СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаңа жыл мерекесі сценарий

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалімдерге көмек ретінде.Жаңа жыл мерекесінің сценарий

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жыл мерекесі сценарий»

Жаңа жыл 2018

Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл

(Сахына қараңғы)

Би: Зимний сон

Маша: (Жүгіре шығады) Мынау не деген әдемілік,қандай ғажап!! Шыршаны қара жалт-жұлт етеді.Бұл қандай мереке(ойланып ), мен оны Мишкадан сұрап қарайын. Мишка,Мишка (деп айқайлап шыршаны бүлдірейндеп жатады)

Мишка: (жүгіре басып келіп,Машаның қолын шыршадан алады) Ой Маша бұның не? Бұл шырша ғой, оны бүлдіруге болмайды.

Маша: Бұл не үшін керек? Неге жанып тұр!

Мишка: Сен мына залды көрмей тұрсыңба? Бұл жерде Сам ауылы тұрғындары жаңа жыл мерекесін қарсы алмақшы. Санаулы уақыттардан кейін жаңа жыл Ит жылы келеді.

Маша: Ал мына халық не үшін жиналған?

Мишка: Бұл осы бүгінгі кештің көрермендерді. Бұл жерде жаңа жылдың құрметіне ән айтылып, би биленеді, әдемі киініп,әсем сөздер айтады барлығы бірге жаңа жылды осылай көңілді қарсы алады.

Маша: (ұялып қалады) Ой Мишка менің киімім бұл кешке мүлдем сәйкес емес қарашы. Мишкааа

Мишка: Жоқ Маша сенің киімің де, өзің де әдемісің біз оданда әсем сөздер айтып көрермендермен амандасайық.

Маша: сіз бастаңыз

Мишка: Жарайд, Армысыздар құрметті ауыл тұрғындары, оқушылар және ұстаздар. Келе жатқан жаңа жыл мерекесі баршаңызға құт береке әкелсін.

Маша:Сәтеметсіздерме ағалар мен апалар. Сәлем,сәлем достар. Жаңа жыл мерекесін осы әсем безендірілген залда әдемі көңіл күймен қарсы алайық,ән салайық, би билейік, ойын ойнап ортаға шығайық.

Мишка: Маша жүр. Кезекті басқаларға берейк.

Маша: Мишкааа жоқ, ортаға шыққан екенбір бұл кешті бірінші болып біз ашуымыз керек. Қанекей билеп жіберейік (Машаны сүйреп ортаға алып шығып билейді)

Би: Маша и Медведь

Қасқыр: Сендер не? Бастап кеткенсіңдер ме? Сценариде олай емес қой. Бірінші құттықтау сөзі берілу керек. Сендер бәрін бұздыңдар.

Мишка: Әне маша мен саған айттым ғой. Енді нестейміз, сен тағыда бәрін құрттың.

Маша: Ой қойшы Мишка бүлінген ештеңе жоқ. Мен қазір құттықтау сөз кезегін өзім ақ беремін. Құттықтау сөз кезегін ауыл әкімі Әлімбаев Нұрғабай ағайға және мектеп директоры Агысбаева Жания апайға береміз.

Маша:Рахмет,рахмет ендігі кезекте Мишка екеуміз ән айтамыз!!!

Мишка:Ой Маша сенде қызықсың бұл залда екеумізден басқа адам жоқпа, тағыда бүлдіргелі тұрсың. Оданда мына баланы хабарла!

Маша: (ренжіп) онда біз осыдан кейн айтамыз.

Ән: «Жаңа жыл» Құлыбек Дана

Мишка: Ой жарайысың балам,Өркенің өссін!! (Маша соткы тауып алып қарап отырып қалады) Маша саған ұнамадыма негып отырсың?

Маша:Мишка қарашы қызық нәсе тауып алдым. Кермет билейді екен бізде осылай билеп қарайық.(екеуі билеп карайды)

Мишка: Маша бұл біздің қолымыздан келмейді. Бұл биді 8-сыныптың қыздары күшті билейді.

Флешмоб: 8-сынып

Мишка: Рахмет балаларым! Маша көрдіңбе қандай тамаша билейді.

Жүргізуші: Мына жерде не шу десем сіздер екенгой! Мереке ерте басталып кетіпті, мен кешігіп қалыппын.

Мишка: Кінә бізден халық жиналып отырғасын жақсы көңіл күй силамақ болып бастап кеттік.

