Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 18.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Үй жануарлары»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: .Балаларды бір-бірімен еркін тілдік қарым-қатынасқа баулу.
Дамытушылық: Көпше түрдегі зат есімдерді атау, ілік септіктерінде қолдану
Оқыту: Үй жануарлары, олардың төлдері туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбиешінің ұсынған тақырыбы бойынша әңгіменің жалғасы мен соңын ойлап табуға үйрету.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу құралы, жануарлардың суреттері, бет перде, ойыншықтар, қоржын, сиқырлы таяқша, хат
Билингвалдық компонент: жануар – животные- animals, үй жануарлары – домашние животные – domestic animals, ит – собака -dog, қой – баран,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Сәлеметсіздер ме?
-Здраствуйте!
-Good morning!
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден!
-Жарайсыңдар балалар, осы жақсы көңіл – күймен орнымызға отырайық.
-Балалар мен бүгін балабақшаға келгенде, үстел үстінен хат тауып алдым. Хатта не жазылған екен ашып оқиын, сендер тыңдаңдар:
«Қымбатты балалар! Бұл хатты сендерге Білім ханшайымы жазып отыр, бұл жай хат емес ішінде сиқырлы тапсырмалар бар. Балалар сендерді ақылды, білімді, тәртіпті деп естідім. Сендер менің тапсырмаларымды қызығушылықпен орындайсыңдар деп сенемін » - деп жазыпты.
Балалар Білім ханшайымының тапсырмаларын орындаймыз ба?
Балалар, менің сиқырлы таяқшам бар.
Сиқырлы таяғыммен сендерді қазір сиқыршыға айналдырамын.
Сиқырлы таяғымның сиқырлы сөзін айтуым үшін сендер балалар көздеріңді жұмуларың керек.
«Сиқырлы таяғымды сілтеймін,
сиқыршы бол деп тілеймін»
Балалар, қараңдаршы біз мейірімді сиқыршыға айналдық ( Тәрбиеші сиқыршыға айналады)
Негізгі бөлім:
Ал енді балалар сиқырлы тапсырмаларымызды орындауға дайынбыз ба?
Олай болса бірінші тапсырмамызды орындайық
Балалар қоржынның ішінен алған ойыншықтарды атап, қайда мекендейтінін айтыңдар.
Балалар Білім ханшайымының бірінші жіберген тапсырмасын орындай аламыз ба?
Айслу келіп, қоржыннан ойыншық ала ғой
Айслу сен қандай ойыншық алдың?
Дұрыс айтасың Сиыр қандай жануар? Ол қайда мекендейді?
Жарайсың, онда сиырды қайда орналастырамыз?
Жарайсың, рахмет отыра ғой
Бейбіт сен қандай ойыншық таңдадың?
Жолбарыс қандай жануар, ол қайда мекендейді.
Жолбарысты қайда орналастырамыз?
Дұрыс, отыра ғой
Жарайсыңдар балалар, тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін бізге Білім ханшайымы «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу құралын жіберіпті. Сол қалам арқылы үй жануарлары туралы мағлұмат алайық.
- «Сиқырлы қалам» бізге қандай үй жануарларын атап берді?
- Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал енді біз сиырдың төлін қалай атаймыз?
- Сиыр қалай дыбыстайды?
- сиыр орыс тілінде қалай аталады?
- Қойдың төлін қалай атайсыңдар?
- Қой қалай дыбыстайды?
Қойды орыс тілінде не дейміз?
- Ешкінің төлін не дейді?
- ешкі қалай дыбыстайды?
- Ешкіні орыс тілінде айтайықшы?
- Ал жылқының төлін не дейміз?
- Дұрыс балалар. Құлын қалай дыбыстайды?
- Жылқы орыс тілінде қалай аталады?
Үй жануарлары – домашние животные – domestic animals
Білім ханшайымының келесі тапсырмасында жұмбақтар шешеміз
Балалар жұмбақ шешуге дайынбыз ба?
Балалар орыс тілінде жұмбақтар білесіңдер ме? Ендеше мұқият тыңдаймыз.
На цепи сидит,
Дом сторожит.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Ит – собака – dog
Қой – баран - шип
Сергіту сәті:
Мальчики и девочки
Прыгают как мячики
Ручками хлопают
Ножками топают
Girls and boys
Jump as balls
Their hands theu clap
Their feet theu ctamp
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
Қай тай лақтай,
Қорытынды: -Балалар сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізде не ұнады?
-Білім ханшайымының қандай тапсырмаларын орындадық?
-Ойындардың қайсысы сендерге ұнады?
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сендерді не қызықтырды?
-Жаңылтпашарды жаңылмай айтуға үйрету
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 16.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Драма
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ертегіні әңгімелеу барысында жаңа сөз
енгізе отырып сөздік қорын байыту.
Оқыту: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау. Ертегі желісін ретімен орындау.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Жыл басына таласқан хайуанаттар киімі, маскаксымен. Үй жануарлары суреттері.
Билингвалдық компонент: жануар – животные- animals, үй жануарлары – домашние животные – domestic animals, ит – собака -dog, қой – баран,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Тәрбиеші балаларды дөңгелене тұрғызады. - - ---«Сәлем сөздің анасы,
Сәлем берер әр қазақтың баласы»-демекші қонақтармен амандасып алайық
Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз.
