«Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт-береке әкелсін баршамызға!»
Мақсаты:
Балаларды жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру, мерекелік көңіл көңіл күй ортасын ұйымдастыру,хормен және жеке ән айту шеберліктерін айттыру, би қимылдарын қызығушылықпен , ырғақты сақтай орындауға төселдіру, қайырымды іс жасауға тәрбиелеу.
Балалар көңілді әуен ырғағымен қолдарына қар ұстап келіп, билейді
Ортаға бір бала шығады.
Анелья:
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша!
Нұртас:Жаңа жылда жол болсын!
Аяла: Әрбір үйде той болсын!
Аружан: Берекелі жыл болсын!
Кәусар:Ақ дастарқан мол болсын !
Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жүргізуші:
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бүлдіршіндер!
«Келді, міне Жаңа жыл ортамызға, құт береке әкелсін баршамызға » атты мерекемізге қош келдіңіздер!Сіздерді келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Құттықтау сөз кезегі №12 Қ.Сарымолдаев атындағы орта мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлына беріледі.
Жүргізуші Балалар, сендер бүгін сәнді киініп,әдемі болып кетіпсіңдер.
Ал , балалар бүгін бізде қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Кәне бәріміз қол ұстасып ән айтайық!
Хор: «Аппақ аппақ жапалақтап!»
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі!Ойыншықтары неткен көп! Ал енді шыршаға арналған өлең шумақтарын айтайық!
Ақмарал:
Адина
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Міне, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп сағынған,
Кел,балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер
Азиада
Жаңа жыл,жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Кәусар:
Тамаша,тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аружан:
Меруерт:
Бауырсақ келеді:
Кемпір қойма қырнаған екі уыс ұн жинаған,
Балқаймаққа шылаған, суытып та сынаған
Зырылдаған бауырсақпын
Мен әжемнен қаштым, атамнан да қашып барамын.
Дөңгелене қаша жөнеледі.
Жүргізуші :Балалар біздің ортамызға кім жетіспей тұр?
Балалар: Аяз Ата ,Ақшақар
1 бала: Аяз ата келе ме?
Бізге сыйлық бере ме?
2 бала: Әрине Аяз Ата келеді
Бізге сыйлық береді.
Осы кезде музыка ырғағымен түлкі кіреді.
Мен түлкімін, түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлғаң бұлғаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім
Аяз Ата мұнда келмейді
Сендерге сыйлық бермейді.
Түлкі: Аяз Аталарың адасып кетіпті, сенді таба алмай үйіне қайтыпты.
Жүргізуші: Бұл қалай болғаны? Мерекеміз Аяз Атасыз өте ме?
Түлкі:Жарайды мен кетейін.
Жүргізуші: Балалар уайымдамаңдар.Аяз атамыз келеді.Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.
Жүргізуші: Біз қарап тұрмай тұрмай бәріміз бірге дауыстьап Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық
Балалар: АязАта, Ақшақар!
Сықырлаған шананың дауыс естіледі.Әуен ойналады
Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.Балалар қошеметтеп қарсы алады.
Аяз Ата: Амансыңдарма ұлдарым!
Амансыңдарма қыздарым!
Қандай әсем жүздерің
Қандай Мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр ау демалғым
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар!Жаңа жылдарың құтты болсын!
Хор: «Аппақ, аппақ жапалақтап»
Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық Аяз атаға арналган тақпағымызды айтайық!
Арсен: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келді алып сапардан
Аяз ата оралып,
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Асылжан:
Аққырауға малынған
Ақша қардай сақалы
Көптен күтіп сағынған
Көрдік Аяз атаны
Мурат: Тақпақтарды жаттадық
Би билеп көрсін деп
Аяз қуанып
Бізге риза болсын деп
Алинур:
Саян:
Нұрәділ:
Аяз Ата : Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Бүлдіршіндер, балалар
Би билеп, бірге ойнасын!
Ұлпақарлар билесін!
Аяз ата: Билерің қандай тамаша! Мені бір қуантып тастадыңдар.Балалар, менің сиқырлы қолғабым бар ! Сонымен ойнап көрейік. Қолғап кімнің қолында қалып қойса сол бала әнші, биші болып шыға келеді.
Жүргізуші: Рас па Аяз ата, олай болса біз әзірміз.
