Мотивациялық- қозғаушылық
| «Төртінші артық» ойыны Тәрбиеші сөздер қатарын айтады, артық сөзді естігенде қол шапалақтауды ұсынады. Қасқыр, тиін,түлкі, мысық; Піл, бұғы, қоян, борсық; Кірпі, маса, бұлан, тиін; Түлкі, аю, қоян, тоқылдақ; Керік,сиыр, ит, жылқы. | Артық сөзді естігенде, қолдарын шапалақтайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
| «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен аңдарды көрген емеспіз. Егер сендер жабайы аңдар туралы айтып берсеңдер мен қуанар едім. -Балалар жабайы жануарлар туралы айтып берейік . «Бұл қай аң» ойыны Тәрбиеші жұмбақтар жасырады. 1.Қыста жылы киіндім, Қоймам толы жаңғаққа Іші жылы үйімнің. 2. Тәтті көрсе бас салар, Аумайды жас баладан. Үп - үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкентай арадан. 3. Өзі айлакер, Өзі қу. Жүрген жері айқай шу. 4. Үсті толы ине Бірақ та іс тігіп, Қадамайды түйме Жарайсыңдар балалар. Барлық жұмбақты шештіңдер. Бұлардың барлығын бір сөзбен, қалай айтамыз? Неге жабайы аңдар деп айтамыз? Осы аңдар қыста қалай тіршілік етеді? Тірек сызбалар арқылы әңгіме құрастыруды ұсынады.жабайы аңдар туралы қызық әңгімелер құрып көрейік. Сендердің әңгімелеріңді мен үнтаспаға жазамын Суреттерді көрсетіп, әңгімені неден бастау керек екенін анықтайды. Әңгіменің жоспарын ұсынады: -Бұл қандай аң? (оның келбеті, дене мүшелері, киген тоны, түсі) -Қайда мекендейді? (үңгір, апан, бұта, ағаштың қуысы) -Немен қоректенеді? (нені аулайды) -Төлі, баласы қалай аталады? Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы қырлы жерлермен Ытқып, ытқып жүгірді Қарап еді артына Көзіңе сап қиығын Келе жатқан тоңпаңдап Көжек екен өзінің Суретпен жұмыс. «Ненің баласы» ойын. Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру Барысы: Балаларға суретттерді көрсете отырып, сұрақ қою. Түлкі баласы - жәутік Қасқыр баласы - бөлтірік Аю баласы - қонжық Қоян баласы - көжек Жарайсыңдар балалар! Мында аю тұрады,бұл апан Түлкі мен қасқыр үңгірде тұрады. Қыста орман аңдары ұйқыға кетеді, олар қорегін жазда жинап алған. Аю мен ұйқыға жатамын Түлкі Қыстың қамын жазда ойла. Мен ұзақ жолға шығып барам. Қар астынан азық іздеп жеймін Қоян- Қыста тонымды ауыстырып жауларымнан қорғанамын, ағашты кеміріп, күндіз ұйықтаймын, түнде жүгіріп азық іздеймін, мазамды алма, әніңді айтып билей бер. | Хаттың мазмұның тыңдайды.
Тәрбиеші айтқандарын мұқият орындайды.
Тәрбиешінің айтқанына қызығушылық танытады. Суреттерді тамашалап, тәрбиешіні тыңдайды. Сұрақтарға ретімен жауап беріп, әңгіме құрайдыСергіту жаттығуын жасайды.
Жұмбақтарды шешеді |
Рефлексивті-түзетушілік
| Балалар, бізге кім келді? Орманда қандай аңдар тұрады екен? Сұлбаны бастырып бояу ұсынылады. Жарайсыңдар балалар! Сендерге көп рахмет!Бүгін барлығын жақсы қатыстыңдар! | Орманда қандай аңдар тұратынын айтып береді. Аңдардың сұлбасын бастырады, бояйды. |