СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок по самопознанию "Мои учителя"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалім- білім беруші.

Мұғалім- көмекші

Мұғалім- қамқоршы

Мұғалім- ақылшы

Мұғалім- сенімді дос.

Просмотр содержимого документа
«Урок по самопознанию "Мои учителя"»

Тақырыбы: Менің ұстаздарым.


Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-оқушылардың мұғалімнің , ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екендігін түсіндіру.

-мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;

-ұстаздарды бағалауға, сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, «жүрекше» пішіндегі ашық хат, фольга, түрлі түсті қағаздар..

Шаттық шеңбері

Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Балалар ұстаздарына арнап жүрекжарды тілектерін айтады.

Тапсырма

Оқушылардың сабақта алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін мынадай тапсырма беріледі:

-Төменде айтылған ойларды түсіндіріңдер.

Бұл тапсырманы берудегі мақсат-оқушылардың мұғалім еңбегін түсініп, бағалай білуге ықпал ету.

Мұғалім- білім беруші.

Мұғалім- көмекші

Мұғалім- қамқоршы

Мұғалім- ақылшы

Мұғалім- сенімді дос.

Оқушылар тапсырманы қалауларынша топқа бөлініп немесе жекелей ойланады. Тапсырманың орындалуын сынып алдында жария етеді.

Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мақалды жазып қояды. Осы мақалдың мағынасын оқушылардың қалай түсінетіндерін сұрайды. Балалардың жауаптары тыңдалған соң, өзі қорытынды жасайды.

Мұғалім балалардың жауабын төмендегі ойдың негізінде толықтыруына болады:

-Балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз.

Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата алуға үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс қолдана алған шәкірт нағыз білімді болады.

Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім балаларға Ы. Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесін айтып береді.

Бақша ағаштары

Ы. Алтынсарин

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

-Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?-деп сұрады баласы.

-Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп отырған. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен,-деді атасы.

-Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.

-Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен де әбірет (өнеге) алсаң болады. Сен жас ағашсың. Саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,-деді.

Мұғалім оқушылардың осы мәтіннен түйген ойларын мынадай сұрақтарға жауап арқылы біледі.

* Бақша ағаштарының түзу және қисық өсулерінің себебі неден деп ойлайсыңдар?

* Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

* Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалардың жауаптарын мұғалім:

-«Ата-анасының, үлкендердің айтқан ақылын тыңдап өскен бала жақсы азамат болып өседі» деген өнегелі сөзбен түйіндейді.

Тапсырма

Оқушылардың сабақта үйренгендерін бекіту мақсатында «Суреттерге қарап, «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар» деген тапсырма беріледі. Тапсырманы орындау кезінде пайдалану үшін оқулықта суреттер ұсынылған.

Назар аударыңдар

Мұғалім оқулықта ұстаз туралы Алпамыс пен Махаббаттың атынан берілген үзіндіге балалардың көңілін аудартады:

Ұстаз біліммен сусындатады;

Ұстаз тәлім-тәрбие береді;

Ұстаз өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;

Ұстаз табиғатты танып білуді меңгертеді;

Ұстаз адамдарды түсінуге үйретеді.

Шығармашылық жұмыс

«Түнгі аспан» атты шығармашылық жұмыс төмендегідей жүргізіледі.

Мұғалім тақтаға түнгі аспанды бейнелейтін қою көк түсті плакатты іледі. Өзі сары түсті қағаздан «Айды» қиып, плакатқа жапсырады. Ал әр оқушы фолгадан жұлдыздарды қиып, тақтадағы плакатқа шетінен орналастырады.

Мұғалім оқушылардың орындаған тапсырмасына ризашылығын білдіреді:

-Жарайсыңдар! Біздің «Түнгі аспанды» жарық еткен-ай мен жұлдыздар. Ай-мұғалім, ал жұлдыздар-оның шәкірттері.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. Орындап болған біткен соң жария етеді.

Тапсырма:

Берілген сөздерді орындарына қойып, сөзжұмбақты шешіңдер.

Керекті сөздер: ұстаз, сағат, ата, кітап, қарбыз.

Қорытындылау

Мұғалім сабақты былайша қорытындылайды:

-Иә, шәкірттерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі-ұстаз үшін үлкен қуаныш.

Жүректен жүрекке

Мұғалім сағаттың қос тіліндей екі қолын екі жаққа созып ортаға тұрады. Балалар сағаттың тілімен оңға қарай қозғалыспен бірінен кейін бірі алақаны арқылы ұстаздан жылу алады. Әр бала алақанын ұстаздың алақанына тигізіп тұрып, алғыс білдіреді. Мысалы: «Білім бергеніңіз үшін рахмет! Оқуға үйреткеніңіз үшін рахмет! Ақылдылыққа жетелегеніңіз үшін рахмет! Жақсылыққа, әдептілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!»