«Сиқырлы қолғап » ойыны ойнатылады.
Аяз ата: Ал қызым сенің қандай өнерің бар?
Асылжан, Аружан: мен құрбыммен «Шыршаға бардық» әнін орындаймын.
Аяз ата: Сендердің қандай өнерлерің бар?
Аяла : Мен құрбыларыммен билеймін.
Би:Латын америка биі
Ақшақар: Қандай керемет. Шынымен біздің балалар шетінен өнерлі екен.
Балалар, қазір біз бір ойын ойнаймыз. |Мен бастаймын, сендер аяқтаңдар ойынды, мұқият тыңдаңдар!
Ақшақар:Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр.......
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын , ақ мұртты білсең атын тез ата.......
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі, сәнді әрі.......
Балалар: Әдемі
Ақшақар:Көңілсіз бір бала жоқ, ойын күлкі таралсын, Құтты болсын......
Балалар: Жаңа жыл!
Мешін жылы кіреді : Мен ескі жылмын Сіздерге молшылық , бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім:
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2017 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстан!
Келер жыл бастауын тауыққа берем.
Сахнаға тауық шығады.
Тауық: Сәлеметсіңдерме,мен кешіккен жоқпын ба? Сондай асықтым.
Мен келген жаңа жылмын. Мен сендерге байлық ,бақыт пен ырыс әкелдім.
Мешін жылы:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де мың рахмет
Барлығы: Қош бол мешін жылы!
Ақшақар: Кош келдің Жаңа жыл!
Аяз ата: Ал Айналайын жаңа жыл келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым халқым саған аманат. Жақсы жыл бол!
Тауық: Балалар сендердің өнерлеріңді тамашалайық . Ән айтып, би билеп көңіл көтерейік!
Ән: «Ойыншықтар»
Сыған қызы келеді.
Жүргізуші: Қош келдің, сәуегей сыған қызы!
Сыған қызы: Балалар қандай әдемісіңдер, шыршаларың неткен сұлу еді.Мен сендерге бал ашып берейін. Бұл сыныптың оқушылары келген жылды үздік оқитын болады. Араларыңда дәрігерлер , болашақ ғалымдар, әкімдер, бишілер, әншілер бар екен. Ал енді мен сендерге би үйретейін.
Би: сыған биі
Ән: «Жаңа жыл келді» әні Азиада, Аяла
Би . «Қара жорға»
Ақшақар: Билерің неткен тамаша еді!
Тақпақтар: Рамазан, Ерали, Қарақат, Ұлзада, Аяулым,Ермахан, Нұртас
Ән «Мен өнерлі баламын» әні Аружан
Желаяқ кіреді: Ой пәлі, мен қай жерге тап болдым?
Жүргізуші: Сен мектепалды даярлық сыныбының жаңа жыл мерекесіне тап болдың.
Желаяқ: Балалар, сендер мені таныдыңдар ма?
Мен ертегідегі Желаяқпын ғой. Кеше кешкісін шығып кетіп едім, бірталай жерге келіп қалыппын ғой. Ал енді менімен кім жарысып көреді?
Би «Жаяу»
Аяз ата: Ой , бәрекелді бүлдіршіндеріміз қандай өнерлі!
Аяз ата: Балалар мен сендерге келуін келдім, бірақ сыйлық толы қапшығым үшті күйлі жоғалып кетіпті ғой.Ол жаңағы қу түлкінің ісі болар.
Осы кезде түлкі кіреді: Балалар, менің көңіл күйім түсіп тұр. Мен бауырсақты алдап жеп қойдым.Қасқырды мұзға отырғыздым, шалдың балығын ұрлап жедім. Сондықтан да мені ешкім жақсы көрмейді .
Ақшақар: Жоқ түлкі егер де сен қулығыңды қойып, жаман іс жасағаныңды қоямын деп уәде берсең біздің балалар сені де жақсы көреді.
Солай ма балалар. Ендеше біз түлкімен ойын ойнайық.Ойын қар жинау деп аталады.Балалар екі топқа бөлінеді ойынға кіріседі.
Музыка әуенімен ойын ойнатылады.
Ақшақар: Көрдің бе түлкі біздің балалар сені қалай жақсы көретінін.Саған көптеген қаршалады жинап берді.
