Білім беру саласы: «Таным».
Пән: Жаратылыстану.
Өтпелі тақырып: «Қош келдің, жаңа жыл!»
Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Бауырмалдыққа , армандай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: : Қиялдау, елестету дағдыларын дамыту.
Оқыту: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін тереңдету.
Просмотр содержимого документа
«" Жаңа Жыл мерекесі"»
Бірінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы: «Таным».
Пән: Жаратылыстану.
Өтпелі тақырып: «Қош келдің, жаңа жыл!»
Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Бауырмалдыққа , армандай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: : Қиялдау, елестету дағдыларын дамыту.
Оқыту: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін тереңдету.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы ,сұрақ-жауап әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Қыс мезгілінде ауа – райы қандай болады? Біз қандай қалада тұрамыз? Қыс мезгілінде үш ай бар, қыста ауа – райы салқын болады.
2.Негізгі бөлімі:
Суретпен жұмыс:
Суретте не көріп отырсыңдар? Қандай жыл мезгілі? Жаңа жыл мерекесінде кімдер қонаққа келеді? Қыс мезгілінде көптеген мерекелер болады. Жаңа жыл мерекесінде бірнеше түрлі ойыншықтар аламыз, балабақшамызда жаңа жыл мерекесі болады, аяз ата мен ақшақар қонаққа келеді.Тақпақтар , өлең айтып би билейміз.
Сергіту сәті:
Қар жауады оң жақтан
Қар жауады сол жақтан
Қарды алып ойнасақ
Су болады қолғаптар.
Жаңа жыл туралы өлең жаттаймыз.
3.Қорытынды:
Ойын: «Шырша құрастыру».
Қызығушылық таныта отырып, балалар ойынға белсене қатысады.