тг
С) 300 тг
Д) 350 тг
Е) 310 тг
4. Театрда 150 адамның 75-і ер адамдар, 60-ы әйелдер, қалғаны балалар.
А бағаны | В бағаны |
Балалар санының пайыздық көрсеткіші | 10% |
А) салыстыру мүмкін емес
В) А+1=В
С) А=В
Д) АВ
Е) А
5. Тасбақа қандай да бір уақыт аралығында 4 км жолды жүріп өтеді. Егер оның жылдамдығын 2 км/сағ –қа арттырса, онда осы уақыт аралығында ол 4 км-ге артық жол жүреді. Тасбақа бастапқыда қандай жылдамдықпен қозғалғанын тап.
А) 0,5 км/сағ
В) 1 км/сағ
С) 3 км/сағ
Д) 2 км/сағ
Е) 1,5 км/сағ
6. Сахнаға олимпиада жүлдегерлерін сапқа тұрғызды. Мектеп директоры оларды құттықтап тұрып, жүлдегерлердің ішіндегі ең үздігі Асанның оң жақтан санағанда бесінші тұрғанын байқады. Ал математика пәнінің мұғалімі Асанның сол жақтан санағанда тоғызыншы тұрғанына назар аударды. Сахнада қанша оқушы тұрды?
А) 14 В) 5 С) 12 D) 13 E) 9
7. Сандар мен фигуралар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап?
?
216
125
64
27
А) 256 В) 289 C) 343 Д) 484 Е) 512
8. Бірінші цифры 7және барлық цифрлары әртүрлі болатын 3-ке еселік ең кіші үш таңбалы санды тап.
А) 708 В) 702 С) 703 Д) 701 Е) 711
9. Ондық цифрлары бірлік цифрларынан үлкен болатын қанша екі таңбалы сан бар?
А) 90 В) 45 С) 35 Д) 9 Е) 7
10. 13 жылдан кейін 4 баланың жастарының қосындысы 97 болады. 7 жылдан кейін балалардың жастарының қосындысы неше болады?
А) 97 В) 73 С) 84 Д) 90 Е) 77
11. Ахмет сүйірбұрышты және доғалбұрышты үшбұрыштың бұрыштарын өлшеді. Олардың төртеуінің өлшемдері 110°, 75°, 65°, 15°. Сүйірбұрышты үшбұрыштың кіші бұрышы неге тең?
А) 40º В) 15 С) 65º Д) 55° Е) 5°
12. Қарбыз бен қызанақтың салмағы қауынның салмағымен бірдей. Екі қарбыздың салмағы қызанақ пен қауынның салмағына тең болса, қауын мен қызанақтың салмағының қатынасы қандай?
А) 4 В) 3 С) 2 Д) 6 Е) 7
13. Бір газеттің жалпы бетінің саны 48 және оның ішіндегілердің барлығы тек екібеттік қағаздар. Осы газеттен әрбір екі беттігін ашып қарағанда, беттік нөмірлерінің қосындысы қандай да бір тақ санды береді. Ол қай сан?
А) 24 В) 29 С) 49 Д) 13 Е) 47
14. Егер топтағы студенттердің жасы 18 бен 22 жас аралығында болса, мына теңсіздіктердің қайсысы дұрыс болады?
А)
В)
С)
Д)
Е)
15. Мектеп асханасындағы үш тағамнан тұратын түскі астың бағасы 475 тг. Бірінші тағамның бағасы түскі астың 40%-ын, ал екінші тағам 48%-ын құрайды.
А бағаны | В бағаны |
Үшінші тағамның бағасы | 60 |
А) А+8
В) АВ+4
С) А=В
Д) АВ
Е) А
16. Өрнектің мәндерін салыстыр:
А бағаны | В бағаны |
57² - 43² | 62² - 38² |
А) А+1000В
В) А-500
С) А+1000В+1000
Д) А-B1000
Е) А+B
17. 13*26915# тоғызтаңбалы саны72-ге бөлінетіндей *, # символдарының орнына сәйкесінше қойылатын цифрларды тап.
А) 7 және 3
В) 5 және 2
С) 1 және 8
Е) 7 және 2
18. Мерей 100 және 20 теңгелерді қағаз бетіне қойып, айналдыра сызып шыққанда екі шеңбер пайда болды. Үлкен шеңбердің диаметрі 2 см 4 мм. Кіші және үлкен шеңберлердің радиустарының қатынасы 3:4. 20 теңгенің радиусы қанша?
