Мазмұны
1.Түсінік хат..............................................................................3-4
2.Тақырыптық жоспар...............................................................5
3.Бағдарламалық мазмұны........................................................6-8
4. Глоссарий..................................................................................9
5. Қолданылған әдебиеттер.......................................................10
Түсінік хат
Бастауыш білім- жалпы орта білім алудың негізгі базасы. Сондықтан, бастауыш білім берудегі басты мақсаттың бірі- оқыта және дамыта отырып, балаларды өз бетінше оқып, білім алуға үйрету.Осы мақсатта баланы қазіргі жаңа заман талабына сай танымдық қабілетін дамытып,тілге деген қызығушылығын арттырып, дарынды балалар қатарын көбейту мақсатында «Тіл дамыту» таңдау сабағы ұйымдастырылды.Бұл сабақта оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін қалыптастыра отырып, танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып,бір жүйеге келтіреді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты тіл дамытуда логикалық тапсырмалар, ойын түрлері, қарастырылады.
Тіл дамытудың негізі-оқушылардың сөздік қорын байыту және сөздерді дұрыс, мағыналы сөйлеуге дағдыландыру. Оқушылар сөзді неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары тез жүреді.
Бастауыш сыныпта жазбаша, ауызша сөйлеу өнеріне баулу негізінде оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүргізіледі. Оларды шығармашылыққа ынталандыра отырып, жүйелі түрде білім беру арқылы грамматика-лық,толық, мағыналық, сөйлем құрастыру дағдысын қалыптастыру болып табылады.Оқушылардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге құлшынысы артады.
Бұл курс арқылы оқушылар меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. Бүкіл оқыту барысында оқушы тілін дамытып, сөз байлығын арттыру - ең маңызды жұмыстардың бірі. Өскелең ұрпақтыңтілді дұрыс пайдалануы, оның сөздік қорына тікелей байланысты екенін көреміз. Балалармен күнбе –күн араласу, сөйлесу арқылы тілі күн санап жетіле береді. Адамның тілі неғұрлым бай болса, ойы да соғұрлым кең болады. Сондықтан бала тілін кішкене
күнінен байытып, ойын кеңейте түсу үшін халық ауыз әдебиетіне көркем шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.
«Тіл дамыту » курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, базистік оқу жоспарына сай негізделіп жасалған. 3 – ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат.
Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру, тіл байлығын арттырып,оқушылар тілдік, теориялық білім ала отырып, оны күнделікті өмірде, іс-жүзінде дұрыс сауатты пайдалану, өз бетімен оқи алу, түрлі мәтіндерді талдай алу, жатқа айту арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;
Міндеттері;
-Сөздік қорларын дамыту;
-Оқыған нәрселерін өмірде қолдана білуге қалыптастыру;
- өз ойын еркін жеткізе білу;
- сөздік қорды байыту;
Күтілетін нәтиже:
Еркін ойлауға мүмкіндік алады;
Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;
жүйелі,көркем сөйлеу және тіл мәдениеті артады;
- жан-жақты ізденушілігін арттырады
«Тіл дамыту»
( Аптасына-1 сағат, барлығы-34 сағат )
| Р/с | Тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
| 1 | Білім еліне саяхат | 1 | |
| 2 | Жомарт күз | 1 | |
| 3 | Бау -бақшада | 1 | |
| 4 | «Нан қайдан келеді?» ертегісі | 1 | |
| 5 | Менің отбасым | 1 | |
| 6 | Біздің үй | 1 | |
| 7 | «Қасқыр, түлкі, әтеш» ертегісі | 1 | |
| 8 | Үй құстары және ұй жануарлары | 1 | |
