СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Толағай -отбасылық сайыс

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Толағай -отбасылық сайыс»

Мақсаты: Ата–аналарды қатыстыра отырып, бұл сайыста баланыөмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабіллетерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа,төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Спорттық іс- шара.
Әдіс–тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, көрсету.
Сайыс барысы

Толағай отбасылық сайысы еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты спорттық іс-шара. Бүгін осындай іс-шара мектебіміздің 5 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында өткелі тұр. Осы сайысқа үш отбасы қатысқалы тұр. «Сары» түсте отбасы. «Қызыл» түсте отбасы. «Көк» түсте отбасы.

Ал, қанекей, қонақтар,
Ортаға назар салайық.
Ойыншылар келеді,
Қол соғып қарсы алайық.    
Құрметті көрермендер топтарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

Әр танды бақытпенен аттырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
« » тобын шақырамыз.
Салауатты өмір салтын сақтайтын,
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
« »   тобы келді бүгін сайысқа,
Өз топтарын жақтайтын деп ,- ортаға болашақ тобын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға,
Қол соғып қарсы алайық « »тобын

Ал, құрметті халайық
Жарысып енді көріңдер.
Әділ қаз алқасы
Әділ баға беріңдер.

Сайысымызды бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін, әділ қазылар алқасымен таныстырайық.


Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Биготанов Медет
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тәлімгер


Ойынның шарттары:
Бүгінгі спорттық сайыс 11 кезеңнен тұрады.
Ал енді топтарға сәттілік тілейміз. Әр сайыстан кейін әділ қазылар алқасы бағаларын беріп отырады.


Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да! деп сайсымызды таныстырудан бастайық
1 конкурс «Таныстыру» (топтың аты, ұраны)

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң-біздің сайысымыздың

2 конкурс  «Кім жылдам» Әр бір ойыншы белгіленген жерге дейін жүгіріп барып қайтады да допты командаласына береді.Балалар бір доптан,аналар екі доптан,әкелер үш доптан алып жүгіреді.


Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

3 конкурс  «Ептілік сайысы» еденде жатқан обручтарды өзіне жоғарыдан бастап кигізіп қайтадан командасына қайтып эстафетаны береді.


Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

4 конкурс «Шапшаңдар сайысы»

Әкесі мен анасы обручты ұстап турады ал капитан (баласы) обручтардан жүгіріп өтеді.  

Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.


 5 конкурс «Баскетболист»

Баласы папасының иығына отырып белгіленген уақытта допты себетке түсіреді.Аналары допты әперіп тұрады.


Әнші қызды шақырып,
Әннен шашу шашайық!


6 конкурс «Аналардың сайысы»

Әр ананың қолында екі шардан болады шарларды жерге түсірмеу керек(сайыс уақытқа өткізіледі)

Уа, ағайын, туысқан,
Пайда болмас тұрыстан.
Басты көтер, белді жаз,
Кетер еңсе сайыстан!
7 конкурс «Қырықаяқ сайысы»
бірінші болып әкесі тұрады ол сол қолын аяғының ортасынан өткізеді,анасы оң қолымен қолын ұстап сол қолын аяқтын арасынан баласына ұстатады.Қолдарын ажыратпай мәреге бірінші келген жанұя женіске жетеді.


Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің - деп
Сайысымыздың 8 бөліміне көшейік

8 конкурс «Теннисист»

Белгіленген жерге дейін теннис ракеткасымен шарикты соғып жүгіріп мәреге жетіп эстафетаны береді.


Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 9 - сайыс «Аралдар»

 9 конкурс «Аралдар»

Әр командада үш обручтан болады. Тек қане обручпен жүріп мәреге жету керек.

10 конкурс «Хоккеист»

Гимнастикалық таяқпен допты алып жүріп белгілегн жерге барып,мәреге жету керек.

11 конкурс «Эстафета»

Допты аяқтың арасына қысып алып белгілеген жерге барып қайту керек.

 

Қорытынды:
Жарыс зағы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады,- деп сөз кезегеін әділ қазыларға береміз.