А) 24 мм В) 20 мм С) 18 мм Д) 9 мм Е) 8 мм
19. Қалаға келген 42 туристің 17-сі театрға, 29-ы музейге, 13- театрға да музейге де барған. Қалған туристер футболға барды. Футболға барған туристер санын тап.
А) 12 В) 10 С) 9 Д) 11 Е) 8
20. Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбесінен шығатын қырларының қосындысы 40 cм. Оның биіктігі һ см, ені одан 2 есе, ал ұзындығы 5 есе артық. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін тап.
А) 1330 см³ В) 1440 см³ С) 1250 см³ Д) 1220 см³ Е) 1350 см³
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
С | Д | С | С | Д | Д | Е | В | В | В | А | В | С | Д | Е | B | Е | Д | С | С |
2-нұсқа
1. Ойын сүйегі лақтырылды. Тақ сан түсу ықтималдығын тап.
А)
В)
С)
Д) 0 Е) 1
2. Сандар қатарының медианасын тап: 11, 15, 9, 17, 8, 9, 9, 12, 15, 16, 17
А) 17 В) 8 С) 9 Д) 12 Е) 15
3. Ұлы, қызы және шешесі бірігіп бірнеше теңге жұмсаған. Ұлы мен шешесі 320 тг, ұлы мен қызы 250 тг, қызы мен шешесі 200 тг жұмсаса, барлығы қанша тг жұмсаған?
А) 385 В) 375 С) 300 Д) 480 Е) 750
4.Қандай да бір санға 10·11·12 көбейтіндісін қосқанда 2000 шықты. Осы санды табыңыз.
А) 1680 В) 880 С) 2680 Д) 680 Е) 780
5. Жібек сатып алған кітабы үшін кассирге 1000 тг ақша берді. Кассир оған осы ақшаның
-ін қайтарып берсе, кітаптың бағасын анықта:
А) 840 В) 820 С) 300 Д) 720 Е) 160
6. Жүгіріске 31 спортшы қатысты. Азаматтан бұрын жүгіріп келген спортшылардың саны одан кейін жеткендерінен 4 есе аз. Азамат нешінші орын алды?
А) 5 В) 9 С) 7 Д) 4 Е) 6
7. а-ның мәнін тап:
А) 20° В) 60° С) 50° Д) 40° Е) 30°
8. Төмендегі сандар белгілі бір заңдылықпен жазылған. Заңдылықты тауып сұрақ белгісінің орнына келетін санды анықта. 127, 63, 31, 15, 7, ...
А) 2 В) 1 С) 3 Д) 5 Е) 4
9. Астана мұз айдынында конькиді жалға беру бағасы 1сағатқа 700 тг, ал 1 сағаттан асса, келесі сағатқа 400 тг. Айдос Астана мұз айдынында 2 сағат 15 минутқа конькиді жалға алса, қанша тг төлейді?
А) 1200 В) 1400 С) 1000 Д)1500 Е) 1600
10. 1, 2, 3, ..., 18 сандар тізбегінен барлық жұп сандар, сонымен қатар 3-ке бөлінетін сандардың барлығы сызылып тасталған. Сызылмаған қанша сан қалды?
А) 1 В) 4 С) 6 Д)7 Е) 5
11. Мұхиттың қолында 6 құлып және оларға дәл келетін 6 кілт бар. Кілттердің құлыптарға дәл келетінін анықтау үшін қанша сынау жүргізу керек?
А) 13 В) 14 С) 12 Д) 15 Е) 16
12. Вертолеттің жылдамдығы автомобильдікінен 85 км/сағ артық. Олардың жылдамдықтарының қатынасы 35:18 қатынасындай. Вертолет пен автомобильдің жылдамдықтарын анықтаңыз.
А) 185 км/сағ; 80 км/сағ
В) 190 км/сағ; 75 км/сағ
С) 175 км/сағ; 90 км/сағ
Д) 170 км/сағ; 95 км/сағ
Е) 180 км/сағ; 85 км/сағ
13. Суретте ең көп дегенде қанша төртбұрыш бар?
А) 1 В) 4 С) 6 Д) 7 Е) 5
14. Ажар мектепке жаяу, ал қайтарда автобуспен жүрсе, ол барлық жолына 1сағат 30 минут уақыт жұмсайды. Егер ол екі жағына да автобуспен жүрсе, онда барлық жолына 30 минут уақыт кетеді. Ал мектепке де, мектептен де жаяу жүрсе, Ажар барлық жолға қанша уақыт жұмсайды?
А) 2,5 сағ В) 1,5 сағ С) 2 сағ Д) 1,8 сағ Е) 3 сағ
15. Екі таңбалы санды өзінің цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 4-ке, ал қалдық 3-ке тең болады. Егер осы санды цифрларының көбейтіндісіне бөлсек, онда бөлінді 3-ке, ал қалдық 5-ке тең болады. Осы санды тап.
А) 21 В) 42 С) 32 Д) 23 Е) 24
16. Кітапта 120 бет. Осы кітаптың кездейсоқ ашылған бетінің реттік нөмері 2 санына аяқталу ықтималдығын тап.
А) 0,1 В) 0,4 С) 0,5 Д) 0,3 Е) 0,2
17. Қорапта барлығы 85 шар бар: 25 қызыл, 23 көк, 24 сары, ал қалғаны ақ және қара түсті. Қызыл немесе көк түсті бір шарды қораптан қарамастан алу үшін, ең көп дегенде қанша шар алатынын анықтаңыз.
А) 37 В) 38 С) 48 Д) 47 Е)84
18. Серік әкесі 40 жаста болғанда туылған. Қанша жылдан кейін және неше жасында ол әкесінен 6 есе кіші болады?
А) 6 В) 8 С) 10 Д) 5 Е) 7
19. Физикадан бақылау жұмысын жазған сынып оқушыларының 12%-ы есептерді мүлдем шығара алмады, 36%- ы шығарған есептерде қателер жіберді, ал қалған 13 оқушы қатесіз орындады. Сыныпта неше оқушы?
А) 21 В) 28 С) 25 Д) 30 Е) 24
20. Бұдан 5 жыл бұрын Ербол мен Қымбаттың жастарының қосындысы 8 болса, 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады?
А) 28 В) 26 С) 25 Д) 27 Е) 30
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
А | Д | А | Д | А | С | Д | С | А | С | Д | С | Е | А | Д | А | В | В | С | А |
3-нұсқа
1. Ердос бір санды 7-ге көбейтті. Шыққан мәнінен 7-ні азайтып, оны 7-ге бөлгенде 777 саны шықты. Ердос қандай санды қолданғанын тап.
A) 770 B) 708 C) 778 D) 777 E) 701
2. 1- ден 9-ға дейінгі цифрлар арасынан кездейсоқ бір цифр алынған. Алынған цифрдың жұп болу ықтималдығын тап.
А)
B)
C)
Д )
Е)
3. Кестенің құрылу ережесін анықтап, сұрақ белгісінің орнындағы санды тап.
7 | 16 | 6 | 11 | 5 | 2 |
2 | 2 | 3 | 2 | 3 | 4 |
49 | 256 | 216 | 121 | ? | 16 |
A) 125 B) 140 C) 128 D) 250 E) 135
4. Екі санның қатынасы 2:3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 8 санын қосса, онда осы екі санның қатынасы 6:7 қатынасына тең болады. Бірінші санды тап.
A) 16 B) 25 C) 36 D) 18 E) 28
5. Тізбектелген алты жұп санның қосындысы 174 болса, онда олардың соңғы үшеуінің қосындысын тап.
A) 102 B) 90 C) 96 D) 84 E) 76
6. Талғат 6 жаста, оның ағасы Дәуреннің жасы одан 3 есе үлкен. Дәуреннің жасы Талғаттан 2 есе үлкен болған кезде, Талғат қанша жасқа толады?
A) 12 B) 9 C) 10 D) 8 E) 16
7. х = у+2. А және В бағандарын салыстырыңыз.
A) A=B
B) берілген мәліметтер жеткіліксіз
C) A
D) AB
E) 2A=B
8. Сағат тәулік сайын 3 минутқа қалып қояды. Неше тәуліктен кейін сағат дәл уақытты көрсетеді?
A) 240 B) 120 C) 360 D) 115 E) 270
9. Әрбір келесі суретке тұрақты смайликтер саны қосылып отырды. Отызыншы суретттегі смайликтер санын анықтаңыз?
A) 170 B) 160 C) 152 D) 150 E) 100
10. Тауардың бағасы қаңтар айында 10% қымбаттап, ақпан айында 10% арзандады. Тауардың бағасы алғашқы бағадан қалай өзгерді?