| 9 | Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»ертегісі | 1 | |
| 10 | Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі | 1 | |
| 11 | Ел ордасы – Астана | 1 | |
| 12 | «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі | 1 | |
| 13 | Қысқы киімдер (сюжетті рөлдік ойындар) | 1 | |
| 14 | Көңілді қыс және қысқы ойындар | 1 | |
| 15 | Тәуелсіздік төрінде | 1 | |
| 16 | Қош келдің Жаңа- жыл | 1 | |
| 17 | Құстардың тіршілігі | 1 | |
| 18 | Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі | 1 | |
| 19 | Көшедегі көліктер | 1 | |
| 20 | «Жеті қазынаның бірі» ертегісі | 1 | |
| 21 | Мамандықтың бәрі жақсы | 1 | |
| 22 | «Бір уыс мақта» әңгімесі | 1 | |
| 23 | Көктем | 1 | |
| 24 | Аналар мерекесі | 1 | |
| 25 | Хайуанаттар бағындағы қызықтар | 1 | |
| 26 | Наурызға шашу. Наурыз мерекесі | 1 | |
| 27 | «Алтын сақа» ертегісі | 1 | |
| 28 | Ынтымақ мерекесі | 1 | |
| 29 | Жеңіс мерекесі | 1 | |
| 30 | Біз мектепке барамыз | 1 | |
| 31 | Жаз | 1 | |
| 32 | Балалар күні | 1 | |
| 33 | Қорытынды сабақ | 1 | |
| 34 | Тест | 1 | |
Бағдарламалық мазмұны
| р/с | Тақырыбы | Бағдарламалық мазмұны |
| 1 | Білім еліне саяхат | Мектептегі оқушылар туралы баяндау,суреттер арқылы білім ордасына түсінік беру |
| 2 | Жомарт күз | Күз туралы білімдерін тиянақтау.Күз сыйына ,адамдар еңбегін құрметтеуге , молшылық, береке сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту. |
| 3 | Бау -бақшада | Бау-бақша туралы әңгімелеу,жұмбақтар шешу арқылы сөздік қорларын молайту, толықтыру. |
| 4 | «Нан қайдан келеді?» ертегісі | Ертегі мазмұнын сұрақтар қою арқылы ашу.Диалогты сөйлеуге төселдіру. |
| 5 | Менің отбасым | Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру. Отбасы туралы әңгімелей отырып, диалогты түрде сөйлеуді қалыптастыру, грамматикалық тұрғыда таза, анық сөйлеуге дағдыландыру. |
| 6 | Біздің үй | Сурет бойынша үй бөлмелерін ажырата білуге ,және өз бөлмесіндегі заттарды атап , жұмбақтар шешуге ,өз бетінше әңгімелеуге төселдеру |
| 7 | «Қасқыр, түлкі, әтеш» ертегісі | Ертегі мазмұнын баяндап, әңгіімелеп берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету |
| 8 | Үй құстары және ұй жануарлары | Үй құстары және ұй жануарларын атап, олардың пайдасы туралы баяндау.Сурет бойынша әнгімелеу.Оларға дегін сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. |
| 9 | Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»ертегісі | Жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелеу, сурет бойынша сөз, сөйлем құрастыруға үйрету..Ертегі желісі бойынша баянда, сұрақтарға толық жауап беруге төселдіру |
| 10 | Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі | Өзінің сүйікті ойыншықтары туралы баяндауға, көрмеге әкелген ойыншығын сипаттауға үйрету «Ойыншықтар айтысы» әңгімесі арқылы өз ойыншығына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, күтіп ұстауға тәрбиелеу |
| 11 | Ел ордасы – Астана | Астананың көрікті жерлерін атау, өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту.Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу |
| 12 | «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі | Ертегі мазмұнын айта отырып, өз ойларымен сурет салу. |
| 13 | Қысқы киімдер (сюжетті рөлдік ойындар) | Балаларға арналған киім дүкенінің суреті, киімдер үлгісі |
| 14 | Көңілді қыс және қысқы ойындар | Қыс көрінісі, жұмбақтар, шана, шаңғы, коньки суреттері |
| 15 | Тәуелсіздік төрінде | Карта, еліміздің рәміздері, Алматы, Астана суреттері |
| 16 | Қош келдің Жаңа- жыл | Безендірілген шырша сурет салу |
