СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаңа жыл-жаңа бақыт

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылдық ертеңгілік. Бастауыш сынып 

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жыл-жаңа бақыт»

Тақырыбы: «Кел жаңа жыл, жаңа жыл»



Жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме, құрметті бүлдіршіндер, ата-аналар және қадірлі қонақтар!

- Балалар, қыс мезгілінде бәріміз асыға күтетін бір мереке бар, ол қандай мереке? Қане, айтындаршы?

«Жаңа жыл»- өте дұрыс. Балалар, бүгін біз осы меркені тойлау үшін әсем безендірілген жасыл шырша түбінде жиналып отырмыз.

-Жаңа жыл мерекесі баршамызға құтты болсын!



Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.

Ақ мамыққа бөлеп алады маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел балалар келіндер

Тамашаны көріндер, -дей отырып, 2-3-4 сыныптар аралығында өткелі жатқан жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Балалар шыршаны айналып жүріп «Шырша жырын» айтады.


Жүргізуші:  Қане балалар жаңа-жылға, жасыл шыршаға арнаған тақпақтарымызды айтайық.

 1 – бала

Жаңа жыл

Жаңа жыл

Жаңа жылда – жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

2 – бала

Тамаша

Тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса

3 – бала

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

 Асқар тау қарлы шың.

4 – бала  

Жаңа жыл, жол болсын.

Тынбасын жарқын ән

Камбада мол   болсын

Ақ маржан – алтын дән


Жүргізуші:

2015 жыл аяқталып, 2016 жыл бізге есігін ашқалы тұр. 2015 жыл қандай жыл еді, балалар?

-Қой жылы.

- Олай болса, ертеңгілігіміздің басты қонағы қой жылын ортаға шақырып, рахметімізді айтайық. (сахнаға қой жылы шығып, өз өнерін көрсетеді)


Жүргізуші: Ал енді, балалар бүгінгі мерекеміздін сәнін келтіріп, бізге сый-сияпатымен келетін кім?

--Аяз ата, Ақшақар

--Дұрыс айтасындар. Олай болса, ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

--Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!!!

(сахнаға Аяз ата мен ақшақар шығады)


Аяз ата:

Бүлдіршіндер, балғыным.

Өмір гүлім шалдғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сеңдердің бақтарын мен деңсаулығың.

Сәлеметсіздер ме, балалар?


Міне мен де жеттім ғой сендерге. Орман, тоғайды, үскірік аяздан сендерге кем жатқанда сендердің хаттарында тауып алдым. Сендермен бірге жаңа жылды тойлайын деп асығып жеттім.


Жүргізуші:

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр

Ақ күпіге оранып

Көрдіңбе аяз атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұртыда

Аппақ екен шапаны


Жүргізуші: Біздің жыл бойы сағынған Аяз атамыз ортамызда, қане бәріміз өнерімізді көрсетейік.

(Балалар тақпақ,  өлең айтады, би билейді


4 А сынып оқушысы Сабинаның орындауында «Көңілді күн» әнің қабыл алыңыздар!


Қуаныш бүгін мереке,

Тойланып жатыр ортада.

Әдемі, әсем киінген,

Балалар гүлдей жайнайды, -дей отырып көңілді Буратиналарды ортаға шақырамыз.


Балалар, бізге бірге жаңа жылды тойлау үшін, мульфильм кейіпкерлері де келіпті. Олар қай мульфильм кейіпкерлері екенін тауып көрейік.

Аю мен Машаны ортаға шақырайық.(оз өнерлерін көрсетеді)


Жүргізуші:

Асыға күткен жаңа жыл,

Жаңа заман, жаңа айлар.

Кел жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жаңа нұр - дей келе, 4 Ә сыныбының биші қыздарын ортаға шақырамыз.


Қол ұстасып бәріміз,

Шырша жанында ән салсақ.

Мерекенің думаны,

Арта бермек асқақтап.

Ортада 4 Б сынып оқушылары «Жаяу» әнімен.


Қар жауады аппақ болы

Келе жатыр жаңа жыл.

Шырша сәндеп ән салып,

Балалар жүр қуанып,- дей келе ортаға тамаша биімен, 4 Б сынып оқушыларын шақырайық.


Ал енді, балалар, бізге тағы да қонақтар келіпті. Бірінің ісі жұртты күлдіру болса, бірі адамдарды тонайды.Олар кімдер балалар?

-Сайқымазақ

-Қарақшы

-Әрине, дұрыс таптындар. Ендеше, қонақтарымыздың өнерін тамашалайық.


Жаңа жыл келді, алақай,

Қуанайық балақай.

Бізде бүгін той-думан,

Шаттанайық балақай.

2 Ә сыныбының биші қыздары мен Асанқұл Әселді «Шырша жыры» әнімен ортаға шақырайық.


---Балалар, енді кіріп келе жатқан 2016 жылды ортаға шақырайық.

Жаңа жыл келеді,

Жаңа жыр келеді.

Қанеки, балалар,

Қол соғып шаттанып,

Жаңа туған ақ тілек,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Жаңа жыл (3 рет)


«Жаңа жыл» әні

- Балалар бізге орманнаң аңдар келеді деген сыбыс бар,  қане,  аңдарды ортаға шақырайық келініздер, келініздер. (Түлкі, қоян, қасқыр).

О, жарандар, қарандар.

Қызықтандар тойландар,

Келді бізге қонаққа

Ормандағы бар аңдар.

Қандай тату сөздері

Күлімдейді көздері

Төрлетіндер келіңдер.

Тақпақ айтып беріндер.

(Түлкі)

 Түлкі сері мен едім

Аңқауды алдап келемін

Алау жақса балалар

 Менде билеп беремін.

  (Қасқыр)

Қоянға да сенемін

Қозыға да сенемін

Танысайық балалар

Қасқыр батыр мен едім

(Қоян) 

Мен қоянмын, қоянмын

Аппақ қарға бояндым,

Мерекені тойлауға

Ертеменен ояндым

Аңдар балалардың өнерлерін тамашалайды. (2 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.)


Жүргізуші:

Жүзімізді күлкі ойнап,

Қанаттар жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Ән шырқадық бәріміз.

Келді тағы жаңа жыл

Қуантуға біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, - дей отырып, келесі құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.