A) Қымбаттайды
B) Арзандайды
C) Өзгермейді
D) 20% өзгереді
E) Анықтау мүмкін емес
11. Суреттегі фигураларды жалғастыра отырып, жетінші орындағы фигура неше шаршыдан құралғанын табыңыз?
A) 28 B) 21 C) 10 D) 15 E) 20
12. Алты қарбыз бен бір асқабақтың салмағы он төрт қауынның салмағына тең. Бір асқабақтың салмағы бір қарбыз бен жеті қауынның салмағына тең. Бір асқабақ неше қауынмен теңеседі?
А) 15 В) 8 С) 12 D) 10 E) 4
13. а•b – (a+b) = c өрнегін және кестені пайдалана отырып, (x+y)² өрнегінің мәнін тап.
a | 16 | x | 6 |
b | 3 | 24 | y |
c | 29 | 137 | 84 |
A) 576 B) 196 C) 121 D) 625 E) 676
14. Ұжымдық шаруашылықта 60 га жерге егілген дәнді-дақылдардың пайыздық мөлшері дөңгелек диаграммада көрсетілген. Неше гектарына тары егілді?
A) 12 B) 16 C) 18 D)15 E) 20
15. Пойыз ұзындығы 475 м көпірден 45 секундта өтті, ал станция кезекшісі тұсынан 20 секундта өтті. Пойыздың ұзындығын табыңдар.
А) 211 B) 380 C) 400 D) 855 E) 350
16. 2, 8, 7, 10, 40, 39, 42, 168, 167, ? тізбегіндегі сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды тап.
А) 166 В) 668 С) 170 D) 171 E) 156
17. Тоғыз жұмысшы сегіз күнде 72 үйдің қабырғасын бояйтын болса, 8 жұмысшы 10 күнде неше үйдің қабырғасын бояйды?
A) 70 B) 84 C) 80 D) 90 E) 81
18. Мына нүктелердің қайсысы у=2х-1 функциясының графигіне тиісті?
A) (-2;-5)
B) (2; 5)
C) (1; 6)
D) (2; -5)
E) (1; 4)
19. Баланың екі еселенген қазіргі жасынан оның алты жыл бұрынғы жасын үш еселеп шегерсек, баланың қазіргі жасы шығады. Бала қазір неше жаста?
А) 8 жаста
В) 9 жаста
С) 15 жаста
D) 12 жаста
E) 10 жаста
20. Сымнан қабырғасы 3 см болатын шаршы құрастырылған, егер осы сымды жазып, одан тең қабырғалы үшбұрыш жасаса, онда оның ауданы нешеге тең?
A) 9 B)
C)
D) 16 E)
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
C | C | А | Е | С | А | Д | А | С | В | А | В | Д | A | B | C | С | А | В | С |
4-нұсқа
1. Қорапта 12 қызыл, 14 қара және бірнеше ақ қарындаш жатыр. Жәшіктен кездейсоқ бір ақ қарындаш алу ықтималдығы 0,48 болса, онда жәшіктегі барлық қарындаштар санын тап.
А) 35 В) 40 С) 50 Д) 45 Е) 55
2. Кестеде берілген сөздерге сәйкес өрнектің мәнін табыңыз:
Ана | 5n-7 | 8 |
Бала | 9-2n | 1 |
Жанұя | 30-4n | ? |
А) 7 В) 10 С) 5 Д) 6 Е) 8
3. Балалар саны 10-нан аспайтын жанұяда Асхат ең үлкен бала. Оның қанша қарындасы болса, сонша інісі бар. Бір қыз баланың сіңлілерінің саны әпкелер санынан 2 есе аз. Сонда бұл жанұяда қанша ұл бала, қанша қыз бала бар?
А) 4 ұл 3қыз
В) 3 ұл 4 қыз
С) 4 ұл 4 қыз
Д) 5 ұл 4 қыз
Е) 4 ұл 5 қыз
4. Мотоциклші А қаласынан В қаласына қарай 30 км/сағ жылдамдықпен, В қаласынан А қаласына қарай 20 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Мотоциклшінің орташа жылдамдығын тап.