Қайырлы күн жер Ана!
Қайырлы күн достарым
Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
- «Жақсы сөз жарым ырыс»-дейді дана халқымыз, ендеше бір –бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Негізгі бөлім: -Балалар өткен сабақтарда қандай тақырып өттік?
Төрт түлік
Төрт түлікке нелер жатады?
Жылқы, сиыр, түйе, қой, (ешкі)
Түліктерді шақыру. Құру-құру! Аухау-аухау! Пұшайт-пұшайт! Көс- көс! Шөре-шөре!
Суреттерді көрсету.
Ертеде , тіпті ерте заманда, аңдар жалқау адам аңқау кезде, жыл санау болмаған кезде, адам баласы жылды, жыл аттарын білмепті.
Бір күні жыл келетін болыпты. Оны ауылда жатқан адамдар білмей, алдымен айдаладағы аңдар естіпті. Мейірімді жылды қарсы аламыз, жас пейілді жаңа жылды көреміз, жылға ат қоямыз, жыл аттарын бөлісіп аламыз деп жиналыпты.
Түйе бастаған жан- жануар ең соңы тышқан жыл басы болуға таласыпты.
Барлығы ортаға шығады.
Жылқы- Мен алысты жақын қыламын. Адам күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылымнан арқан , шылбыр еседі, адамға ең пайдалы менмін. Жыл басы мен боламын.
Түйе- Сен адамға өзің жейтін сұлы, шөп тамағың үшін еңбек етесің, ал мен сен көтере алмайтын ауырдыкөтеріп, неше айлық алыс жерлерге барамын. Тамақ талғамаймын. Табылса, су ішіп, табылмаса шөлге шыдаймын, бірнеше апта жүре аламын. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр- Адам мені жегіп жер жыртып, егін егеді, сүтімді ішеді, құрт- май жасайды. Жыл басы болу маған лайық.
Қой- Мен болмасам, киіз үйді немен жабар еді. Жүнімді қырқып, киіз басады, арқан жіп еседі, киім тоқиды. Сүтімнен құрт –май жасайды, шаруаға мен пайдалымын. Сондықтан жыл басы мен боламын.
Ит- Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын. Бөтен біреу көрінсе , үріп хабар беремін.
Тауық- Мен болмасам , адамдар ерте жұмысына бара алмай ұйықтап қалар еді. Сондықтан ерте тұрып, “таң атты” – деп хабар беремін. Кеш болса, “жатар мезгіл болды” – деп тағы беремін;
Тышқан- Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын- деп бір қулық ойлап жиылған көпке бұрылды.
Өзгелерге қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп “менен бұрын кім көреді” деп тышқанның сөзін қостады. Бәрі де күннің шығуын күтіп тұрды. Біраздан соң тышқан жорғалап түйенің үстіне шығып, оның төбесіне мінді де отырды.
Тышқан Жыл келді, жыл келді!
Күннің шыққанын мен көрдім
Мен жыл басы боламын!
Осылайша күнді бәрінен бұрын Тышқан көріп, жыл басы болған екен.
Тышқан деген батырың
Таңды көзбен атырды
Төбесінен түйенің
Жылды көріп қатырды
Барлығың да қараңдар,
Енді үйге тараңдар ,
Жылды көрген тышқанды
Жыл басы деп санаңдар!
Тышқаннан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін , тауық, ит, доңыз көрген екен. Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап ештеңе түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр қалыпты.
Жан-жануарлар достық пен сыйластықты, ақылдылықты, тапқырлықты мойындап әнге қосып, би билеп, жаңа жылды тойлаған екен.
“Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалды”- деген сөз осыдан қалған екен. Осыдан бастап жыл аттары 12 атпен аталыпты. 12 жыл 1 мүшел
Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян,
Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой
Мешін, Тауық, Ит, Доңызды
Санап, жаттап, біліп қой! (жаттату)
Қорытынды: Тәрбиеші балалардың бүгінгі оқу іс-әрекетінде өте жақсы қатысқандарын айтып мақтайды.Бүгінгі ертегілеріміз ұнадыма? Кімге не істегеніміз ұнады?Тәрбиеші балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. «Жыл басына таласқан хайуанаттар»-деген ертегіні үйге барғанда ата-әжелеріңе, достарың әңгімелеп беріңдер.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сауат ашу
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: «П дыбысы мен әрпі.Сөздерге дыбыстық талдау жасау»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Бірін - бірі құрметтеуге, сыпайылық танытуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйретуді жалғастыру
Оқыту: Жануарлар туралы жай сөйлемдер құруға үйрету. Берілген дыбысқа сөз ойлап табуды жетілдіру.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар
Билингвалдық компонент: Әріп-буква, піл-слон, пияз-лук.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші балалармен шеңберге тұрып, бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.
Негізгі бөлім: Есік қағылып, пошташы хат әкеліп береді.
Көмектесіңдер! Құтқарыңдар! Мен әріптер Ханшайымымын. Зұлым сиқыршы әріптер әлеміне келіп, барлық әріптерді шатастырып кетті. Егер де сендер зұлым сиқыршының берген тапсырмасын орындап, жоғалған әріпті тауып берсеңдер, біздің де көңіліміз көтеріліп қалар еді. Ол зұлым сиқыршының тапсырмасын орындап беруге біздің шамамыз жетер емес.
1 тапсырма.Қорықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан (піл)
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
П дыбысымен таныстыру.
Балалар барлық айтылған сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
Дұрыс балалар П дыбысынан. П дыбысы дауыссыз дыбыс. Өйткені П дыбысы еріннің бір - біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан жасалатын дыбыс. Оны көк түспен белгілейді екенбіз.
Қане бәріміз айтып көрейікші.
-па, -пе, -пу,-по.
Балаларға П дыбысына қатысты мысал келтірту.
Паровоз, поезд, пеш, пышақ, пингвин, перде, перне, пияз, піл, парашют....
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табамыз
2 тапсырма. Ал енді бәріміз П әріпін таяқшалардың көмегімен жазып көрсетейік.
3 тапсырма. Піл, Пияз сөздеріне дыбыстық талдау жасайықшы
Кубизм ойыны.
Берілген буындардан сөз ойлап құрастыру.
Пер - де. Пош - та. Пин - гвин. Пи - яз. Па - рашют. По - езд. Па - ровоз. Пар - та.
Қорытынды: -Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныс болдыңдар?
-«П» дыбысы қандай дыбыс?
Балаларды мадақтау, мақтау.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Орыс тілі
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тема: Дикие и домашние животные.
Цель: Заучивание стихотворения. формировать умение понимать и применять знакомые слова в повседневной жизни.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Материал: Картинки «Дикие и домашние животные». Муляжи диких и домашних животных. презентация: «Домашние и дикие животные» Бумажные ободки «Ферма», «Лес». Графическое упражнение «У кого кто?» для каждого ребенка.Мягкая игрушка «Котенок», «Мама – Кошка»,
Билингвалдық компонент: жануар – животные- animals, үй жануарлары – домашние животные – domestic animals, ит – собака -dog, қой – баран,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: Дети и воспитатель сидят за круглым столом. Слушают голоса животных.
Воспитатель: Ребята, сегодня мы с вами поговорим о животных. Кто из вас знает каких-либо животных и где они живут?
Дети отвечают.
Воспитатель: На какие группы можно разделить животных?
Дети размышляют и отвечают.
Воспитатель: Животные, которые заботятся о себе сами, называются дикими.
(Показывает картинки диких животных, дети называют их).
Негізгі бөлім: Воспитатель: Животные, о которых заботится человек, называются домашними. (Показывает картинки домашних животных).
Воспитатель: давайте послушаем ЗАГАДКИ и определим: животные, о которых говорится в ЗАГАДКАХ дикие или домашние?
Просмотр презентации «Домашние и дикие животные», воспитатель и дети определяют, к какому классу относятся эти животные:
- Загадка:
Голодна - мычит,
Сыта - жует,
Малым ребятушкам
Молочко дает. (Корова)
- Рассказ магистра (ребёнка) о корове.
Тело у коровы широкое, с округлыми раздутыми боками, ноги короткие, длинный и сильный хвост, напоминающий метелку, которым она отгоняет надоедливых мух и слепней. У коровы крупная голова с загнутыми вверх рогами, стоячие уши, которыми она хорошо слышит, и большие темно-карие бархатистые глаза. Имея прекрасное обоняние, они легко отличают съедобные травы от несъедобных.
Коровы медлительны и спокойны.
- Вопрос магистру: "Что дают нам коровы?". (Молоко, мясо).
Воспитатель: " Народ сложил немало пословиц и поговорок, посвящённых корове, в которых он любовно называет корову "кормилицей", "матушкой-коровушкой". А какие вы пословицы знаете о коровушке?
"Была бы коровушка, будет и молочко".
"Корова во дворе - так и еда на столе".
"Если есть на дворе корова - будешь и сыт, и одет".
"Черна Буренушка, да бело молочко".
-Загадка:
Очень любит спорт и скачки,
Превосходная циркачка,
На селе помощница -
Пахарь и извозчица. (Лошадь)
- Рассказ магистра (ребёнка) о лошади.
Лошадь - прекрасное, благородное животное. У нее крупное тело, сильные стройные ноги, оканчивающиеся копытами, густые, пышные грива и хвост, стоячие уши и большие умные глаза. Лошадь - верный слуга и спутник человека.
Долгими летними днями трудятся деревенские лошади, а по ночам пасутся на зеленых лугах.
Вопрос к магистру: "Чем питаются лошади? (Летом - травой, зимой - сеном и овсом.)
- Тренинг " Лошадки".
Замелькали наши ножки,
Мы поскачем по дорожкам.
Но внимательнее будьте,
Что вам делать не забудьте.
(упражнение для языка - "Цок,цок,цок.)
Воспитатель: Кто знает этого животного и где они живут?
- Физминутка: "Пятачок".
Поросёнок Пятачок.
Отлежал себе бочок.
Встал на ножки, потянулся,
А потом присел, нагнулся
И немножко поскакал
И на месте пошагал.
А потом опять прилёг,
Но уже на левый бок.
-Загадка:
Шерсти маленький клубок,
Глазки, носик, коготок.
И на что ОНО похоже?
«Мяу! Мяу!» Это кто же? ( Котенок).
-Загадка:
Кто во дворе так заливисто лает?
Тонущих кто из беды выручает?
Трудную службу несет на границе?
С врагом, если надо, не дрогнув, сразится?
Дом охраняет всю ночь напролет-
Чужой без хозяина в дом не войдет.
В трудный поход её брать с собой можно,
Друга вернее найти невозможно.
В.И. Мирясова ( Собака).
- Загадка:
Идет, идет, бородой трясет,
Травки просит:
А потом молочка приносит. (Коза)
- Рассказ магистра (ребёнка) о козе.
Коза - одно из первых диких животных, которое приручил человек. Коза - небольшое животное, тело ее покрыто густой шерстью. Ноги у козы высокие, стройные, хвост - короткий. У козы большие серо-зеленые глаза, стоячие уши, а голова украшена острыми рожками. Эти животные обладают хорошим зрением, слухом и обонянием, они грациозны и ловки, быстро бегают, отлично прыгают, могут лазать по крутым склонам гор.
Они щиплют травку на лугах и полях, объедают листья и молодые побеги деревьев и кустарников.
Воспитатель:
Очень полезно и вкусно козье молоко, по составу очень близко к женскому молоку, люди выкармливали грудных младенцев козьим молоком. А что готовят из козьего молока? ( Из него готовят сыр, брынзу, творог и сметану.)
-Загадка:
Косолапый и большой
Спит в берлоге он зимой.
Летом по лесу гуляет,
В рот малину собирает.
Любит рыбу, муравьев,
Отгадайте, кто таков?
В.И. Мирясова (Медведь).
- А по поведению медведя можно узнать, какое время года?
-Загадка:
Когда я голодный-
Меня не встречай:
Я щелкну зубами
И съем невзначай. (Волк).
-Загадка:
Хитрая плутовка,
Рыжая головка,
Хвост пушистый - краса,
А зовут ее -… ( Лиса).
-Загадка:
Белый, ушастый,
По лесу шастал,
Путал следы
От рыжей беды.
В.И. Мирясова (Заяц ).
-Загадка:
Хожу в пушистой шубке,
Живу в густом лесу.
В дупле на старом дубе
Орешки я грызу. ( Белка ).
-Белки живут в дуплах, могут строить гнезда на деревьях подобно птицам.
Дети делают вывод: на снегу белого зайца труднее заметить хищнику, и серебристую белочку на дереве, занесенном снегом тоже труднее заметить, причем и хищнику и охотнику.
- Так животные приспосабливаются к условиям жизни в дикой природе. Такая окраска называется покровительственной.
ОПЫТ: - Где легче взять нитку, там, где нитка совпадает с фоном или там где не совпадает? Почему?
- Можно ли по цвету шубки определить какое сейчас время года?
-Загадка:
Это кто в траве шуршит
И забавно так фырчит,
Весь в иголках, не возьмешь?
Кто же это, дети? ( Еж).
Воспитатель: - Сейчас мы с вами поиграем в игру «Найди домик животному». У меня на столике дикие и домашние животные. Вам нужно подойти взять любое животное и поставить там, где оно живет. Когда все фигуры животных будут расставлены можно попросить детей назвать, каких животных они отнесли к диким, а каких к домашним.
Воспитатель обращает внимание детей на мягкую игрушку Котенка, который лежит в уголке.
Воспитатель, взяв котенка на руки: Детки, посмотрите, кажется, этот малыш потерялся! Где же его мама…
Появляется Мама-Кошка: Ой, вот ты где, я повсюду тебя ищу уже битый час, если не два, а то и три! (Забирает котенка).
Воспитатель: А вы кем, простите, приходитесь этому малышу?
Мама-Кошка: Как кто? Я его мама. Разве вам неизвестно, что мама у котенка – кошка, а папа … (обращается к детям).
Дети отвечают: «Кот».
Воспитатель: Я, конечно, это знаю, но что-то все позабыла. А хотя нет – папа щенка — кот, а мама ягненка – лосиха, верно же?
Дети и Мама-Кошка поправляют воспитателя.
Мама-Кошка: Мы сейчас освежим твою память, а дети мне в это помогут, вы согласны, ребята?
Дети отвечают.
Мама-Кошка читает стихотворение А.Шибаевой «Кто кем становится», дети заканчивают предложения в стихотворении:
Жил-был маленький щенок.
Он подрос, однако,
И теперь он не щенок,
Взрослая … (собака).
Жеребенок с каждым днем
Подрастал и стал … (конем).
Бык, могучий великан,
В детстве был … (теленком).
Толстый увалень баран –
Толстеньким … (ягненком).
Этот важный кот Пушок –
Маленьким … (котенком).
А отважный петушок –
Кро-о-хотным … (цыпленком).
Мама-Кошка: Ну что, мы помогли тебе вспомнить?
Воспитатель: Помогли, спасибо! Ребята, о каких животных рассказала стихотворение Мама-Кошка?
Воспитатель: - Молодцы! А сейчас я предлагаю вам выполнить одно интересное упражнение, но уже за столами. Давайте присядем на свои стульчики. (Дети садятся за столы)
Пальчиковая гимнастика «Дикие животные».
Это зайчонок. Это бельчонок.
Это лисенок. Это волчонок.
(Сгибают пальцы в кулак ,начиная с мизинца)
А это спешит, ковыляет спросонок
Бурый, мохнатый, смешной медвежонок.
(Вращают большим пальцем)
Воспитатель: дети, о детенышах каких животных эта пальчиковая гимнастика?
