1-Судың агрегаттық күйлерінің өзгеруі,кебу, қайнау, конденцациялау. судың күйі. судың тіршілікүшін маңызы.
Заттың агрегаттық күйі - бір заттың әр түрлі күйі.
Заттың бір күйден басқа бір күйге ауысуы оның еркін энергиясының, энтропиясының, тығыздығының, т.б. физикалық қасиеттерінің секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді. Барлық зат (кейбір заттан басқасы) үш түрлі – қатты, сұйық және газ тәрізді агрегаттық күйде болады. Мысалы, су p=101 325 Па=760 мм сын. бағ. қалыпты қысымда және Т=0°С температурада мұзға, Т=100°С температурада қайнап, буға айналады. Плазма заттың төртінші агрегаттық күйі болып есептеледі. Заттың агрегаттық күйі температура мен қысымға тәуелді. Заттың агрегаттық күйін анықтайтын негізгі шама – молекулалардың өзара әсерінің орташа потенциалдық энергиясының олардың орташа кинетикалық энергиясына қатынасы [~(T, p)]. Мыс., қатты денелер үшін ~(T, p)1, газдар үшін ~(T, p)1, ал сұйықтықтар үшін ~(T, p)1.басталады. Заттың бір агрегаттық күйден басқа бір күйге ауысуы оның потенциалдық энергиясының секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді және ол молекулааралық қашықтық пен молекулааралық өзара әсерге тәуелді. Газдарда молекулааралық қашықтық молекулалардың сызықтық өлшемінен әлдеқайда үлкен. Сондықтан газда молекулалар бір-бірімен өзара әсерлеспейді деуге болады, олар еркін қозғала отырып, бүкіл көлемді толтырады. Кез келген газды белгілі бір қысым мен температурада сұйықтыққа, одан кейін қатты күйге келтіруге болады. Сұйықтықтар мен қатты денелерде (қоюланған не тығыздалған денелерде) молекулалар (атомдар), едәуір дәрежеде бір-біріне жақын орналасады да, олардың бір-бірімен әсерлесуі күштірек болып келеді. Осы себептен сұйықтықтар мен қатты денелер өз көлемдерін сақтайды. Дегенмен, қатты денелер мен сұйықтықтардағы молекулалар қозғалысының сипаты олардың әрқайсысында әр түрлі. Олардың құрылымы мен қасиеттерінің бір-бірінен өзгешелігі осы жағдаймен түсіндіріледі. Кристалл күйдегі қатты дене атомдары кристалдық тор түйіндерінің маңында әлсіз тербеліс жасайды. Мұндай денелердің құрылымы атомдардың реттелгендік (алыс және жақын реттелгендік) дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады. Сұйықтық молекулаларының (атомдарының) жылулық қозғалысы молекулалардың тепе-теңдік қалып маңындағы әлсіз тербелістері мен олардың бір тепе-теңдік қалыптан басқа бір тепе-теңдік қалыпқа секірмелі түрде жиі ауысып тұруынан құралады. Сұйықтық бөлшектерінің тепе-теңдік қалыпқа ауысуы олардың орналасуында тек жақын реттіліктің болатындығын және оларға қозғалғыштық пен аққыштық қасиеттер тән екендігін көрсетеді. Ал, плазманың басқа агрегаттық күйлерден айырмашылығы – оның зарядталған бөлшектер (иондар, электрондар) газынан тұратындығы. Плазмада бөлшектер бір-бірімен үлкен қашықтықта әсерлесе береді. Бұл жағдай плазманың өзіне тән кейбір қасиеттерін анықтайды.[1]
Құрылымы жағынан көбірек реттелген заттың агрегаттық күйінің одан гөрі азырақ реттелген күйге ауысуы белгілі бір температура мен қысымда секірмелі түрде (қ. Балқу, Қайнау), сондай-ақ, үздіксіз де (қ. Фазалық ауысу) жүруі мүмкін. Сондықтан, үздіксіз ауысу мүмкіндігі, Заттың агрегаттық күйінің әр түрге бөлінуінің шартты екендігін көрсетеді. Бұл жағдай сұйықтық құрылымын сақтайтын аморф денелердің, кейбір заттарда бірнеше кристалдық күйлердің, сұйық кристалдардың, т.б. болуымен дәлелденеді. Осыған байланысты қазіргі физикада З. а. к. ұғымының орнына одан гөрі кеңірек – фаза ұғымы пайдаланылады
2-дәптер
3-қазақсатнның ауыр және жеңіл өнеркәсібі, түсті металдар, машина жасау өнеркәсібі, оның орталықтары
Ауыр өнеркәсіп — халық шаруашылығының ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін маңызды саласы. Ауыр өнеркәсіп өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан құралады. Қазақстандағы өндіруші ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарына кен-химия шикізатын, түсті және қара металл, мұнай, газ, көмір, биметалл кендерін, құрылыс материалдарын өндіретін құрылымдар жатады. Өңдеуші өнеркәсіпке қара және түсті металдар, прокат, химиялық және мұнай-химиялық өнімдерін, машиналар мен құрал-жабдықтар, ағаш және целлюлоза-қағаз өнімдерін, цемент т.б. құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар енеді. Қазақстанда ауыр өнеркәсіп тің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген қоры мол. Олар: көмір мен мұнай, мыс пен қорғасын, темір мен хром, никель мен вольфрам, алюминий мен мырыш, алтын мен күміс, ванадий мен вольфрам және уран кен қорлары. Қазақстанның Жезқазған, Ақтоғай, Қоңырат мыс кендері, Соколов-Сарыбай, Әйет, Лисаковка, Атасу, Дөң, Қашар қара металл кендерінің мәні зор. Мұнай, газ, көмір қорлары (Батыс Қазақстан, Екібастұз, Қарағанды және т.б.) айтарлықтай.
Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.[1]
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала- мата тоқү саласы Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар ( жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Астана Қапшағай Орал Қызылорда Тараз Қостанай Өскемен Семей Қарағанды Шымкент Семей Тараз Шымкент Түркістан Мақтаарал Жүн жуу комбинаттары + Фарфор - фаянс бұйымдары + Былғары, тері илеу зауыттары + Жібек маталарын шығаратын комбинат + Шұлық шығаратын фабрикалар + Мақта тазалау зауыттары + Семантикалық карта
Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кен орны, Жаман Айбат мыс кен орны) мыс қоры 10 млн. тоннадан асады.
Қазақстанда барлығы 30-дай өр түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавтобустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады.Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмолаоблыстарында шоғырланған.
4-
Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту барысында сабақтың әр түрлі типтерін қолданамыз. Сабақты талапқа сай өткізудің бірнеше методикалық әдістері бар. Осы әдістерге сай сабақты мынадай типтерге бөлуге болады:
• Жаңа сабақ
• Білімін жетілдіру
• Қайталау сабағы
• Аралас сабақ
• Бағалау сабағы
Соның ішінде қайталау сабағы оқушының білімін тарау бойынша саралап тексеру үшін және жеке-жеке білімін бағалау үшін қолданылады.
Қайталау сабағын өткізерде алдын ала жоспар жасап, оның мақсатын көрсетіп сол тарауға немесе тақырыпқа негіздеп сұрақтар мен есептер дайындау қажет. Сұрақтар мен есептерді деңгейлік тапсырма түрінде алу қолайлы.
Қайталау сабағында сабақты өтудің бес түрі қолданылады.
• Ауызша сұрақтар
• Өзіндік жұмыс
• Практикалық жұмыс
• Бақылау жұмысы, тест, сынақ алу
• Іскерлік ойындарын ұйымдастыру.
Өткен тақырыпты қайталап, пысықтау кезінде осы өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беру, есептер шығарту, 20-25 минутқа арналған өзіндік жұмыс алынуы тиіс.
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске түсіру және кеңейту.
Түсіндіретін бөлік мұғалім нұсқауы, оқушыларды оқу жұмыстарына психологиялық жағынан әзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант, шығармашылық жұмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне және бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады.
Кейде сабақтың осы типінің мынадай элементтері болады:
• мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі;
• оқушылардың сұрақтарына жауап;
• оқушыларға тапсырма беру;
• тапсырманы тексеру;
• үйге тапсырма, сабақтың аяқталуы.