Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай отырып, орындауға тәрбиелеу.
Барысы: Музыка залы жаңа-жыл мерекесіне әсем безендiрiлген. Ортада шырша орналасқан.
Жүргізуші: Сәлем, бар адамдарға,
Аяулы аналарға,
Ардақты қонақтарға,
Бүлдіршін балаларға!
Міне тағы келіп тұр
Жаңа бір жыл, қонақтар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шықсын.
Олай болса, ортаға
Бөбектерімізді шақырайық.
Балалардың өнеріне шаттанайық, қуанайық!
Залға көңілді музыканың ырғағымен билеп, балалар кіреді.
Шырша артынан секіріп қоян шығады.
Қоян:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Аю: сәлеметсің бе қоян! Той алдында ұйқымды ашып, сергіп келдім. Мен бүгін ұйықтамаймын жаңа жылды қарсы аламын.
Екеуі қол ұстаса билеп жүрген кезде алдынан түлкі шығады.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: түлкі кел мұнда
Сол сәтте қасқыр шыға келеді.
Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Ән: Шырша жыры
Жүргізуші: Балалар, мен қардың дыбысын естіп тұрмын. (Аққала демін тоқтата алмай жүгіріп келеді. Қолында хаты бар, залға кіре құлайды)
Сәлеметсің бе, Аққала! Сіз бір жеріңізді ауыртып алған жоқсыз ба?
Аққала: Сәлеметсіздерме балалар! жоқ өтірік құладым. Балаларды күлдірейін деп. Мен сендерге хат әкелдім.
Жүргізуші: хат кімнен екен?
Аққала: ойлап табыңдар балалар. Бізге Жаңа Жылда кім көп сыйлық береді?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар
Аққала: өздерің қандай тапқырсыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз жолда келе жатырмыз. Қазір сендердің Жаңа жылдық тойларыңда боламыз.
Балалар: алақай Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр
Ендеше бізге осындай қуанышты хабар алып келген аққалаға рахметімізді айтып тақпақ айтып береміз бе?
Балалар: ия
Балалардың тақпақтары
Түлкі: Жаңа біздің ескі жылымыз жүр еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай қамығып жүрген шығар, рахмет айтып ортаға алайық.
(Музыкамен Ескі жыл кіреді)
Ескі жыл Маймыл: Бүгіннен ертең ғаламат, алдыңғы сапта боларсың.
Келер жыл саған аманат,
Қош сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық,
Ескі жылдай ата бар.
Оны ортаға алып біз,
Қоштаса билеп қалайық
Би: «Қыс қызығы»
Түлкі, қояндар бірге: Алақай, алақай, жаңа жыл келді, қарсы алайық. (Осы кезде жаңа жыл кіреді)
Жүргізуші: Жаңа жыл жаңа күннен басталады,
Ашылып келешектің төс қаламы.
Билігін ескі жылдың қолынан алып,
Жаңа жыл одан әрі басқарылады.
Жаңа жыл: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Рахмет, балалар, мені бөтенсітпей, шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет. Өнерлі, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер, 365 күн бірге боламыз.
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Олар орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Ақшақар! Аяз Ата! – деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды. Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тименіз біздін шыршамызға!
Мыстан: (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту-у-у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ак,осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шыркап, атамызды шақырайық!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен ақшақар кіреді. Аяз-ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз-ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз-ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)
Аяз-ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Аяз-ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(Сөйтіп жатқанда Қоян сиқырлы таяқты тауып алады)
Аяз-ата: Жарайсың, балапаным!
Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар!
Аяз ата: Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Ақшақар: Ал, кәнеки балалар,
Ән мен жырға басайық
Той – думанды жалғайық.
Жаңа жылда шыршамызды айналып,
Би билейік, қалықтап.
«В лесу родилась ёлочка» әнімен шыршаны айналу.
Балалар аяз атаға арнап тақпақтарымызды айтып берейік.
Ортаға тақпақтармен:
Ақшақар: Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге.
Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Тәрбиеші:
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде
Құрметті қонақтар, балаларымыздың «Ақшақар мен Аяз ата» биін тамашалайық!
Аяз ата: Балалар, менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: Иә, ойнаймыз!
Жүргізуші: Бұл қандай ойын, Аяз ата?
Аяз ата: «Кім жылдам?» атты ойын. Бүл ойынға 5 баланы шақырамын. Мына әдемі ойыншықтарды жылдам жинау керек. (Ойыншыларға) Музыка ойнағанда, ойыншықтарды айналып жүгіресіңдер, тоқтағанда – жылдам 1 ойыншықты алу керексіңдер. Кімге ойыншық жетпей қалса, ойыннан шығады. Қалғандары ойынды жалғастырады.
«Кім жылдам?» Аяз атамен ойын.
Тәрбиеші: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Аяз Ата: Иә, сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
Аяз Ата: Қап, әттеген-ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға мыстан кіріп келеді.)
Мыстан: А-а бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой!
Аяз Ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай-тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Аяз ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал!Керегі жоқ, қалпыма кетір! Ой, не істесем екен?
Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін!
Аяз Ата: А-а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!
Мыстан: Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, менімен бірге би билесін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балалармен би билейди.)
Би: Мыстан
Мыстан: Жарайсындар, балалар, жақсы билейди екенсіңдер.
Ән: Жаңа жыл!
АязАта: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер. Сыйлықтарын таратып береді.
Аяз ата:Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді , әдемі бала екенсіңдер.
Жаңа жалда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аңдарда балалармен қоштасады. Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)
Жүргізуші:
Жүзімізді күлкі ойнап,
Қанаттанар жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Ән шырқадық бәріміз.
Келді тағы жаңа жыл
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын келесі құттықтау сөз кезегі балабақша меңгерушісіне беріледі.
Жүргізушi ата-аналарға сөз бередi.
Жүргізуші: Тiлеймiз біз бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр!
Тiлеймiз біз бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
-Осымен Жаңа жылға арналған ертеңгiлiгiмiз аяқталды. Мерекемізді топта жалғастырамыз. Жаңа жылдарың құтты болсын! Келесi кездескенше, сау болыңыздар!