Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2017 жыл)
Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Тауық жылын
Ұзатып сап Маймылды
2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2017 тауық жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Жаңа жыл қуаныш әкелсін.
1 жүргізуші:
Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге біздің мектебіміздің 5, 6, 7 сынып оқушылары қатысып отыр. Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Біз бүгін сынып бойынша өнерімізді көрсетеміз. Кештің барысында белсенді қатысқан оқушыларымызға сыйлықтарымыз да бар.
2 жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шықсын. Ол өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі, жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз Ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келу керек. Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, Аяз ата мен Ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі. (3 оқушыны шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар!
1 жүргізуші: Кешімізді әнмен сүйемелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Абай көшесінен үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын. Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес. Бірақ, бұл маңызды емес. Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны маңызды емес. Неге келіп едім? А иә! Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған тәуелді. Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту
керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.)
1. Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2. Сайқымазақ:
Барлығыңыз білетіндей шыршада
Өте қызық болатынын.
Өлең айтып, би билеп
Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?
Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған екеуміздің
біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.
2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен
кімсің өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Родник көшесінен келдім. Жаңа жылға асығып
келдім. Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.
1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің. Қарашы айналаңа адамдарда мереке,
барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені
қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.
(Барлығы билейді)
(Ортаға Чебурашка мен Гена баянмен шығады.)
Чебурашка: Мәссаған, Гена қарашы, қаншама халық келген. Мен осыншама үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін.
Гена: Ал мен көрдім. Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің.
Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме?
Мен әлемге белгісіз жануармын. Ал менің атым...
Барлығы: Чебурашка.
Гена: Ал менің – менің атым кім?
Барлығы: Крокодил Гена!
Гена: Мәссаған - қандай ақылды балалар! Ал енді Чебурашка, біздің жаңа әнімізді айтсақ қайтеді.
Чебурашка: Айтсақ айтайық.
(Әннің қазақша нұсқасын айтады)
Чебурашка: Сөздері енді аздап келіспейді. Мен мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымын. Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді. Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой. Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.
2 жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болу үшін ойын ойнайық.
КОНКУРС -1. Стоп-кадр ойыны. (Жақсы өнер көрсеткен оқушыларға сыйлықтар беріледі).
1 жүргізуші: Қатысқан оқушыларға мың алғыс, рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің бағанағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)
2-жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?
( Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құртетті қонақтарын алып келе жатырмын.)
1-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып , қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
2-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан .
Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен, 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Тауық жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
(Әр сынып дайындаған нөмірлерін көрсетеді)
5 «А» сынып оқушысы Аппасбаева Диананы «Мерекем» әнімен ортаға шақырайық. Қалғандарымыз ортаға шығып билейік.
6 «А» сынып: Қазіргі заман биі.
7 сынып: Қазақ биі
Аяз ата:Ооо, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар?
Ақшақар маған көмектеседі.
(Би, тақпақ айтылады.)
Ақшақар: Аяз ата, ал мен ең жақсы киінген және өнер көрсеткен оқушыға конкурс жариялағым келіп отыр. Ал қане кім бар күшті.
КОНКУРС-2. Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншыға сыйлық беріледі.
Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда.
(Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.)
Жұмбақтар шешеді.
1 - жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы - қилы заман бар.
Мешін жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
2 - жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Мешін жылын шығарып салайық.
Маймыл: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2017 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Тауыққа беремін.(Сахнаға Тауық шығады.)
2 - жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.
Тауық: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым.
Тауық: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Мешін жылы, Қош бол!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
(Көріністер кетеді. Би. Ән)
5 «А» сынып оқушыларының «Жаңа жылдық биін» тамашалайық.
6 «А» сынып: Көрініс. «Мақта қыз бен мысық»
7 «А» сынып: Ән «Жаңа жыл». Ермек Бауырханның орындауында
2-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз.
КОНКУРС – 3. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық.
Рахмет балалар, сендерге.
1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
5 «А» сынып оқушысы Шахидула Нұрзатты «Жаяу» әнімен қарсы алайық
(Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры» әні орындалады )
КОНКУРС-4 «Аяз Ата қолғабы». Аяз ата қолғабын оқушыларға береді. Оқушылар бір біріне беріп отырады. Музыка тоқтағанда қолғап кімнің қолында қалса, сол бала өнерін көрсетеді.
2 жүргізуші: Аяз Ата біздің мектебімізде сабақтарын жақсы оқитын, үлгілі, тәртіпті, өнерлі оқушылар көп. Сол оқушыларға мақтау қағаздарын өз қолыңызбен табыстасаңыз.
(Мақтау қағаздары беріледі)
Аяз Ата:
- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны. Өнерлеріңе рахмет!
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Жаңа жыл» әні орындалады )
1-жүргізуші: Ендігі кезекте Жаңа – 2017-ші жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан балаларға, ал жігіттер ұнатқан қыз балаларға жапсырады. Ең көп жапсырмаларды жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.(Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)
2-жүргізуші: Сонымен Бұл кештің Ханшайымы......... және Ханзадасы......... атанды. Қане қошемет білдірейік.
1 - жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық.