СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үй жануарлары мен оның төлдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы топ балаларына арналған  ашық сабақ. Үй жануарлары мен оның төлдері

Просмотр содержимого документа
«Үй жануарлары мен оның төлдері»



Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Родничок балабақшасы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны.












Мектепалды даярлық сыныбына арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы

Тақырыбы: «Үй жануарлары».










Қазақ тілі мұғалімі:Демеева З.М.














Қостанай қаласы


Мектепалды даярлық сыныбына арналған

оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Қазақ тілі.

Тақырыбы: «Үй жануарлары және оның төлдері».

Мақсаты:Үй жануарлары және төлдерінің атауларымен таныстыру,жаңа сөздерді дұрыс түсініп сөйлем құрастыру, қысқаша әңгіме құрастыру.Мынау не?Қанша?Қандай?сұрақтарына жауап бергізіп үйрету. аталған тақырып бойынша мақал – мәтелдер, әндер жаттату.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ –жауап,буын ұйқаспен жұмыс.

Сөздік қоры: Үй жануарлары мен төлдерінің атауы. тақырыбына қатысты сөздер.Үлкен,кішкентай,пайдалы.

Іс –әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Бақшаға жақын келдік.

Иіліп сәлем бердік.

Армысың балабақша

Біз саған оқуға келдік

Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақтарға шолу жасау.

-Қазір қандай мезгіл?

-Қыс айларын атап беріңдерші?

-Қазір қандай ай?

-Бүгін аптаның қандай күні?

-Ертең қандай күн?т.б.



Балалар бүгінгі сабақта біз сендермен атамыз бен әжеміздің ауылына поездбен саяхатқа аттанамыз.

-Балалар естідіңдерме, біз мінетін поезды хабарлап жатыр.Кәнекей билеттерімізді алып вагондарға жайғасайық.

Бүгін поездың жүргізуші тілшек болады.Тілшекке поезды жүргізуге көңілді ән айту арқылы көмектесейік.

Ту–ту–ту   

Орманды, тау, көлдермен,

Алыс – алыс  жерлермен,

Поездбен біз келеміз, поездбен біз келеміз!

- Жарайсыңдар, балалар!

Орындарынан тұрады.

Амандасады.

Бәрі қайталайды.Орындарына отырады.



Билеттерді алып, вагондарға жайғасады.






Балалар көңілді әнді қаталап, тілдерін жаттықтырады.


Іздену

ұйымдастырушы

- Тілімізді жаттықтырып үлгіргенше біздің поездымыз орманға келіп тоқтапты.

-Балалар орманның іші тып –тыныш, не жетіспейді?

-Кәнекей оларды жұмбақ жасыру арқылы тауып алып, олар туралы әңгіме құрастырайық:


  • Ол жабайы аң, жыртқыш.

  • Ол жабайы аң,қу.

  • Ол жабайы аң,маймақ.

  • Ол жабайы аң,жаңғақ жейді.

  • Ол жабайы аң, мүйізі бар.

  • Ол жабайы аң,тікенек инелері бар.

  • Ол жабайы аң, қорқақ.








  • Жақсы балалар барлық аңдарды тауып алып, орманға қайтардық, орман іші аңдармен құстардың дауысымен жанданды.

-Әрі қарай жол жүреміз, көңілді әнімізді айтамыз.

  • Атамыз бен әжеміздің ауылы көрінгендей.

  • Мінекей, ауылға да жетіп қалдық.

  • Балалар мынау кімдер?


  • Балалар біздің атамыз домино ойынын ойнауды өте жақсы көрет екен, бірге ойнап көңілін көтерейік.

«Домино ойыны»

Мақсаты: ойын арқылы үй жануарларының атауларын бекіту.

-Балалар ал әжеміз төлдерге күнде тамақ, су беріп, оларды күтеді.Бірақ төлдерінің санын білмей отыр.Әжемізге төлдерін игровизор арқылы санап берейік.

-Алдымен интерактивтік тақтаға назар аударып,сандарды еске түсіріп алайық.

«Игровизор» ойыны.

Мақсаты: төлдердің санын анықтау (зат есіммен сан есімді байланыстыру).


-Жарайсыңдар балалар!





  • Орманда аңдар жетіспейді.

Балалар жұмбақтардың шешімдерін табады:

-Қасқыр.

- Түлкі.

-Аю.

-Тиын.

-Бұғы.

- Кірпі.


- Қоян.

Жұмбақтардың шешімін тауып, әр аң туралы қысқаша әңгіме құрастырады:

-Мынау қасқыр.

-Қасқыр жабайы аң.

-Қасқыр жыртқыш.

-Қасқыр орманда мекендейді.










  • Мынау ата.

  • Мынау әже.




Балалар доминоны құрастыра отырып, үй жануарларының аттарын атайды, әкелер пайдасы жайлы баяндайды.




Балалар интерактивтік тақтаға назар аударып,сандар туралы көңілді әнді орындайды.

Балалар игровизор ойыны арқылы төлдердің санын анықтап, зат есіммен сан есімді байланыстырады.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар қараңдаршы, атамыз бен әжеміздің немересі Әли мектептен келіпті.Ол қамшы жүгірту ойыны арқылы сендердің үй жануарлары туралы қандай мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар білетіндеріңді көргісі келеді.

-Қараңдаршы Әжеміз бізге арнап бауырсақ дайындапты.

-Біз Әжемізге алғысымызды білдіру үшін «Әже» туралы ән салып берейік.

- Мадақтау.

- Қоштасу.



Балалар қамшы жүгірту арқылы үй жануарлары туралы мақал – мәтелдерді, жаңылтпаштарды еске түсіреді.




Балалар «Әже» туралы ән орындап, билейді.


Балалар қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды:аталған тақырып бойынша сөздерді біледі,сөздік қоры дамыйды.

Түсінеді: сөздік қоры арта түсіп, ой – өрісі кеңейеді, сұрақтарға жауап береді.

Қолданады: сұрақтарға жауап беріп, сөйлем құрастырады, қазақ халқының аталған тақырып бойынша мақал –мәтелдерін, әндерін біледі.