Мерзімі:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: түбірдің бөлшектенбейтін түпкі қазық екенін, қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту
Ә) тәрбилік: өз Отанын, елін, ана тілін құрметтей білуге тәрбиелеу
Б) дамытушылық: шығармашылық танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын байыту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, еркін жазу
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа арналған кесте, кеспе қағаздар
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,құралдарын тексеру)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Тілім шипам, дәрім де,
Мәңгүрт болып күн көрмен.
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
Сөздің бастапқы мағына бөлшегін түбір дейді.
Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды.
Қосымша жұрнақ пен жалғау болып бөлінеді. Жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ, сөз түрлендіруші жұрнақ болып бөлінеді.
Көл-шік, сары-лау, үлкен-ірек, оқ-ы-рман, көр-ер-мен, кітап-хана
Жұрнақ арқылы жасалған сөзді туынды түбір деп атайды.
Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
ІҮ. Жаттығу жұмысы
70-жаттығу. Туынды түбір жасау
71-жаттығу. Тақтамен жұмыс. Сөздердің түбірі мен қосымшаларын ажырату.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Ү. Мына буындарға аяқталған сөздерді табу.
-ға, -тақ,-тық,-шақ,-шек,-пақ.
Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Сый, тәрбие, бақыт, ағайын, жақ, қыс
Мына сөздерді құрамына қарай талдаңдар: жұрнақ па? Жалғау ма? Үлгі: ата-анадан: ата-ана-қос сөз, дан-шығыс септігінің жалғауы.
Есті, көргені, білгені, жақсыда, адамға
ҮІ. Еркін жазу.
Ертегі құрастыру (ойды жалғастыру)
Ертеде бір бай болыпты. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол сабақтан шығып келе жатқанда жаңбыр жауып кетіпті...
ҮІІІ. Венн кестесі
Жұрнақ Жалғау
Сөз тудырушы жеке тұрғанда ешбір мағына бермейді көптік, септік, тәуелдік, жіктік
Сөз түрлендіруші
Қорытынды. Алған білімдеріңді қорыту үшін түбір сөзге 10 мысал, туынды сөзге 10 мысал жазыңдар.
Рефлексия. Бүгінгі сабақтан
Не білемін? Нені білгім келеді?
Бағалау. Сабаққа қатысуларына орай бағалаймын.
Үйге тапсырма: Берілген сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жаз: өнер, тіл, халық, білім, ана