Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3минут «Жүректен жүрекке » тренингін ұйымдастыру Оқушылар шеңбер құрып бір-бірлеріне жүрек арқылы жылы лебіздерін білдіреді. Топтарға бөлу. 2 мин Сыныпты «Төменгі сатыдағы өсімдіктер», «Жоғары сатыдағы өсімдіктер» топтарына төменгі сатыдағы споралы өсімдіктер және тұқымды өсімдіктер суреттері арқылы бөлу. Топ мүшелері топ атына байланысты терминдердің мағынасын ашады. Алдыңғы білімді еске түсіру «Қаламсап » әдісі Оқушылар ортада тұрған ыдысқа өздерінің қаламсаптарын салады. Және мұғалім ұстаған қаламсаптың иесі тұрып ке-келген бір сұраққа жауап береді. 1.Нәруыздар дегеніміз не? 2.Нәруыздың қасиеті мен қызметі? 3.Антиденелер дегеніміз не? 4.Сүйек нәруызы қандай қызмет атқарады? 5.Гемоглобин нәруызы қандай қызмет атқарады? ҚБ «Смайликтер беру арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. |