Қорытынды: Выполняется графическое упражнение «У кого кто? - В этом упражнении нужно помочь всем животным отыскать своих детенышей - Вам нужно провести дорожку от каждого животного к своему детенышу. Дети выполняют задание. Воспитатель: - Вам понравились наши игры? И мне очень понравилось с вами играть. Вы молодцы!
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 16.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Шет тілі
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: Үй жануарлары
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: «Domestic Animals» тақырыбын енгізе отырып, балаларға ағылшын тілінде үй жануарлардың аттарын атауаға үйрету. Сөздік қорларына жаңа сөздер енгізу. Әр түрлі дидактикалық – үйрету тапсырмалары арқылы балалардың ерікті есте сақтау, ойлау, қабілеттерін дамыту
Оқыту: Ағылшын тілінде жануарлардың атауларын меңгертіп, оларды сипаттауға үйрету.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: ойыншықтар, дидактикалық қима - қағаздар, үй жануарларының суреттері.
Билингвалдық компонент: үй жануары-домашная животные, Domestic Animals
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Warm - up!
Педагогтің іс - әрекеті
- Good morning, children!
- I’m very glad to see you!
How are you?
Ойын «Сиқырлы микрофон»
Балалар шеңбер құрып отырады. Тәрбиеші қолына микрофон ұстап оның сиқырлы екендігін айтады. Шеңберді айнала тәрбиеші қолындағы микрофонды кез – келген балаға ұсынады. Микрофонды алған бала өзін – өзі таныстыру керек.
Үлгі: - Hello!
I am glad to see you!
My name is Arman.
My surname is Ibraev.
Негізгі бөлім: A sheep - қой
A dog - ит
A horse - ат
A cow - сиыр
A hen - тауық
A cat - мысық
Мұғалім сұрақ қояды. Бұл не? Жануарлардың суретін көрсетіп. What is it? - It is a dog
Ән «Twinkle, twinkle little star?»
Тәрбиеші бірнеше рет қайталайды.
- Twinkle, twinkle little star
How I wonder what you are
Up above the world so high
Like a diamond in the sky!
Қорытынды: «What is missing?»
Тәрбиеші балаларға көздерін жұмуын сұрап, бір үй жануарын тығып қояды. Балалар көзін ашқанда қай үй жануардың жоқ екенін айтады. Балалар ағылшынша атын айтып табулары керек.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: «10 көлеміндегі санды тура және кері санау»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Заттарды саны бойынша салыстырып,олардың реттік нөмерін атау.
Оқыту: 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға жаттықтыру. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдысын бекіту
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар
Билингвалдық компонент: сан-цифр
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Педагог балаларды санау әректіне тартады.
-Біз беске дейін санадық.Ал Сырымның достары көп пе?
Сендер санап үйренгілерің келе ме?
Негізгі бөлім: Жиынтық тақта да 1-5-ке дейінгі заттар тобы шығарылып,керекті цифрды қоюды сұрайды.Әрі қарай 6-дан 10-ға дейінгі заттар тобы қойылады
Мақсат қойылуы.(проблемдік жағдаят)
Әрі қарай 6-дан 10-ға дейінгі заттар тобы қойылады.
Мына заттар тобын кім санап шыға алады?Бізге қандай цифрлар керек?
1-тапсырмада балалар текшелерді санайды.Оларға көмектесейік.Текшелер тобын сәйкес цифрмен қосып біріктірейік.Модан соңбалалар дәптердегі текшелербағнасын ткөрсетіп,оларды тура және кері санап шығады.Педагог балалрдан әрбір келесі текше ьағанасы қаншалықты жоғарғы екенін сұрайды?1 текшеге,ал алдыңғысы төмен.Кейінгі сан,сөздерін айтуды сұрайды.6-дан 9-ға дейінгі цифрларды есте сақтау үшін оларды қағаздың үстіне дөңгелектердің көмегімен қойып шығуды ұсынуға болады:
Сергіту сәті.
Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп.
Секіреді бақ-бақ
Ағаштарды аттап
Олар ерте тұрады
Беті-қолын жуады.
Оңға-солға шайқалып
Бақылдайды ән салып
Судан шіркей табады,Өсіп үлкен болады.
Бақ-бақ,нақ-нақ
Біздер айттық тақпақ
/Б.Бөрібаев/
Педагог жиынтық тақтасында 1-10ға дейінгі сандар карточкасын және ретімен орналасқан 1-ден 10-ға дейінгі заттар тоьын қояды.Содан соң заттар тобын сәйкес цифрмен біріктіруді сұрайды.
Балалар сандарды өсу ретімен орналастырып болған соң,оларды тура және кері хормен бірнеше рет санап шығады.Осыдан кейін педагог осы әрекеттерді енді көзді жауып санауды сұрайды.Әрі қарай 2-тапсырма орындалады.Тапсырманы түсіндіріп, отырып орындауға болады.Талқылауды топ ішінде жүргізуге болады.
Әрбір топ өздерінің отбасы мүшелері мен достарының атын келтіруі мүмкін:
Балаларға арналған «санамақтар» ойыны:
Бір дегенің-бесігіңді түзедің
Екі дегенің-Егеменді ел дедің
Үш дегенің-ана тілім асылым
Басқа тілдің мәртебесін асырдың.
3-тапсырма әр бала жеке бояп шығуға арналады.
