СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаңа жылға арналған сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

бұл сценарий жаңа жылда 4сынып та қолданылды

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жылға арналған сценарий»

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн,

Қанаттана кең әлемге тарайды.


Сәлеметсіңдер ме, балақайлар, амансыздар ма, құрметті қонақтар!Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді. Балалар, сендер де бүгін өте әдемісіңдер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.

Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге,

Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл - ақ арманның өрленуі.


Құрметті қонақтар “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының басшысы ---------------------------------------------------------------------------



Армысыздар қадірлі қонақтар, сүйкімді балалар! Бәріміз асыға күткен жаңа жылымыз да міне, келіп қалды, жаңа жылымызды думандатып қарсы алайық.

Би: «Шип-шип шөжелерім»

4 «В»сынып оқушылары орындайды.

Жаңа жыл ешкі жылды ертіп алып шығады.

Ескі жыл:

Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.

Жаңа жыл:

- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сай болуға ант етемін.

1-жүргізуші:

Қош, өткен жыл!

Қош келдің Жаңа жыл.

1-оқушы : Барлығымыз жаңа жылдық шыршамызға қонаққа келдік. Кешіміз көңілді өтсін. Ал балалар, шыршамыздың шамдары неге жанбай түр?

2-оқушы : Мен білетін сияқтымын. Өйткені, балалар, біз шыршамызбен амандасқан жоқпыз. Сондықтан ол бізге ренжіген болар.

3-оқушы : Ендеше, балалар, шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық.

Бәрі бірге:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Шырша шамдары жарқыра!


(Шырша шамдары жанады, балалар шыршаны айнала «Қош келдің жаңа жылым» әннің айтады)

Жүргізуші : Балалар, әдемі шыршамыз бар, енді бізге кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Жүргізуші: Ендеше, шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.



Аяз ата: Амансыздар ма, балғындар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарын құтты болсын. Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын. Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін.



Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып еш отбасы тарықпасын.

Бес алып келген күні қуанғандай.

Балалардан қуаныш арылмасын .






Ақшақар:


Қардан шыққан Ақшақармын.

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

Есенсіз бе балалар,

Амансыз ба қонақтар.

Жаңа жыл келді, міне, жерімізге

Әкелсін құт-береке елімізге

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге.



«Жаңа жыл» әні 4 «а»сыныбының оқушыларының орындауында.

Би: 4 «б» сыныбы

Ән: «Бақыт қонатын күн» Аскенова Нұрай.4 «в»сыныбы.

Би: 4 «а» сыныбы

Ән: 4 «б»сыныбы

















Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!

1-оқушы : Барлығымыз жаңа жылдық шыршамызға қонаққа келдік. Кешіміз көңілді өтсін. Ал балалар, шыршамыздың шамдары неге жанбай түр?



2-оқушы : Мен білетін сияқтымын. Өйткені, балалар, біз шыршамызбен амандасқан жоқпыз. Сондықтан ол бізге ренжіген болар.



3-оқушы : Ендеше, балалар, шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық.



Бәрі бірге:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Шырша шамдары жарқыра!



Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Шырша шамдары жарқыра!



Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса!

Шырша шамдары жарқыра!

Ақшақар:



Қардан шыққан Ақшақармын.

Сұлу айдай қиылып.

Жаңа жылмен құттықтап,

Сәлем берем иіліп.

Есенсіз бе балалар,

Амансыз ба қонақтар.

Жаңа жыл келді, міне, жерімізге

Әкелсін құт-береке елімізге

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге.







Аяз ата: Амансыздар ма, балғындар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарын құтты болсын. Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын. Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін.



Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып еш отбасы тарықпасын.

Бес алып келген күні қуанғандай.

Балалардан қуаныш арылмасын .