Түлкі: Көңілім көтеріліп қалды. Балалар сендер маған ұнап тұрсыңдар. Сендердің сыйлықтарыңды қайтарайын.
Шығып кетеді. Сыйлықты алып келеді.
Аяз ата балаларға сыйлықты таратып береді.
Аяз ата: Міне қоштасатын кез келді. Сендерді қимай тұрмыз. Барлығың көңілді әсем балалар екенсіңдер. Біздің әлі де баратын жерлеріміз бар сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар!Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Русский
| | |
| | |
| | а) Білімділік:Мәтіннің негізгі мағынасын ашу, өз ойларын , өзіндік пікір айта білуге үйрету ә) Дамытушылық: дұрыс сөйлеуге ,әңгімелей білуге дағдыландыру б) Тәрбиелік: ата - ананы құрметтеуге, сыйлауға, көңілін таба білуге, ренжітпеуге , қадірлеуге тәрбиелеу. |
| | Ата-анаы құрметтей алатын , тәрбиелі, әдепті, жақсылық жасай алатын тұлға қалыптасады. Өздігінен білім алу қабілеті дамиды.Өз ойларын ашық жеткізе алады. |
| | |
| | |
| | Психалогиялық ахуал, «Ата,ана,бала», «Шежіре ағашы», «Мақалды жалғастыр», «Кім тапқыр», «Апам үшін не істей алам?», «Топтастыру стратегиясы» |
| | Қабуснама, оқулық, кестелер, суреттер, топ аттары жазылған қағаздар, шежіре ағашы. маркер, плакат, |
| | |
| | |
| | |
| | а) Білімділік:Мәтіннің негізгі мағынасын ашу, өз ойларын , өзіндік пікір айта білуге үйрету ә) Дамытушылық: дұрыс сөйлеуге ,әңгімелей білуге дағдыландыру б) Тәрбиелік: ата - ананы құрметтеуге, сыйлауға, көңілін таба білуге, ренжітпеуге , қадірлеуге тәрбиелеу. |
| | Ата-анаы құрметтей алатын , тәрбиелі, әдепті, жақсылық жасай алатын тұлға қалыптасады. Өздігінен білім алу қабілеті дамиды.Өз ойларын ашық жеткізе алады. |
| | |
| | |
| | Психалогиялық ахуал, «Ата,ана,бала», «Шежіре ағашы», «Мақалды жалғастыр», «Кім тапқыр», «Апам үшін не істей алам?», «Топтастыру стратегиясы» |
| | Қабуснама, оқулық, кестелер, суреттер, топ аттары жазылған қағаздар, шежіре ағашы. маркер, плакат, |
| | |
| | | |
| | Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық дайындық Арайлап таң атты, Алтын күн сәуле таратты. Қайырлы күн аналар, Қайырлы күн балалар. Балалар, бірі-біріңе алақандарыңмен күн жылуын сыйлаңдар! | |
| | Б.Момышұлы,.Ұшқан ұя. -Б. Момышұлы туралы мәліметті білдік, мәтінді мазмұндадық. -Бауыржан Момышұлы қандай бала болған екен? Әдепті , тәрбиелі бала. ( балалар жауабы) -Неліктен? -Өйткені ол әкесінің айтқанын ұғатын, орындайтын тілалғыш бала .Ал, енді елтану дегеніміз не екен ? Кім айтады? Елтану дегеніміз- өз еліңді ,жұртыңды ата-тегіңді танып білу «Мақалды жалғастыр» ойнымен бекітеміз | І топ Б.Момышұлы туралы мәлімет айтады. ІІ топ Ұшқан ұя . мазмұндау ІІІ топ кесте бойынша отбасылық шежіре ағашына жете аталарын орналастырады. |
| | | |
Ү.Мағынаны тану (түсіну сатысы) | - Балалар, біз қандай үлкен бөліммен танысып жатырмыз? - «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым». - Дұрыс айтасыңдар, енді осы тарау бойынша қандай тақырыптармен танысып едік, кімнің есінде бар? 1. Ата ақылы/Сырбай Мәуленов/ 2. Атасы мен немересі /С. Көбеев/ 3. Шал мен балалар /С. Көбеев/ 4. Апаның тілін алса егер… /Ж. Смақов/ 5. Ата - әжеме хат /Ы. Алтынсарин/ 6. Айтшы, әжетай/Ж. Смақов/ 7. Ұшқан ұя/Б. Момышұлы/ т. б. Ү .