Қорытынды: Педагог балалардан қандай жаңа сандармен танеысқандары жөнінде сұрайды?(6-10) Нені үйрендік? (Тура және кері санап шығуды)Балалардың жұмысын сәттілік баспалдағымен бағалауға болады.Егер сендер қалай 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды түсінбеген болсаңдар, адам суретін баспалдақтың жоғарғы сатысына салыңдар. Ал егер өз білімдеріне толық сенбесеңдер, баспалдақтың 2 немесе 3-сіне екенін әркім өзі шешеді. Адам суретін баспалдақтың төменгі сатысына салғандар қолдарын көтерсін. Сендердің қайсыларың неліктен екенін айта алады? Адам суретін 2 және 3 баспалдаққа салғандар қолдарын көтерсін. Сендердің қайсыларың неліктен екенін айта алады? Педагог мүмкіндігінше әртүрлі пікірлерді тыңдайды.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: : «Жабайы жануарлардың тіршілігі»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Құрдастарының жауаптарын тыңдай білуге жəне жануарларға қамқорлық көрсете білуге тəрбиелеу.
Дамытушылық: Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсетуге және сипаттауға үйрету.
Оқыту: Жабайы жануарлардың тіршілігі, сыртқы түрі, қимылдары туралы түсініктерін кеңейту. Елеулі белгілерін ажыратуға үйрету.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар, кусочки меха, интерактивті құрал.
Билингвалдық компонент: тиін – белка
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Педагог балалардың жұмыс істеуіне эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады
Шыңнан сырғып түсті де,
Келді етекке қыс, міне.
Ақ қарлар ақ көбелек,
Қонды үйлердің үстіне.
Боран соғып бірде өкпек,
Үйге айдады «кір», – деп тек.
Мұз көрпеге оранды,
Сулар тоңып дірдектеп.
Аулаға қар үйгізді,
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер,
Қырау ішік кигізді.
Р. Тышқанбаев
Негізгі бөлім: Білімдерін белсендіру.
Қазір қай жыл мезгілі? Жабайы жануарлар қыста қалай тіршілік
етеді? Білесіңдер ме?
Сұрақтарға жауап алу арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын жəне мақсатын болжамдап тапқызады.
Жағдаят шешу: Қыс түсті. Бұл жақсы ма əлде жаман ба?
«Қыс жақсы ма əлде жаман ба?» дидактикалық ойыны
Педагог тақтаға қыс мезгілін білдіретін жəне əртүрлі жағдайлар
бейнеленген суреттерді іледі.
Əліппе-дəптердегі суретке назарларын аударады: Суреттер бойынша сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.
Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Өзекті сұрақ: Қоян неліктен сұр тонын ақ тонға, ал тиін қызғылт тонын сұр тонға ауыстырады?
Тиін қысқа қалай дайындалады? Тиіннің іні қай жерде?
Педагог балаларды күлдіреді: Аю ағаш қуысында ұйықтай ма? (Балалар күліп, жауап береді).
Сергіту сəті. Жануарлардың балаларын атайды.
Бірде аңадар суатқа су ішуге келе
жатты: (балалар шеңбер бойымен бір-бірінің артынан жүреді),
Бұғының артынан бұғышақ (аяқтарын топылдатып жүреді),
Түлкінің артынан мыршай (аяқтарының ұшымен бұқпантайлап жүреді),
Кірпінің артынан кірпінің баласы (отырып, баяу жүреді),
Аюдың артынан қонжық (маймаңдап жүреді),
Тиіннің артынан тиіннің баласы (секіріп жүреді)
Қоянның артынан көжек (көжектер сияқты секіреді),
Қасқырдың артынан бөлтірік (еңбектеп жүреді) келеді,
Бəрі суаттан су ішті, тойды (шеңбер бойында тұрып, тілдерін шығарып, тамсанады).
Магнит тақтаға аңдарды ретімен қоюға тапсырма береді.
Əліппе-дəптермен жұмысты жүргізеді.
– Мектепке келе жатып қатты тоңдыңдар ма?
Өзекті сұрақ: Жануарлар өздеріне жылы киім сатып ала ала ма? Олар қалай қыстап шығады? Қыста тоңбай ма?
Бір жапырақ жүнді алып, оған зерттеу жұмысын жүргізуді ұсынады.
Қорытынды: Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия: рефлексияның бір түрін қолданады: дене күші (үлгердім – үлгермедім); сенсорлы (көңіл күйі: қолайлы, қолайлы сезінбедім); интелектілі (Нені түсіндім? – Нені түсінбедім? Қандай қиындықтар болды?).
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Тиін»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: өз өлкесінің жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Дамытушылық: қазақстандағы жануарлар әлемінің бір түрі тиінмен таныстыру және оның суретін салуды үйрету; сурет салуда шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқыту: Сурет салу барысында тиіннің дене бөліктерін дұрыс сала білуге үйрету. Суретті ұқыпты бояуды жетілдіру.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: тиін- ойыншық, тиіннің суреті, ақ қағаздың беті, акварель бояулары, су стакандағы, майлықтар, қылқалам, жай қарындаштар.
Билингвалдық компонент: тиін, белка, squeare.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларды ұйымдастырып, «Шаттық шеңберін» құрып, «Амандасу рәсімін» айту:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқарайды қаламаз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң достарым!
