| Сабаққа әзірліктерін тексеру.
-Балалар,бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. -Қане қонақтармен сәлемдесейік.
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлемдесеміз біз.
-Бүгін нешесі? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Бүгін аптаның қай күні? - Ал кеше біз қай дыбысты өттік? - Дұрыс Вв дыбысы. - Вв дыбысы бар қандай сөздерді үйрендік? - Велосипед, трамвай, автобус. - Осы сөздерді буынға бөлейік. (Ережені күнделікті талдау жұмысына сүйене отырып еске түсіру. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз,айтамыз.) Әріп дегеніміз не? (Әріпті көреміз,оқимыз,жазамыз.) - Жақсы. Бұл сөздер қай ұлттың тілінен алынған? - Орыс тілі. - Керемет, балалар.
1. Жұмбақ шешу.
Жіппен келеді, Үзсең сөнеді. (Электр шамы)
Диқаншының еңбегін. Қысы - жазы ақтайды, Астықты тазалап, Қай жерде сақтайды? (Элеватор)
Жылжымалы баспалдақ, Сатыларын бассаң нақ. Не жоғары, не төмен Сырғимын да жетем мен Көзді жұмып, ашқанша - ақ. (Эскалатор) - Олай болса, айтылған жаңа сөздер қандай дыбыстан басталып тұр? - Э - Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Э э дыбысы мен әрпі. - Мақсатымыз Ээ дыбысын тану, ажырату.
2. Хормен әндетіп айтқызу.(- э - э - э) Э - дауысты дыбыс, сөздің бірінші буынында кездеседі. - Э дыбысы қандай дыбыс? - Дауысты дыбыс. - Оны қалай ажырата алдыңдар? Ережені қайталау. Дыбысты айтқанда ауа еш кедергіге ұшырамай, ұзақ айтылып тұр. Оқулықта қызыл түспен берілген, буын құрайды.
3. Айтылым дағдысы. Экранға назар аударыңыздар. Бүгін эфирде - "Ұлттық ойын" бағдарламасы. -Ал балалар, бізде бүгін "Ұлттық ойын" бағдарламасы және оның жүргізушісі Әділет.(қолында микрофон және қолдан жасалған экран) - Құрметті көрермендер. Бүгінгі эфирде сіздердің назарларыңызда "Ұлттық ойын" бағдарламасы. Енді келген қонақтарымызға сұрақтар қояйық. - Сіз қандай ұлттық ойындарды білесіз? Балалар ұлттық ойындарды атайды. Екі оқушы асық ойынын көрсетеді.  |