Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні/Дата проведения:23.10.2019
Тәрбиеші/ Воспитатель: Смағұл П.А
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация
Пән/Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Күзгі гүл шоқтары!»
Тақырыбы/Тема: «Үш торай» (ертегі)
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная: ертегіде жамандықтан, салақтықтан аулақ болуға тәрбиелейді
Дамытушылық – развивающая: Бала еркін сөйлеп, ойын ойта білуге дамыту
Оқытушылық - обучающая : Ертегімен таныстыру. Мазмұнын жатқа айтуға үйрету. кейіпкерлермен таныстырып, рөлдерін сомдауды көрсету..
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Денсаулық технологиясы, ойын әдісі
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: суреттер, ойыншықтар
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: үш-три, торай -поросенок, үй-дом
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:
Тосын Сәт: Балаларды дөңгелетіп отырғызып, үш торай ертегісін оқып беретінімді айтамын.Сол кезде
есік қағылып қонаққа үш торай келеді. Балалармен амандасады.(Балаларда торайлармен амандасады)
Торайлар балалардан өздері туралы ертегі оқыдыңдар ма деп сұрайды.
Мен ертегіні енді оқып берейін деп отырғанымды айтамын.Торайлардан да біздің балалармен ертегіні тындауын сұраймын.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетімізде «Үш торай» ертегісін оқып, оның мазмұнын ашып, әңгімелейміз және сахналаймыз.
- Етегіні айтып, мазмұнын
түсіндіремін.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Ағалы-інілі үш торайдың аттарын атаңдаршы?
- Наф-Наф екі інісіне не айтты?
- Інілері тіл алды ма?
- Ниф-Ниф үйді неден салды?
- Нуф-Нуф та өзіне үйді неден салды?
-Бір күні екеуі кездесіп серуеіндеп жүргенде екеуінің алдынан кім шығады?
- Қасқырдың көңіл- күйі қандай?
-Себебі қасқыр аш па?
- Қасқырдан қорыққан екеуі қандай үйге келіп тығылады?
- Қасқыр не деді?
- Сонда ашулы қасқыр «фуу-у»- деп үрлегенде үй шашылып кетті.
- Содан соң олар қайда қашып тығылады?
- Нуф-Нуф үй неден салынған еді?
- Қасқыр ол үйге де келіп «фуу-у»- деп үрлеп, үйді әрлі- берлі шайқағанда не болды?
- Қорыққан торайлар ағасы Наф-Нафқа келеді. Есігі мықты, қабырғасы қалың үйде үшеуі жасырынады. Мұндай үйді оңайлықпен қирата алмайтынын түсінген қасқыр ашуға беріледі.
- Осы мезетте қасқыр кімдерді байқап қалады?
- Содан қасқыр қайда қаша жөнелді?
Қасқырдан құтылған торайлар аңшылараға ризашылығын білдіреді. Наф-Наф інілеріне көмек беріп жақсы іс істегеніне іштей өзіне риза болады.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент :үш-три, торай -поросенок, үй-дом
Сергіту сәті
Кел балақан,балақан,
Шапалақта алақан.
Жай-жай-жай,
Қозғап барлық денені.
Қаттырақ соқ қолды енді.
Ал енді, балалар осы ертегіні қол саусақ театр арқылы сахналайық
- Балалар, қандай ертегіні сахналадық?
Суретпен жұмыс. "Әңгіме құра"
Балалар суретке қарап, сипаттап әңгіме құрастырады.Суретпен жұмыста барлық баламен жұмыс істеймін.
Кубикпен жұмыс: балалар суретке қарап кубиктерден толық ертегіні құрастырып, әңгімелеп береді. Бір суретті құрастыру үшін екі баладан жұмыс істейді.
Жеке жұмыс: Алина біз қандай ертегімен таныстық?
Агзам ертегіде қандай кейіпкерлерді кездестірдік?
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
Балалар қонаққа бізге нелер келді? (қонаққа үш торай келді) біз олардан не үйрендік? жалқау болмай, бірге жұмыс істеу керек екенін.
Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар!балаларды мақтап-мадақтау.