Негізгі бөлім: Балаларға жұмбақ жасыру.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.
/Тиін/
Кіріспе әңгімеде Қазақстан аумағын мекендейтін жабайы жануарлар атауын қайталап шығады. Тиінмен танысады.
-Тиін-әдемі кішкентай аң. Тиіннің денесі алмұрттәріздес, басы кішкентай дөңгелек, тұмсығы үшкір және қысқа. Көздері үлкен әрі дөңгелек. Құлақтары тік үшбұрышты.Құлақтарының ұшында шоқтары бар. Оның алдыңғы аяқтары қысқа. Артқы аяқтары анағұрлым күштілеу-олар жуандау әрі ұзындау, соңдықтан тиін, қоян тәрізді, секіріп қозғалады. Ақ тиін-үнемі қозғалысты және әуесқұмар аң. Ол көп жүгіреді, секіреді. Сүйікті қөрегі-жаңғақ, саңырауқұлақ, алма.
Тиіннің тонының түсі күзде және көктемде түлеу кезінде өзгереді.
Жұмысты орындау тәслін көрсету.
-Парақты ыңғайлып орналастыру.
-Дене бөліктерінің геометриялық фигураларға қатынасы.
-Жұмыстың орындалу ретін бекіту: денесі, басы, аяқтары, құйрығы, ұсақ бөлшектері. Дене мүшелерін бейнелеу.
-Бөліктерді біртіндеп сызықтармен біріктіру.
-Суретті бояп шығу.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Шаттық шеңбер құрамыз.
Оңға-солға иіліп,
Орнымызды табамыз.
Педагог балаларға көмектеседі.
Қорытынды: Балалардың салған жұмыстарын талдау.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Тиінды мүсіндеу»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Дөңгелек пішінді заттарды жасау үшін алақан қимылдарымен сазбалшық кесектерін домалақтауға үйрету, жанаурларға деген дұрыс қарым-қатынастарын дамыту
Оқыту: Бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуге үйрету.
Педогогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: түрлі-түсті ермексаздар
Билингвалдық компонент: Тиін-белка
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
- Жақсы. Көңілдіреміз көтеріңкі сияқты.
Негізгі бөлім: Таңқаларлық сәт:
Ағаштардың қабығын кеміреді, өсімдіктермен қоректенеді.
Секең, секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді. Бұл не? (тиін)
-Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін жануар. Тиіннің қорегі емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады.
-Тиін қайда өмір сүреді?
Тиіннің түсі қандай?
Жүні үлпілдек, қалың, құйрығы ұзын, құлағында шашағы бар. Тырнақтары ағашқа өрмелеп шығу үшін, қорегін ұстап тұру үшін ыңғайлы. Оның құйрықтары ағаштан-ағашқа секіру кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін және аязды күні суықтан қорғану үшін қолданады. Қатты суықта құйрықтарын жамылып жатады. Ұясын ағаш басына, кеуесіне не жартас жарығына салады.
-Тиіндер қысқа қалай дайындық жасайды?
-Олар жаз, күз мезгілінде тоқ жүрсе де, қысқа дайындық жасайды. Ағаштардың жемістері мен жаңғақтарын, бүрлерін, саңырауқұлақтарды жинайды. ағаштардың ойық жерлеріне, қуыстарға, ағаш түбіне қазып көміп тастайды. Қыс түскенде басқа жануарлар мен құстар кездейсоқ тауып алады. Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді.
Балалар бізге тиін жасау үшін ермексаз қажет. Ермесазды ауызға салуға болмайды. Ең алдымен суретке мұқият қарап алыңдар,содан жұмысымызды бастайық.
Сергіту сәті.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қорытынды: Балалар өздерінің жасаған жұмыстарына пікір айтады
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 18.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Аппликация
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Қоян»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Қоршаған ортадағы жан-жануарларды аялауға және мейірімді болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Баланың ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту.
Оқыту: Аңдардың бейнесін шынайы түріне ұқсастыра білуге үйрету.Қағазды бүктеп, қию дағдыларын жетілдіру.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: қайшы, суреттер, желім, түрлі-түсті қағаз.
Билингвалдық компонент: қоян-заяц
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздің бізге қонақтар келіп отыр. Кәне, қолдарымызды күнге созып, жақсы көңіл-күймен амандасайық:
Шаттық шеңбер
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын
Өзі кішкентай,
Құлағы ұзын,
Өзі қорқақ.
Дұрыс , балалар.
Қане,қане тұрмайық
Үлкен шеңбер құрайық
Құрсақ енді шеңберді
Алақанды ұрайық
Қуан,шаттан,алақай!
-Қуанатын күн келді.
-Қайырлы таң.
-Қайырлы күн
Негізгі бөлім: Балалар бүгінгі жапсыру ұ.о. іс-әрекетінде қоянның бейнесін жасаймыз.
Қоянның ерекшеліктеріне назар аудару.
- Қоян қандай аң?
- Қоянның құлақтары қандай?
- Неше аяғы бар?
- Құйрығы нешеу?
- Құлақтары мен аяқтары қандай пішінге ұқсайды?
Балалар ,мынау хат кімнен келген екен?
Хат қояннан келіпті . Қоян сендерге қонаққа келгісі келемін депті. Қабылдайсыздар ма?