Жаңа сабақ « Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей осы өткен тақырыптарымыздың барлығы үлкенді сыйлау, үлкенді құрметтеуге арналған екен. Бүгін біз «Ата-ананы құрметтеу туралы » атты «Қабуснамадан» келтірілген үзіндімен таныс боламыз. Қабуснама-ертеде жазылған үгіт-насихатқа толы кітап екен. Оны жазған адамның есімі-Қайқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлы Гиляншахқа арнап 63 жасында жазған екен.Кітап өмір сүру ережелері мен қағидалары жазылған 42 бөлімнен тұрады . Оқулықпен жұмыс . Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту. -Ата-ана құрметтеу дегенді қалай түсінеміз? Оқушылардың түсініктерін сұрау Мұғалімнің түсіндірмесі. Мәтін үш бөліктен тұрады. Ата- ананы құрметтеу, ата- ананы ренжітпеу , Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Әрбір адам ата-ананы құрметтеуді өзінің түйсігімен, ақыл-ойымен, сана-сезімімен түсіне білуі керек . Ата-ананы құрметтеу-ең бірінші ата-анаға деген махаббат. Қандай жағдай болмасын біз өзімізді жарық дүниеге әкелген ата-аналарымызды жақсы көруіміз керек. Екінші ата-анамен достық, яғни ата-анамыздан жасыратын ешқандай сырымыз болмауы керек .Жүрегіміздің түбінде жатқан сырларымен бөлісетіндей достық қарым-қатынас жасауымыз керек. Ата-ананың сенімін ақтау. Сабағымызды 4-пен 5 ке оқып, жоғары оқу орнына түсіп, жақсы мамандық алып, еліңе, жұртыңа, туған жеріңе, халқыңа адал қызмет етіп, жақсы атың шығып жатса ата-ана сенімін ақтау дегеніміз осы . Ата-анаға құрмет-үлкенді сыйлау. Сөз қайтармау, үлкенге жол беру, қартайғанда асырап бағып-қағу.Яғни әдепті бала болу. Жақсылық жасау , көмектесу. |
| | Апам үшін күнде мен Отынға ағаш жарамын ( ағаш жарғандай) Су құямын гүлге де ( гүлге су құйғандай) Дүкенге де барамын ( сөмке ұстағандай) Сыпырамын үй үшін ( сыпырғандай) Жуам ыдыс табақты (ыдыс жуғандай) Жылай қалса бөпемді ( бөпені ұстағандай) Жұбатамын ойнатып.( қолдарын шапалақтайды) |
| | І топ Ата, ана, бала туралы тақпақ өлең шумақтарын айтады. ІІ топ «Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды» деген негізгі ойға құрылған қандай әңгіме оқыдыңдар . ( Атасы мен немересі) Еске түсіру. ІІІ топ. Ата-асқар тау Ана-бауырындағы бұлақ. Бала-жағасындағы құрақ . Мақалдың мағынасын ашу. Осы нақыл сөз бойынша сурет салу. | |
| | І топ Ата, ана, бала туралы тақпақ өлең шумақтарын айтады. ІІ топ «Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды» деген негізгі ойға құрылған қандай әңгіме оқыдыңдар . ( Атасы мен немересі) Еске түсіру. ІІІ топ. Ата-асқар тау Ана-бауырындағы бұлақ. Бала-жағасындағы құрақ . Мақалдың мағынасын ашу. Осы нақыл сөз бойынша сурет салу. | |
ҮІ. Ой толғаныс Талдау сатысы. | Топтастыру стратегиясы Ата-ананы құрметтеу |
| | |
| | | |
| | | |
| | | |

Ттиии

Сынытан тыс іс-шара.
Ойлы болсаң, озып көр!
Сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау
2.Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту
3.шапшаңдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ жауап, ойқозғау
Көрнекілігі: Суреттер, жұмбақ, үлестірме, қима қағаздар,
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Оқушыларды топқа бөлу
І топ.Алғырлар
ІІ топ Білгірлер
Жоспары: І кезең «Қас қағым сәт»
ІІ кезең: Тұлғаны тани біл
ІІІ кезең Жалғасын тап.
