Просмотр содержимого документа
«Тренинг "Ата-ана есіне"»
Ата-аналардың есіне
1 ЕРЕЖЕ
6-7 жастағы балалардың миының дамуы да жедел жүріп отырады. 1 сыныпқа барар кезде баланы тағы да бір үйірмелерге, спорт секцияларға қатыстыруқажет емес. Алғашқы мектеп өмірі балаға өте қиын түседі. Сіздердің бүлдіршіндеріңіз таза ауада көп ойнап, серуендеу керек. Өйткені оның денсаулығына пайдалы.
2 ЕРЕЖЕ
Мектепке келгенсін бала зейіні де дами түседі. Алғашқыда оның зейіні шашыранды болады. Ол бір нәрсеге жөндеп зейінің тұрақтата алмайды, оның көңілі әрнеге оп-онай ауып кете береді. Сондықтан сабақ оқыған кезде 10-15 минут үзіліс жасап тұру керек. Ептілікке, қимылының дәлдігіне тәрбиелейтін қысқа уақыттық ойындар ұйымдастыру жағына ерекше көңіл бөлуі қажет.
3 ЕРЕЖЕ
Бүкіл әлемдегі дәрігер-офтальмологтар және невропотологтар өз пікірлерін айтады. Компьютер, теледидар және көзге әсер ететін жұмыстар балаларға зиян тигізеді.
4 ЕРЕЖЕ
Бала біртіндеп жаңа ортаға үйренеді де, енді айналасындағы балаларға көз сала бастайды. Үзіліс кезінде өзінің жолдастарымен шүйіркелеседі, сабақтан алған әсерін ортаға салады. Осы кезде бала өзіне сың көзбен қарайды. Ата-аналар өз бүлдіршіндеріне әр қашанда ойларынды қысылмай, ұйалмай айта беріндер дей отырып, сыртқы баға беру, сын пікір айтудан аулақ болу керек.
Мына ережелерді естен шығармау керек:
балаларды мақтап, қолпаштау, бастымшылығын көтермелеу абзал
шығармашылықты басып тастамайтын сөздер айтпаныз: «ақымақтың сөзі», «жоқтан өзгені айтпа», «сондай сөз бола ма» т.б
Әр қашанда өз балаларыңызды аялап, жақсы көрініздер!
Балаңызға өз даму сатысынан сай керегін, қажетін беріңіз.
Осы шақпен болашақты ұштастыра біліңіз.
Мынаны ажырата біл: Өз тәніңмен өмір сүр және оны сырттай көре біл.
Саналы әрекетпен санадан тыс әрекетті ажырата біл
Өз ұстанымыңды өзгенікінен ажырата біл
Жарты мен бүтінді ажырата біл
Дағдарысты қорқыныш деп санаудан аулақ бол, керісінше оны даму, өсу мүмкіндігі деп сана
Шынайы мен жалған өмірді ажырата біл
Адам өмірі – бұл үнемі жамандықты жақсыға айналдыру құбылысы екенін түсін
Батылды адам ғана бақытты бола алады
Батыл адам ең алдымен, өзіне және өзгеге жақсылық жасай біл. Өзіне жақсылық жасай алған адам өзгеге де жамандық жасамайды
Психолог кеңесі