Ересектер «Көгершін»тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметтінің конспектісі
Өткізу күні: 25. 04. 2019 ж
Тәрбиеші: Абенова М.К
Білім беру саласы: «Таным»
Пәні: Жаратылыстану
Өтпелі тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»
Тақырыбы: Тиін бізде қонақта
Мақсаттары:
Тәрбиелеу: Балалардың эстетикалық, талғампаздық қабілетін дамыту
Дамытушылық: Ормандағы өсімдіктер мен жануарлар мекені ретінде түсінік беру
Оқыту: Орманда негізгі буын-өсімдіктер екенін көрсету, олармен жануарлар қөректенетінін айтуды үйрету
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ жауап, үйрету,ойын.
Ресурстармен қамтамасыз ету: тиін, аңдардың суреті
Көптілділік: тиін-белка- squirrel
Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбер
Кел,балалар,күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
2.Негізгі бөлім.
-Балалар хайуанаттар бағына кім барды? Ол жерден қандай аңдар көргендерінді еске түсіріндерші?
-Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар. Шешуін дұрыс тапқан бала сол аңнын суретін тақтаға іледі.
1.Өзі бір қу.
Жүрген жері айқай мен шу.
Ол қай аң?
2.Қорбан, қорбан етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қыста балға кетеді.
Бұл не?
3.Сұр түсті
Ақсиған көп тісті.
4. Секең, секең етеді,
-Жарайсыңдар, балалар, енді осы аңдар туралы кім айтып береді?
-Ал тиінді көргендерің бар ма? Сендердің көпшілігің тиінді байқамай қалуларың да мүмкін, себебі: ол кішкентай әрі көбінесе ағаштардың басында жүреді. Біз бүгін тиін жайлы әңгімелесеміз. Міне, мынау-тиін (суретін көрсетеді). тиін қарағайлы ормандарды мекендейді екен. Тиін туралы білгілерің келсе, алдыларыңда тұрған суретке назар аударыңдар.
-Тиіннің түсі, денесі, құлағы, құйрығы қандай?
, қалай ойлайсыңдар тырнақтары қандай қызмет атқарады?
-Ал мықты тістері мен әдемі әрі ұзын құйрығы қандай қызмет атқарады? Дұрыс айтасыңдар, Олар қатты суық болған кезде домаланып жатып, құйрықтарын жамылғы ретінде пайдаланып ұйықтайды.Қыстыгүні тиіндердің жүндері үлпілдек, жұмсақ, қалын, ұзын, ал жазға қарай керісінше жұқа, сирек, қысқа әрі қатайған болып келеді. Тиіндер жылына екі рет күзде және көктемде түлейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеудесіне не жартас жарығына салады.
-Тиіндер қысқа қандай дайындық жасайды? -Оларды қай жерге жинайды? Уақыт өте келе олар жемін қай жерге көмгендерін ұмытып қалады. Қыс түскенде олар жинаған қорларының кейбіреуіне ғана кездейсоқ тауып алады. Тиіндердің бұндай аңқаулығын басқа жануарлар мен құстар жақсы пайдаланады. Миға шабуыл -Балалар, тиіндердің де табиғаттың көркеюіне, өсіп-өнуіне көмегі тиеді екен. Олар да адамдар сияқты өсімдіктерді отырғызады. Кәне, ойланайықшы, олар өсімдіктерді қалай отырғызуы мүмкін? Олар құйрықтарын ағаштан-ағашқа секіру кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін және аязды күні суықтан қорғау үшін қолданады.. -ағаштардың қуыстары мен ойық жерлеріне тасып қор жинайды Ағаштың діндерін ойып, қуыс етіп жасайды
Қорытынды:
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұраймын.
Жақсы қатысқан балаларды мақтап – мадақтау.