-Қанекей, балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті. Алдымен қонақтарға амандасып алайық. Сәлеметсіздерме!Здравстуйте!Hello! Шаттық шеңбері. «Тілек шоғы» Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, қолдарына гүлдерді таратып, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назарларын аударады. Балалар жанындағы баланың берген гүлін өз гүлімен қосып, келесі балаға ұсына отырып, мынандай жылы сөздер айтады. -Жылқыдай жүйрік бол! -Түйедей шыдамды бол! -Арыстандай мықты бол! -Түлкідей ақылды бол! -Керіктей биік бол! -Қабыландай қабілетті бол! -Жолбарыстай жылдам бол! -Аққудай сұлу бол! -Қырандай қырағы бол! Балалардың қолындағы гүлдер бірте-бірте үлкейіп, шоқ гүлі «Тілек шоғына» айналып, тәрбиешінің өзіне оралады. –Көп рақмет сендерге, балалар. Егер жан-жануарларға, адамдарға, жақсылық жасасаңдар ол осы гүл шоғы сияқты үлкейіп, өзіңе одан да үлкен жақсылық болып оралады. -Қанекей, балалар, мына слайдқа назар аударайық. -Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер? -Жабайы жануарларға нелер жатады? -Оларды неге жабайы деп атайды? -Жабайы аңдар қайда мекендейді?-Жабайы аңдар қалай тіршілік етеді? Тәрбиеші: -Міне жануарлар тіршілігіне қарай екі топқа бөлінеді: Үй жануарлары және дала (жабайы)жануарлары. Топқа бөлу.(қоянның суреттері арқылы ) I топ Жабайы жануарлар. II топ Үй жануарлары. 1.Топ ережесімен таныстыру. 2. Ұйқасын тап. Өзінше ноян, Қорқақ....(қоян) Айбат шегер алыстан, Аң патшасы-.....(арыстан) Халық «қу» деп, Қылған күлкі. Айласы көп, Бұл не?.... (түлкі) Мұрны пұшық, Көзі қысық. Өзі пысық, Бұл не?...(мысық) Қоян, арыстан, түлкі, мысық сөздеріне сөйлем құрастыр, сол сөзді үш тілде ата. 3 . Жабайы жануарлардың төлдері қалай аталады? (Түлкі, аю, қоян, қасқыр) 4.«Әліппе-дәптермен жұмыс: «Жануарлардың екінші бөлігін тап» 5. Саусақ жаттығуларын орындау. 6. Жұмбақ : Өзі бір үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар. (түйе) Түйенің тапсырмасы: Топтық жұмыс:Дидактикалық ойын: «Қай жануардың құйрығы?»
8.Сергіту сәті: Электрондық таспамен орындау
9.Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар» Ұйымдастырылған оқу қызметін қорыту. - Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? - Жабайы жануарларға қандай жануарлар жатады? -Үй жануарларына қандай жануарлар жатады екен? - Бүгінгі сабақтың ойындары қызықты болды ма? (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. -Балалар, биыл қандай жыл?(ит жылы) ендеше мына суреттегі Ақтөс деген итіміз арқылы білімімізді бағалайық. Балалар смайликтер арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін бағалайды. а) Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын. ә) Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын. б) Ештеңе түсінбедім. -Балалар, сендерге түлкінің сұлулығын, қоянның жылдамдығын, аюдың мейрімділігін, қасқырдың батылдығын тілеймін. Алдағы келетін доңыз жылы барлығымызға тек қана жақсылықтар әкелсін! Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттап, «Қуанышты хабарлама» таратады. |