СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тұздық алу ережесі

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Тұздық алу ережесі»

Куні: 26.02-27.02.-05.03.-06.03.2019ж

Сыныбы: 3а,3ә

Мұғалімнің аты-жөні: Аймаганбетов Саги Айтуганович

Сабақтың тақырыбы : Тұздық алу ережесі

Сабақтың мақсаты:
1. Тоғызқұмалақ ойынын ойнауды, қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету, математикалық амалдарды қолданып, жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге бейімдеу;
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру.
3. Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу, денені шынықтыруға әдемі болуға баулу, ойлау белсенділігін дамыту;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер:Ойын тәсілдері арқылы тұздық алу ережесін меңгеру
Керекті құрал – жабдықтар:
тоғызқұмалақ тақтасы

Тұздық алу:

Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде «тұзды үй» деп атаған. Бүгінде «тұздық» дейді. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде қарсыластың екі құмалағы бар отауына сіз таратқан құмалақтардың соңғысы түсуі керек. Сонда сол отауда қалыптасқан үш құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, сол отау ойынның соңына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Яғни жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде «Х» деген шартты таңбамен белгіленеді. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды. Сондай-ақ тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мәселен, егер бастаушы сіздің №2 отауыңызға тұздық қойса, сіз оның №2 отауына тұздық сала алмайсыз.



Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.



Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. Мысалы үшін төмендегі № 1 диаграммаға назар аударалық:

№ 1диаграмма

Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6 - шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7 - ші отауға жүрді делік, сонда 6 - шы отау бос қалады.

Келесі № 2 диаграммаға қараңыз:



№ 2диаграмма

Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9 - шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1 - ші отаудан жүріп, қостаушының 2 - ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.( № 3 - диаграмма )



№ 3 диаграмма

Міне осы сәтте қостаушы 5 - ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының

6 - шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады.



№ 4 диаграмма

Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.

Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының1 – ші отауымен қостаушының 1 – ші отауы аттас, 2 - ші отауымен 2 - ші отауы аттас т. с. с.



Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Төмендегі мысалға назар аударалық:  

9 8 7 6 5 4 3 2 1

2 2 80

Х 1 7 70

1 2 3 4 5 6 7 8 9



Жүрісті тез есептеудің тәсілдері:



Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмірлі отауға барып түсетінін анықтау үшін жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған цифрлардың арасына қосу белгісін қоямыз.



Бірінші есептеу жолы. А) Егер қосынды 10 немесе10 - ға жетпейтін болса қосындыдан 1 - ді шегереміз

мысалы: 214=2+1+4=7 - 1=6

Б) Егер қосынды 10 - нан артық болса, қосындыдан 10 - ды шегереміз

Мысалы: 713=7+1+3=11 - 10=1

Екінші есептеу жолы

Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз.

*Егер қосынды 10 немесе 10 - ға жетпейтін болса, қосындыдан 1 - ді шегереміз;

*Егер қосынды 10 - нан артық болса қосындыдан 10 санын шегереміз

*Егер қосынды 20 немесе 20 - дан артық болса, қосындыдан 19 - ды шегереміз. мысалы: 915=9+15=24 - 19=5

*Егер қосынды 29 - дан 37 - ге дейін болса, қосындыдан 28 - ді шегереміз мысалы: 824=8+24=32 - 28=4

*Егер қосынды 38 немесе одан көп болса, қосындыдан 37 - ні шегереміз

Мысалы: 636=6+36=42 - 37=5

Үшінші есептеу жолы

*Егер отауда 10 құмалақ жатса, аттас отауға барып түседі.

*Егер 19 құмалақ болса 1 айналым жасап, өз орнына келіп түседі.

* 28 құмалақ 1, 5 айналым жасап, қарсыластың аттас отауына түседі.

*37 құмалақ екі айналым жасап, өз орнына келіп түседі.

Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу

315, 712, 524, 217, 819, 921, 737,

Сабақты қорытындылау

Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың ұлттық ойын түріне кіре ме?

Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген?

Әр бөлікте неше отау,неше қазандық бар?

Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз?

Тоғызқұмалақ терминдерін ата?

Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз?

Жұп, тақсандар

Үйгетапсырма

Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауаттарының мағынасын, атауын жаттап алу және «тұздық алу ережесі» тәсілін меңгеру






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!