ҰЖЖ 5 кл ВШП 5кл
Восточно-Казахстанская область
Курчумский район
Курчумская средняя школа № 4 им. Н.Островского

Учитель истории Томаганова Э.Е.
5 класс
Курчум 2016год
| Класс: 5 | Дата:7.12. |
| Тема: | Великий шёлковый путь |
| Цель ожидаемые результаты | Все учащиеся имеют общее понятие о великом шелковом пути, начале и времени фунционирования, общей протяженности, о том какие страны связывал ВШП, какие товары перевозились по ВШП |
| Большее количесвто учащихся Особенностях шелка, |
| Некоторые учащиеся Рассказывают об экономическом, культурном, хозяйственном значении ВШП и развитии дипламатических отношений в международной торговле |
| Ожидаемый результат | Знают о ВШП, показывают на карте города на трассе ВШП, перевозимые товары.№ |
| Этапы урока | Действия учителя | Ученик Ожидаемый результат | Формы взаимодействия и новые подходы | ресурсы |
| Орг момент | Психологический настрой | пожелания др др | | |
| Деление на группы | Составляют картинки из пазлов | Названия древних городов Тараз, Испиджаб Туркестан | групповая | |
| Знание | 4 фото 1 предложение | Разгадывают тему урока ВШП | 4 фото 1 слово | Слайд2 |
| Понимание Новая тема | Введение в тему Великий шелковый путь Начало 2 в до н.э.- до 14 в н.э. Длина – 7000-12000км Служил мостом между Западом и Востоком, на территории Каз.ВШП проходил через Жетысу и Южный Каз. Время расцвета торговли ВШП -6-7 века Товары шелк, слоновая кость, слоны носороги, редкие птицы, специи, фрукты, форфоровая посуда, ковры стекляные вазы Страны китай Ср Азия, Индия, Византия Иран, Ирак, Сирия, Рим Проникновение религии ислам, буддизм, христ, манихейство Распространение культуры, знаний, науки, литературы. | Слушают и запоминают | | Слайды 4,5 |
| Применение | городТараз Придумать рассказ «Товары ВШП» Показать на карте г.Тараз город Испиджаб реклама шелка показать на карте город Испиджаб городТуркестан «Значение ВШП» составить кластер Найти на карте город Туркестан | наносят города на трассе ВШП на казахской земле на флипчарте составляют кластер выбирая из предложенных рисунков нужное | ДО, КМ, Л, ВО Групповая работа | слайды 6 А3, маркеры, выделители картинки, тексты, карта |
| физминутка | Правда или ложь ВШП берет начало в Китае р.Хуанхэ Шелк был главным товаром Через Каз ВШП не проходил Общая протяженность 7-12 тыс км Начал функционировать во 2 в до.н.э. ВШП проходил через г.У-ка Вы ученики 4 школы | Да- руки поднимают Нет –мотают головой | | |
| анализ | Защита проектов групп Кластер, реклама и рассказ Закрепление вывод. XVII ғ. Бастап теңіз жолдарының ашылуы, Жібек жолының әлсіреп, тоқтауына әсер етті. Жібек жолы – Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы салған әлемдік өркениеттің жарқын көрінісі. Осы жолға сипаттама бере отырып, таңғажайып жерлермен таныстық. Сан ғасырлар бойы осының бәрін жинақтап, сақтап бізге жеткізуші болған Жібек жолындағы сапарымызды аяқтай отырып, ортағасырлардың тарихи, рухани өмірінің көп қырлылығын атай кетуіміз керек. Шығыс пен Батыстың Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің өзара тоғысып, сабақтасып жатуына ыңғайлы жағдай туды. Қазақстанның отырықшы қала халқы мен көшпелі тайпалары көрші елдермен және алыс жұртпен қарым-қатынас жасауы арқасында адамзаттың ежелгі өркениетінің алмас тасындай жарқыраған мәдениетті өмірге әкелді | Группы выступают с выполненными заданиями Закрепление Делают выводы, подводят итоги темы | Групповое задание | слайды7,8,9 Теради и карты учащихся , карта на интерактивной доске |
| оценивание | Оценивание на этапе защиты мини проектов | Группы Оценивают работу стикерами | ОО,ОдО, ВО, Л, ДО | Оценочные листы |
| синтез | Рефлексия На стикерах пишут Мне понравилось ... пожелания ... | Записывают на стикерах | СР, ОО, ОдО, | «весы» Стикеры или дерево Блоба |
| Оценка | Оценивание с комментариями | В группе | ОО, ОдО | дневники |
| д/з | § 10, прочитать, заполнить карту и выполнить по выбору задания в рабочей тетради | Записывают в дневниках | | |
«Ұлы Жібек жолындағы тауарлар» атты әңгіме құру
Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өңдірілетін тауарлар тасылды. Бұл ғажайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар — мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр (женьшень) мен айдаһардың (питон) еті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршығалар мен сұнқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті татамдар мен қант, жемістер мен көкеністер Жібек жолы арқылы тарады. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып кала берді. Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттік қарыз ретінде төленді.
Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайларының фрескаларында шонжарлар киген жібек киімдерде оларға тән барлық қымбат бұйымдар әшекейлерімен, ұсақ-түйектерімен, тіпті тігістерімен айнытпай салынатыны кездейсоқ емес. Жібек жолымен тасылатын жібектің де, тауарлардың бір бөлігінің де оның Қазақстан бөлігінде тұрған қалаларда қалып отырғаны әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлелдейді.
Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жататын жеті «У- шу» теңгесі шықты.
Батыспен байланысты қымбат түратын заттар арасынан Жетісудан табылған күміс құмыраларды атап өту керек, онда византиялық үлгіге еліктеп крестер түрінде қалыппен өрнек салынған. Құмыраларды жасаған шебер өз жұмысын Византияда істелген деп көрсетуге тырысқан.
Жамбыл қаласында Тараздың орнынан I Юстинианның византиялык алтын солиді (алтын тенгесі) табылды. Византияның алтын солиді кең таралған және халықаралық валютаға айналған.
Тапсырма:Төмендегі мәтінге кластер құрыңдар
ҰЖЖ-ң экономикалық дамуындағы маңызы. Сонымен Қазақстан арқылы Батысқа шығысқа бағыт алған саудагерлер қазақ жеріндегі қалаларға соқпай өтпейтін болған. Түркі халықтарының отырықшылыққа ауысуына әсерін тигізген. Ерте орта ғасырларда ұлы жібек жолының арқасында қалалар пайда болып, олардың саны өсіп, көркейе түскен. Қазақстан жеріндегі Тараз,Сайрам, Талғар,Отырар сияқты атақты қалалар эканомикалық жағынан өркендеп, байыды. Жолдың бір бағыты Таразда түйісіп , Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына жеткен. Бұл қалалар жеріміздегі сауданың орталықтары саналады. Оған дәлел -археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде қалыптасқан әр елдің тұтыну бұйымдары, теңгелер мен әшекей сәндік бұйымдар табылған. Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан.
ҰЖЖ-ң мәдениеттің дамуына ықпалы. Ұлы Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, халықтардың мәдени жетістіктері де таралады.. Византия шеберлерінің тамаша күміс құмыралары мен Қытайдың фарфор ыдыстары адамның эстетикалық талғамын дамытқаны сөзсіз. Кейін жергілікті қолөнершілерде осы бұйымдарды жасап үйренді.
Ұлы жібек жолымен таралған әлемдік діндер. Жібек жолымен діни сенімдер де таралады, әр алуан уағыздаушылар (миссионерлер) өздерінің діндерін құрлықтың арғы бетіндегі елдерге ала барды
Будда діні- Б.з.д. І ғасырдың ортасында Үндістанда пайда болып тарады. Христиан діні - І ғ-да Рим империясында пайда болды. Манихей- ІІІ ғ-да Иранда пайда болды. Зороастризм- Б.з.б. VII – VI ғ-да ежелгі Еуразия даласында пайда болды. Ислам-VII ғ-да Арабия түбегінде пайда болды.
Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері
Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан–жануарлар сатыла бастаған. Бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған.
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастағы тарихи маңызы
Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана пайдасын тигізіп қойған жоқ,ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді. Ұлы Жібек жолының жандана бастаған кезі б.з.д. ІІ ғасырдың ортасы. Қытай императоры У Ди 138 жылы Батыс елдеріне аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған, осы кезден бастап Қазақстан, Орталық Азияны басып, Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шығып, керісінше батыстағы елдерден Қытайға қарай елшіліктер ағыла бастаған.
Тапсырма: Жібек матасына реклама жасаңдар
Жібек– жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық.
Жібек құрты тут ағашының жапырағын жеп қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше – піллә түзеді.
Жібек матасының пайдалы қасиеттері
Бірде жолдасым жібек матасының пайдасы туралы айтты. Сол кезден бастап жібек шытын мойыныма үнемі тағатын болдым. Өйткені мен моданың соңында жүрген емеспін. Көп жылдан бері менің жаныма бататын ангина еді. Жібек шытын таққаннан бері ол дерттің не екенін де ұмыттым. Табиғи өнімнен жасалатындығынан, әсіресе, құрғақ, сезімтал теріге өте жақсы, аллергия ауруына шалдыққан адамға . Жібек матасының ерекшелігі ол талшықтарының іші қуыс болғаны және өзінің салмағының 30-50% дейін ылғалды бойында ұстайды да, бірақ, өзі құрғақ болып қала береді. Сондықтан, Қытай Жапония ханымдары беттерін жібек матасымен сүртеді де сұлулықтың құпиясы деп санайды. Суық кезде жылуды жақсы ұстайды, ал ыстық күнде салқындатады. 120 – 130°С ыстыққа төтеп береді. Жәндіктер, құрттар, паразиттер бар жерде жібектен тігілген киімдер адамды жақсы қорғайды екен. Себебі құрамындағы протеин сол құрттарға, паразиттерге жақпайды екен. Дәрігерлердің ұсынысы бойынша жібек матасы қан айналымын да жақсартады екен. Жібек құрты қазір тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында, Қытай, Жапония, Үндістан және т.б. елдерде өсіріледі.
!!! Бір жібек құртының жібінің ұзындығы 300-900 м дейн жетеді шамамен 1 км жуық.




Гусеница тутового шелкопряда
Превращение в куколку
Шёлковые волокна
мотылек