№ 5 «Нұрбөбек» балабақшасы
Мемлекетке деген құрмет және шыншылдыққа тәрбиелеу
Дайындаған: Жұманова Ләззат Төлеубайқызы
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: Мемлекетке деген құрмет және шыншылдыққа әдептіліккетәрбиелеу
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанға деген сүйіспеншілікке , қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқынынң салт-дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Білімділігі: Адам бойындағы ұнамды ұнамсыз қылықтарды айыра отырып,әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Тәрбиелілігі: Шыншылдыққа, әдептілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу Көрнекіліктері: Қазақстан картасы, рәміздер, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер. Сюжетті суреттер, нақыл сөздер, Түрі: Саяхат Ұйымдастыру кезеңі: І. Кіріспе бөлім. Бүгінгі іс әрекетіміз Отанға деген құрмет сонымен қатар әдептілік шыншылдық тақырыбында өтіледі.
- Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Біз бақытты баламыз,-дей отырып, бүгінігі әс әрекетімізді ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
-Балалар ,сендер қандай ән орындадыңдар?
-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.
Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.
-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр.
- мынау - елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.
- Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
- Астана қаласы
- Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,
Астанамыз Астана –бас қаламыз.
- балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?
Әділет:
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
Айжан.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Жансая
Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада аспан әлемі
Нұрислам:
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз -Қазақстан.халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?
Арман: Отан деген менің үйім,туған жерім.
Бақдаулет: Менің жүрегім Отан деп соғады.
Кемел:
Азаматқа лайық ,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.
Отан деген –Атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан –ана,отан –үлкен,
Қазақстан - туған ел.
- Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
- Нұрсұлтан Назарбаев атамыз
Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ? Дарын:
Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті. - Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз. Исахан:
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілімсақтаған. Жансая:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте. - Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді сендер Отан туралы мақал-мәтел айтайық.
Отан –оттанда ыстық.
Отан –елдің анасы,
Ел-ердің анасы.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
- Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Құрметті ұстаздар! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен іс әрекетімізді жалғастырамыз. Әдептілік-адамдардың өзара жақса қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Мысалы: уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт "Әдепсіз екен" дейді. Онымен басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қалады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немеме білмей бұзады. Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен кісіге орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн. Ол әдептіліктің белгісі болыцп табылады. Үйде әжелерің, аталарың "Үлкенді сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес" деп үйретіп отырады. Міне, осы ереженің бәрін ұстап, бұзбай жүрген бала- нағыз әдепті бала. Егде және сырқат адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен ауыр жүк көтеріп келіп жатқан адамдарға жол беру қажет. Балалар, сондықтан бүгін біз сендермен "Әдептілік әлемі еліне" саяхат жасаймыз. Саяхатымызға әр түрлі аялдамалар бар. Келесі аялдамаға өту үшін ондағы тапсырмаларды орындап отыруымыз керек. Саяхатқа автобуспен шығамыз. ІІ. Негізі бөлім.1-аялдама: "Сәлем сөздің анасы" Бұл аялдамада мынадай тапсырмалар беріледі. А) "Сәлем бере білейік!" (көрініс) Автор: Көшеде кездесіп сөйлеп тұрған әкім мен байдың қастарынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатыр иіліп, бар тұрып сәлем береді. Мұжық: Ассалаумағалейкум. Автор: Үлкен әкім мұжыққа одан да төменірек бас ұрып сәлем алады. Әкім: Уағалейкумассалам. Мұжық: Деніңіз сау ма? Аман-сенсіз бе? Әкім: Құдайға шүкір аманбыз. Автор: Қасындағы бай. Бай: -Тақсар, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? Дейді. Автор: Сонда әкім: Әкім: Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілік көрсеткен- де, мен одан әдепсіз болып қалайын ба? Автор: депті " Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі- келіп-кетіп жүргені"- деп халқымыз бекер айтпаған болар. Сәлемдесуге байланысты жағы қандай сөздерді білесіңдер? 1-бала: Көшелерден біз өткен Ата көрсем Жақын кеп Сәлем берем ізетпен Ассалаумағалейкум!деп Алдан әже жолықса Бөгелем де әдейлеп "Есенсіз бе, әжей!