| 17 | Құстардың тіршілігі | Ұяға жем салып жатқан балалар суреті |
| 18 | Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі | Ұйықтап жатқан аю, індегі түлкі сурет, т/б. |
| 19 | Көшедегі көліктер | Қала көрінісі, машинанның түрлері |
| 20 | «Жеті қазынаның бірі» ертегісі | Аң патшасы-арыстан, айналасындағы ит және адамның суреті |
| 21 | Мамандықтың бәрі жақсы | Компьютер, ғарышкер, дәрігер, құрылысшы суреттері |
| 22 | «Бір уыс мақта» әңгімесі | Ы.Алтынсариннің әңгіме ертегілерін еске түсіру, бір уыс мақтанын құстарға тигізген пайдасы туралы баяндау |
| 23 | Көктем | Көктемдегі тіршілік, көктемгі еңбектер туралы түсініктерін тиянақтау. Табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу. |
| 24 | Аналар мерекесі | Адам үшін басты тұлға- ана туралы түсініктерін тиянақтау. Ана туралы тақпақтарды мәнерлеп айтуға үйрету. Анасы туралы пікірін тиянақты еркін жеткізе білуге талпындыру. |
| 25 | Хайуанаттар бағындағы қызықтар | Балаларды оқиғалы суреттерді құрастыруға дағдыландыру. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстырып айтуға баулу. Аңдарға қамқорлық жасауға үйрету |
| 26 | Наурызға шашу. Наурыз мерекесі | Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу. Наурыз мерекесі туралы ертегілер арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту. Мерекелік көңілін көтеру. |
| 27 | «Алтын сақа» ертегісі | Сурет бойынша ертегінің мазмұнын айтуға баулу. Ертегінің не себепті «Алтын сақа» деп аталатын туралы түсіндіру. Балаға көмектескен кейіпкер туралы баяндау. |
| 28 | Ынтымақ мерекесі | Қазақстан көп ұлтты мемлекет жайлы әңгімелеу.1 мамыр ынтымақ достық күні екенін түсіндіру. Ұлттық киімдер мен салт-дәстүр туралы баяндау. Өз ұлтының салтын, дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу. |
| 29 | Жеңіс мерекесі | 9 мамыр Жеңіс күні туралы мағлұмат беру. Батыр ағалар мен апалардың есімдерін атай білуге үйрету. Еліміздің мақтаныштары туралы әңгімелету арқылы өз Отанын сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу |
| 30 | Біз мектепке барамыз | Мектеп, кітап деген сөздерге сөз, сөйлемдер құрастыру. Сурет бойынша сөйлемдерге толық жауап беруге үйрету. |
| 31 | Жаз | Жайқалған жаз, піскен жеміс-жидектер туралы әңмелету. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға үйрету. Берілген сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру. |
| 32 | Балалар күні | Балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру. Өздерінің тақпақ әндерін анық нақышына келтіре айтуға үйрету. Мерекеде көргендерін баяндауға үйрету. |
| 33 | Қорытынды сабақ | Сабақ соңында алған білімдерін қорытындылау. |
| 34 | Тест | Тест жұмысын алу. |
Глоссарий
Фонетика-(гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген) Фоненің мағынасы-дыбыс,үн, дауыс.Фонетика-тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін,әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе элементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Тіл дамыту «Жазбаша сөйлеу өнері» бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулық Алматы «Аруна» 2011 жыл.
2. М.Қоянбаев. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» 2010 жыл.
3.«Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012 жыл авторы: З.Муфтибекова.
4. Тіл мәдениеті - Г.Сүлейменова 2013 жыл.
5.«Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар. 3-сынып Алматы «Өлке» баспасы 2011 жыл.
Авторлары:К.Ерешева, Г.Сүйіндікова
6.Суретті сөздік. Алматы -2010 жыл
7. Жыл мезгілдері. Ертегі. 2012 жыл
10