Жүргізуші: Ештеңе етпейді Мишка онда мен өз жұмысыма кірісейін

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Келіңіздер,көріңіздер! Жаңа жыл той басталды. Босқа қарап тұрмаңыздар Кең далада жар салып Туды қаңтар жұлдызы Жасайды думан қарсы алып Еркін елдің ұл-қызы!

Көрініс: Туған күн (8-9сыныптар)

Ән:«Жаңа жыл» Жұбаниязова Назгүл

Жүргізуші: Құрметті оқушылар,қонақтар баршаңызды Жаңа жыл 2018 жылымен құттықтаймыз! Көз салыңдар әуелі Шыршамызға мәуелі Ал,қанекей шырқалсын Жаңа жылдың әуені

Ән: «Жаңа жыл» Құлыбек Дана

Би: Арай «Өзбек би»

Жүргізші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз, Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен, Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз

Ән: Данагүл «Қайда?»

Би: Үнді 10-сынып

Жүргізуші: Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық Жаса,жаса достық бірлік,туыстықтық Қарсы алдық жаңа жылды өнермен Қуаныштың әр минуты тым ыстық

Ән: «Маған ұқсайды» Әбішова Самал

Ән: «Тәтті ару» Мусабаев Азамат

Маша: Қандай тамаша!!! Мишка кешіміз күшті өтіп жатыр.Бірақ бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты.

Мишка: Йа дұрыс айтасың Кешіміздің басты кейіпкелері Аяз ат мен Ақша қар жетіспей тұр. Оларда біздің кешімізге жақындап қалған шығар.Қане қарсы алайық.

Маша: Қанекей достар Аяз ата мен Ақша қар тезірек келсе екен. Жүр Мишка Аяз ата мен Ақша қар бізді таппай жүрген болар, ертіп әкелейікші. Жүрші Мишка, жүрші!!!

(Маша Мишканы сүйреп сахна сыртына шығарады.)

Маша мен мишка Аяз атаны қарсы алады. Маша Аяз атаның сақалынан сүйреп әкеледі.Оны көрген Мишка Машаға ұрсады.

Мишка: Ой Маша мұның не? Аяз ата бізге ренжіп кетіп қалса қайтесің? Қанеки бұл тентектігіңді қой енді!

(Маша сол орнында ренжіп тұрып қалады. Оны көрген Мишка мен Ақша қар қасына барып көндіре бастайды. )

Ақша қар: Маша қой енді. Бүгін мереке, ерекше күн. Ренжуге болмайды. Жүрші енді. Мен саған мұз кәмпит беремін.

(Осы жерде Маша мәз болып Ақша қарға ере кетеді)

Маша: Ааа мұз кәмпит?! Рас па? Жарайды онда кеттік. (Маша Ақша қардың қолынан ұстап жүгіріп ойнап кетеді).

Аяз ата мен Ақша қар сахнаға шығады.

Мишка: Қош келдіңіз Аяз ата. Амансың ба Ақша қар?!

Аяз ата: Ия қымбатты достарым. Ұзақ жолдан шаршап шалдығып келгенде бізді асыға күтіп жүрген сендерді көргенде барлық шаршауымыз кетіп қалды ғой шырақтарым.Барлықтарыңа Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл жақсылығымен келсін. Ал қаней Ақшақарым, сенде өз өнеріңді ортаға салып бәрінің көңілін бір серпілтіп тастасаң қайтеді.

Ақша қар: Сәлем,сәлем Достарым Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!!!! Жарайды ата

Ән: Балерке «Меркем»

Аяз ата: Жарайсың қызым! Ал Балаларым Біз енді қайтамыз. Жаңа жылдарыңызбен.Жаңа жыл жаңа бақыт,жаңа нұр әкелсін.Отбасыларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін,табысты тыныштығымен келген жыл болсын.

(Аяз ата мен Ақша қар сахынадан шығып кетеді)

Жүргізуші: Мерекеміз Жаңа жыл Тойында қызық думан бар! Жаңа жыл бұл Жаңа өмір, Сайранда туыс-туғандар Бақытты болып жыл сайын Осылай басты қосайық Татулықпен бірлесіп Шаттықпен нұрды қосайық

Бірге: Қош сау болыңыздар!!

Ән: «Әсем ән» Байжанова Айнагүл