А) 25 В) 24 С) 26 Д) 5 Е) 30
5. Қабырғасы 8-тең шаршы мен қабырғалары 9 бен 7-ге тең шаршы мен тіктөртбұрыш берілген. А және В бағандарын салыстырыңыз:
А бағаны | В бағаны |
Шаршының периметрінің мәні | Тіктөртбұрыштың периметрінің мәні |
А) 2А=3В
В) 3А=2В
С) А=В
Д) АВ
Е) А
6. Айжан электронды сағаттың сағаттық және минуттық сандарының цифрларының қосындыларын тауып, өзара қосты. Қосындының ең үлкен мәнін көрсетіңіз:
А) 24 В) 19 С) 23 Д) 36 Е) 28
7. Қыры 1см 100 кішкене кубик берілген. Оларды қолданып мүмкіндігінше үлкен бір кубик құрастырды. Қанша кубик қалып қойды?
А) 30 В) 51 С) 29 Д) 36 Е) 28
8. Аңшы оқтарын бес қалтасына, әр қалтаға бірден кем емес, бестен артық емес және кез келген екі қалтадағы оқтар саны тең емес болатындай етіп салды. Аңшыда барлыға неше оқ болғанын табыңыз.
А) 10 В) 30 С) 15 Д) 12 Е) 20
9. Кез келген екі таңбалы сан алынған. Алынған санның цифрларының бірдей болу ықтималдығын тап.
А) 0,1 В) 0,2 С) 0,3 Д) 0,4 Е) 0,5
10. Төрт санның арифметикалық ортасы 56-ға тең. Егер осыларға 16 санын қосып, осы сандардың арифметикалық ортасын алатын болсақ, қандай сан шығады?
А) 56 В) 48 С) 64 Д) 40 Е) 65
11. Ойыншықтар дүкенінде ит және үш аюдың құны төрт кенгурудың бағасына тең. Үш ит және екі аю бағасы да төрт кенгурудың бағасымен бірдей. Ит пен аюдың бағасын салыстырыңыз.
А) анықтау мүмкін емес
В) ит екі есе қымбат
С) аю үш есе қымбат
Д) бірдей
Е) аю екі есе қымбат
12. Кестеде 𝑥 және 𝑦 айнымалылардың арасындағы тәуелділік көрсетілген. Келесі теңдеулердің қайсысы осы тәуелділікті сипаттайды?
А) у=2х
В) у= 3х-1
С) у=2х-1
Д) у=2х+1
Е) у=3х
13. Аулада ақ және сұр қояндар жүр. Барлық қояндардың 60%-ы сұр қояндар, ал қалғандары - ақ қояндар. Сұр қояндар ақ қояндардан бесеуге артық. Аулада барлығы неше қоян жүр?
А) 30 В) 25 С) 10 Д) 20 Е) 15
14.Ағаш кесуші ағашты үш бөлікке бөлу үшін 150 тг алды. Ағашты 11бөлікке бөлу үшін қанша тг алады?
А) 750 В) 550 С) 650 Д) 600 Е) 850
15. Сымнан қабырғасы 12 см теңқабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Егер осы сымды жазып, одан квадрат жасаса, онда оның ауданын табыңыз.
A) 144 см² B) 100 см² C) 36 см² D) 81 см² E) 64 см²
16. 7, 21, 28, 84, 91, ? , 280 тізбегіндегі сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды тап.
А) 264 В) 260 С) 266 Д) 273 Е) 270
17. Шырынмен толтырылған шөлмектің салмағы 1000г, ал лимонадпен толтырылған шөлмектің салмағы 1600г. Лимонад шырыннан екі есе ауыр болса, шөлмектің салмағын табыңдар?
А) 400 В) 200 С) 300 Д) 500 Е) 100
18. (a-c) + (b-d) өрнегінің мәнін тап
А) 2 В) 1 С) 3 Д) 2,5 Е) 4
19. Дүкенде қандай да бір тауарға 20% жеңілдік жасап, 1250 теңгеде сатты. Таурдың жеңілдіксіз бағасы қандай болған?
А) 1360 тг В) 1300,5 тг С) 1562,5 тг Д) 1650 тг Е) 1240,25
20. Айнұр әртүрлі елдің маркаларын жинады. Әр жылы алдыңғы жылға қарағанда 6 маркаға қосылып отырды. 10 жылдан кейін маркалар саны 350 болса, Айнұрдың алғашқыда қанша маркасы болғанын тап.
А) 8 В) 10 С) 6 Д) 9 Е) 18
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
С | В | Д | В | С | А | Д | С | А | B | Е | А | В | A | Д | Д | А | А | С | А |