- Кім кезіксе көшеде "Таныс емес демеймін Аға, тәте көшеде Сәлематсыз ба! деймін. Сәлемдесуге байланысты мақал-мәтелдер айту 2-бала: Алыстан сәлем береді Әдепті елдің баласы Аманы түзу-заманы түзу Сәлем сатулы емес. 2-аялдама: "Кішіпейілділік-кісілік белгісі" Бұл аялдамада үлкен кісілерді қалай күту керек екенін көрсетеді. Бала: Ата, әже, келіңіздер, төрлетіңіздер! Астарыңызға көрпешелер салайын, отырыңыздар. Ата: Оу, балам, үлкен азамат бол! Әже: Алланың нұры жаусын, жақсы азамат болып өс! Бала: Әпке, сәлеметсіз бе? Жоғары шығыңыз. Әпке: Рахмет, інішек Бала: Аға келіңіз, төрге шығыңыз Аға: Көп жаса, бауырым Бала: Оу, нағашы аға! Қош келдіңіз, төрлетіңіз. Нағашы: Жиенжан, көп рахмет. Арманыңа жет. Ал балалар осы кішіпейілділік туралы қандай сөздер білесіңдер: 1-бала: Анам маған үлкенді сыйла,-деген Сол сөз маған ізгілік құйған екен Үлкендермен ауысқан кішілікті Үлкендердің өзіне сыйға берем Атамнан қалған мұра-ізеттілік Арымды соған қойған күзеттіріп Адалдық- менің сәби айбарым ғой Маңдайынан жүргені жүз өптіріп. 3-аялдама: "Сиқырлы сөздер әлемі." А) Бұл "Сиқырлы сөздер әлемінде" сиқырлы конверттер бар. Ол конвертте мынадай сөздер жазылған: рахмет, кешіріңіз, рұқсат па, өтінемін. Осы сөздерге байланысты мысалдар айту керек. 1-Бала: Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді -Не деп барып жеу керек? Рахмет! 2-бала: Балалар жүр көшеде Естіледі айқай-шу Сендешықтыңкөршіңді, Қағып кеттің байқамай -Мұндайда не деу керек? Кешіріңіз? 3-бала: Әжең сенің түскі асқа Қант-кәмпит салды мол Жұрттан бұрын ыдысқа Өз бетіңмен салдың қол -Жөн еді не айтқаның? Рұқсат па Добын апар назардың! Деді ағаң, бармадың Тапжылмадың, сазардың Аған тілін алмадың? Жарайды! 4-аялдама:"Үлкенге құрмет, кішіге ізет" Бұл аялдамада "Автобустағы оқиға" көрініс көрсету Автор: Автобус іші лық толы адам. Есет жан-жағына қараса, жанында көзілдірікті атай мен сөмке көтерген әжей тұр екен. Есет ларды көрмеген болып терезеге бұрылды. Сөйтіп орнынан тұрмастан теріс қарап отыра берді. Баланың әдепсіз қылығына үлкен кісілер қайран қалды. Үлкен кісілердің қиналып, әзер тұрғанына Есеттің беті бүлк еткен жок. Автобустың оң жақ терезесінің жанындағы орындықта отырған Есен таяқ ұстаған қарт адамды көре сала ұшып тұрды. -Отырыңыз ата,- деді ол үлкен кісіге - Рахмет балам. Көп жаса, өркенің өссін,- деп жатыр. -Отырыңыз әжей- деп Айман да өз орнын берді -Ой рахмет айналайын, сабағыңды беспен оқы Автобус ішіндегі жолаушылар Есен мен Айманға қатты риза болды.
Не деген әдепті бала!-десті олар сүйсініп Балалар әдептілік туралы кім не біледі? 1-бала: Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре сарсаң әлегің
2-бала: Әдепті бала сүйеніш
Төбең бір көкке жетеді
Әдепсіз бала күйеніш
Төбендеп басын кетеді.
3-бала: Әдепті бала - арлы бала
Әдепсіз бала -сорлы бала
4-бала: Әдепті бала ата-анасын мақтатар
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар
Сіз деген әдеп,
Біз деген көмек . 5-аялдама: "Шыншыл болып өсеміз "
Бұл аялдамада күнді бұлттар басып кеткен. Осы бұлттардан күнді тазартайық. Бұлттардың артындажарқын күн бейнесі . Сол күнді жарқыратып шығару үшін екі топ «Қыран» «Сұңқар » шыншылдық жайлы тақпақтарын айтып береді олай болса сайысымызды бастаймыз Алдымен «Қыран» тобы
Шыңғыс Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.
Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Мұхаммед Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
Ақиқаттың алмасы суынған ба!
Ануар Шындық деген - шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.
Сайда Шындық жеңер өтірікті ғаламда,
Жоламағын өтірік айтар жаманға.
Ойнап, күліп өмір сүрген тірлікте,
Ащы болса да, шындық қымбат адамға.
«Сұңқар» тобы
Нұрислам Өтірік деген - ақиқаттың қас жауы,
Шындығың бұл - тіршіліктің бастауы.
Инедейін өтірігің өмірде,
Сүттей таза жан дүниеңнің ластауы.
Бақдаулет Жамандық пен жақсылығың жарысқан,
Шындығың мен өтірігің алысқан.
Қайта оралмас бұл дүние жалғанда,
Әй, жігітім, құлап қалма намыстан.
Назерке Адамдарға ар намысы киелі,
Жақсы болсын ой, ниетің, пейілің.
Қысқа ғана бұл фәниде бастысы,
Таза болсын ішкі дүние-киімің.
Мунира Ақиқат сол – арамдықтың жан емі,
Ұнатамын әділдіктің әлемін.
Қарт емеспін ақыл айтар халқыма,
Бұл – сендерге өрендік айтар сәлемім.
Расул Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.
Хор
: Біздің бақтың ұл – қыздары Тату – тәтті ойнаймыз Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз
Ата-ананы тыңдайық
Айтқанынан шықпайық
Ал, достарды қолдайық
Қиын шақта қорғайық
Топ-топ 2 басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса жарқын күн
Жаса-жаса алтын күн
Қорытынды: Балалар жарайсыңдар екі топта жақсы өнер көрсетті , сонымен әдептілік,шыншылдық деген ар-ұяттың белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі.Шындық бар жерде күніміз жарық болады. Адам бойында жақсы және жаман қасиеттер болады екен. Бізге адамдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілдікті үлкендер үйретеді. Оны бізге ақжаулықта аналарымыз ақ сүтін бере отырып ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, тек шыншылдыққа баулып ,жаман мінез әдеттерден аулақ болуымыз керек. Сонда біз әдепті әрі әділ бала боламыз.