СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 11.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тіл дамыту. Үй жануарлары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл дамыту.     

Сабақтың тақырыбы:  Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:   Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндау.

Білімділік:  балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық:  Үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар,үй жануарларының суреттері.

Показать полностью

Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту. Үй жануарлары.»

Тіл дамыту.

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты: Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндау.

Білімділік: балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар,үй жануарларының суреттері.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1) Балалармен амандасу.

2) Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

3) Балаларды түгендеу,оқуға жұмылдыру.


II.Өткен сабақты қайталау: «Үй құстары» тақырыбын еске түсіру.


III.Жаңа сабақ:

-Қайырлы күн балалар!

-Қазір бізде «Тіл дамыту» сабағы.

- «Тіл дамыту» сабағынан суретке қарап әңгіме құрастырамыз, жануарлармен, құстармен танысамыз, ертегілерді тыңдаймыз т.б.

-Балалар, мына өлең шумақтары жылдың қай мезгіліне арналған тыңдайықшы:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

-Күздің қай айы?

- Дұрыс айтасыңдар, қараша айы екен.


-Балалар, мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?

-Ия, дұрыс айтасыңдар бұлар жануарлар мен құстар, яғни бұларды үй жануарлары және үй құстары деп атайды. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда

«Үй жануарларымен» танысамыз.

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?


-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?

-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.

Барлығымыз тыңдайық.

-Қай жануардың дауысы?

-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?

-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?

-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы-қарта жасайды.

-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?

-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?

-Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.

-Мынау қай жануардың дауысы?

-Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі – бота.

-Мынау ненің дауысы?

-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар.

-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?

-Дұрыс, таза су береміз, жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру керек.


IV.Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.






V.Бекіту: Әліппе-дәптермен жұмыс

-Суреттерді сәкестендір

-Жылқы, бұзау, тауық, үйрек, қой.

-Ия, қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.

-Сиыр

-Бұзау деп аталды.

-Жылқы

-Құлын

-Қой

Қозы

Ешкі

Түйе

-Ит

Жем, шөп береміз. Су береміз.

-Балалар қимылмен орындайды.

-Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды.


VI. Қорытындылау:


«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.

Шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып береді.


















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!