ІҮ кезең Ойлан тап.Суретпен жұмыс
Ү кезең Кім тапқыр?
Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар! Еліміздің болашағы білімді ұрпағында. Бүгін біз осы күнге дейін алған білімдерімізді көрсетіп, өлеңдермен, мақал мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді білімімізді ортаға салайық! «Ойлы болсаң озып көр » сайыс сабағымызды бастайық!
Ал келіңдер, келіңдер
Бірі-біріңе еріңдер
Білімдерді тексеріп
Ойынға қатысып көріңдер
Олай болса І кезең «Қас қағым сәт» кезеңін бастаймыз!
Үш пәннен сұрақтар қойылады Қай топ дұрыс жауап берсе сол топқа 1 ұпай беріледі.
Әдебиеттік оқу
1.Кел балалар оқылық! Өлеңінің авторы кім?/ Ыбырай Алтынсарин/
2. Басты байлық не? / денсаулық/
3.Абайдың әжесі кім? / зере/
4. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім/Абай/
5.Түн ұйқысын төрт бөлген адам?/ана/
6. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторыкім?/Абай.өлең шумақтан үзінді келтір/
7. Әр адамның шағын отаны/отбасы/
8. Жылдан құр қалған жануар не еді?/түйе/
9. «Отан туралы» өлеңінің авторы/М.Мақатаев/
10.Қазақтың ұлттық аспабы?/домбыра/
Қазақ тілі
1.Қазақ әліпбиінде неше дыбыс неше әріп бар?/42 әріп, 40 дыбыс /
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?/2 ге бөлінеді/
3.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді/2 ге бөлінеді
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?/3ке бөлінеді/
5 Сөйлем дегеніміз не?
6.Сөйлем түрлерін ата/ хабарлы, лепті сұраулы /
7.Сөйлем соңына не қойылады? 8Хабарлы сөйлем/мысал келтір /
9 сұраулы сөйлем/мысал келтір/
Математика
1.Марғұлан 10 торкөз дәптер сатып алды, Ал самат 13 жол дәптер алды. Екеуі неше дәптер салып алды?
2. 75 санында неше бірлік неше ондық бар?
3.Пеш үстінде 4 мысық /8мысық/
Пеш қасында 4 мысық Айтшы сонда барлығы болады неше мысық?
4.Суда алты қаз
Төбеде 4 қаз
Судың маңында айтшы неше қаз? /10 қаз/
5.Сегіз қарындаштың бесеуін досың сұрап алады?
Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады?/3қалады/
6.Тік төртбұрыш дегеніміз не?
7.Шаршы дегеніміз не ?
8 .2 ондық ,5 бірлік қандай сан?/25/
9. Геометриялық фигуралардан пішін құрастыру
ІІ кезең. Тұлғаны тани біл / оқушыларға танымал тұлғалардың суреттері көрсетіледі. /
ІІІ кезеңЖалғасын тап. / мақал –мәтелдің жалғасын табу/
Еңбек етсең ерінбей...................................
Денсаулық ................................................
Кітап білім бұлағы..........................................
Оқу инемен.....................................................
Аққуды атпайды..........................................
Туған жердің күні де ыстық...............................
Отан..................................................................
Жүз теңгең болғанша...............................................
Туған елдей ел болмас............................................
Білекті бірді жығады......................................................
ІҮ кезең . Ойлан тап. Суретпен жұмыс. Өткен тақырыптарға шолу./үзінді келтіру/
Ж.Аймауытов Қартқожаның туған жері.
Кімнің мекені жақсы?
Күз Ж.Қашқынов
Шибұт, Қарынбас. Қылмойын
Ү кезең .Кім тапқыр?Жұмбақ шешу.
Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың
Бұл үйден көреген боп шығасың/мектеп/
2.Тындырып адам жұмысын
Тазартып үйдің жүды ішін
Кейде дауыл соғады
Кейде ішіне сорады./шаңсорғыш/
Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы./түлкі/
Қабат қабат қаттама
Ақылың болса аттама./кітап/
Сағат сайын қағылады
Тек мектептен табылады?/қоңырау/
Болса да көктем мекені кездеспейді екеуі/күн мен ай/
Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады.
ҮІ Қорытындылау Жеңімпаздарды марапаттау.