СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Заң білу - заман талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: білімділік – оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру. дамытушылық - оқушылардың ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту. тәрбиелік - оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.  А)  амандасу; Ә) тугендеу.

ІІ. Психологиялық дайындық

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

 

Оны өмірде пайдалану.

Барысы:

Мұғалім сөзі:

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де

 

Просмотр содержимого документа
«Заң білу - заман талабы»

Күні: 07.02.2018.

Тақырыбы: Заң білу - заман талабы.

Мақсаты: білімділік – оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру.
дамытушылық - оқушылардың ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту.
тәрбиелік - оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. А) амандасу; Ә) тугендеу.

ІІ. Психологиялық дайындық

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.

Барысы:

Мұғалім сөзі:

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған. «Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны. 1. Құқық деген не? - Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы


І. Заң сөздікшесі

Декларация- тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт

Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың

құқығы мен еркіндігін бекітетін,мемлектеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт.

Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап

Мораль- адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.

Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын

мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды

зерттейтін ғылым

ІІ. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.

1 – маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсан Адам құқығы күні

ІІІ. Көрініс:
«Сен Азаматсың, бос уақытыңда не істейсің?» ойыны

Балалар сендер сабаққа 14.00-де келесіңдер. Одан кейін сендер не істейсіңдер? Осыны қылқалам арқылы суреттеп көрсетеміз.

Сұрақ: Жарайсыңдар балалар. Әр топ өздерінің бос уақыттарында не істейтіндеріңді  бейнелеп көрсеттіңдер?

Енді осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады?

Жауап: Дем алуға құқылы.


IV. Артық болмас білгенің
Мұғалім: Ендеше балалар 9 тарау, 53 баптан тұратын бала құқықтары туралы не білеміз. 1 - бап.
1. 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады.
4 - бап. 1. Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, балаға және ата анасына немесе басқа заңды өкілдеріне қатысты өзге де мән жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. 5 - бап.
1. ҚР-ның заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.
8 - бап. 1. Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар. 9 - бап.
1. Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы. 15 - бап.
1. Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және ҚР-ның білім туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі кәсіптік, және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. 16 - бап. 1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. 19 - бап. 1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы. 21 - бап. 1. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы бар. Әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата - анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.

Ақмерей:

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

 Алтынай:

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып Ант береді.

Алия:

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі?!

Еліңнің дамуы мен дағдарысы

Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікелей өсер еткен ғұмырына

Айналды Ата Заңым мызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

 Айдана:

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,

Шектеу де және тегін қойылмайды!

Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

 

Өмірден әділдік пен бақ табатын,

Құқығым қорғалды деп шаттанатын,

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп

«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

 

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген

Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!


Қорытынды: Сонымен

Еңбек етсем ертеңгі,

Бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер,

Ата-Заңыма сенемін,- деп, біз заң туралы , заман туралы біраз керекті мағлұматтар алдық деп ойлаймын. Сонымен, Заң білу- заман талабы атты ашық сабағымыз аяқталды. Сау саламатта болыңыздар.


























5 мектеп-лицей






«Құқық бұзушылық және онынң алдын алу» онкүндігі


«Заң білу – заман талабы»

ашық сабақ













Өткізген: ЕлубаеваГ.К.

Сынып: 11Б






2018-2019 оқу жылы