Экраннан қоян сөйлейді.
Саламатсыздар ма ,балалар !
Мен сендерге қонаққа барамын.
Менімен дос болғыларың келе ме
оның санын көбейтіп ,бәріміз пішіндерден қоянның бейнесін жапсырсақ, ол шын қоянға айналып кетеді.
Балалар қоянның бейнесін жапсырамыз ба?
Балаларға пішіндер таратылады. Бірінші денесін,содан кейін басын, аяқтарын,құлақтарын, құйрығын жапсырамыз.
Жұмыс орындарыңды таза ұстап және ұқыпты жұмыс жасаңдар.
Сергіту сәті
Балалар енді қызықты ойындар ойнайық.
Ойын: «Тығылыспақ »
Ойын: «Құйрықтарын тап»
Аңдардың құйрықтарын табу.
Ойын: «Қоян қай ертегіде»
Қояндардың көжегін санату
Ғажайып сәт: Экраннан қоян балаларға рахметін айтып, шын қоянға айналатынын айтады.
Балалар қоянның түсі қандай?
Көзі қандай?
Балалар қоянға арнап кім тақпақ айтып береді.
Қорытынды: Балалардың жұмыстарын тексеріп ,
смайликтермен бағалау . Мадақтау.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Әлеумет
Пән: Өзін-өзі тану
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Табиғат –Ана»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Тірі табиғат құбылыстарын бақылай білуді қалыптастыру, табиғаттың әсемдігін сезінуге, үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Оқыту: табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Билингвалдық компонент: табиғат-природа.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: 1.Шаттық шеңбері:
-балалар,барлығымыз Табиғат-Анаға ризашылығымызды білдіріп,рақмет айтайық.
Негізгі бөлім: -Күн,сәуле шашып,жарқырағаның үшін рақмет!
-Жер,дем беріп,күш қосқаның үшін рақмет!
-Аспан,таза ауа бергенің үшін рақмет!
-Су,өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!
2.Әңгімелеу: К.Ушинскийдің «Төрт түлік» әңгімесін оқу.
-Сен қай жыл мезгілін ұнатасың?
-Табиғатқа деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіресің?
3.Тыныштық сәті.
4.Ойын «Мен табиғаттан не үйрендім?»
-Мен табиғаттан мейірімділікті үйрендім.
-Мен құстардан ән салуды үйрендім.
-Мен судан тазалықты үйрендім.т.с.с.
5.Дәйексөз. «Мейірімділікті табиғаттан үйрен».
6.Дәптермен жұмыс:
-Сурет бойынша әңгіме құрау.
7.Сергіту сәті:
Күн мен ауа және су
Бәрімізге керек пе?
Иә,иә,иә!
Күн жылыну үшін бе?
Иә,иә,иә!
Күн жарық үшін керек пе?
Иә,иә,иә!
Ауа тыныс алу үшін бе?
Иә,иә,иә!
Ауа таза боду керек пе?
Иә,иә,иә!
Су ішуге керек пе?
Иә,иә,иә!
Су шынығу үшін бе?
Иә,иә,иә!
Денеңде күш артты ма?
Иә,иә,иә!
8.Ғажайып сөздер:
-Мен мейірімділікті табиғаттан үйрендім.
Қорытынды: Қортындылау
-Табиғаттың жаратылыстарын атаңдар?
-Табиғат-Ана бізге не береді?
-Табиғатты біздер әрқашан да қорғау керекпіз.
9.Жүректен жұрекке: «Ризашылық» әнін орындау.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Денсаулық
Пән: Дене шынықтыру
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: Белгі бойынша бір қатармен бір-бірлеп жүру және заттарды аттап өтіп жүгіру.
Мақсаттары: Ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап секіру. 4 м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру.
Педогогикалық технологиялар: денсаулық технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: сабаққа керекті құрал-жабдықдар.
Билингвалдық компонент: доп-мяч
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: 1.Жұптасып жүру, жан-жаққа шашырап жүгіру.
2.Бір қатар сапқа тұрғызып, тапсырманы түсіндіру.
Балалар нұсқаушының көмегімен жұптасып тұруға ыңғайланады және шамамен бір шеңбер жұптасып жүреді, одан кейін педагог жан-жаққа шашырап жүгіруге белгі береді.
Негізгі бөлім: Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жоғары көтеру, оларды айқастырып, бір-біріне соғып тықылдату, төмен түсіру.
Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды иыққа қойып қойып ұстап тұру. Отыру, жалаушаларды алға созу, тұру, бастапқы қалыпқа оралу.
Б.қ.: тізерлеп отыру, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жоғары көтеру, оларды оңға және солға бұлғау, бастапқы қалыпқа оралу.
Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жүрумен алмастыра отырып, бір орында қос аяқпен секіру (2рет). Балалар өз орындарына отырады .
Көлбеу қойылған баспалдақпен жүру.
Педагог тапсырманы түсіндіреді.
2.Кесек ағаштан аттап жүру.
3. «Реттілік және ретсіздік» қимыл-қозғалыс ойыны.
Педагог әртүрлі қимылдарды көрсетіп, оны қайталауын және соңғы қимылды есте сақтауын сұрайды, мысалы: «Жалаушалардыекі жаққа соз!»
«Жалаушаларды жоғары көтер!», топты ерекше атап өтеді.
«Бірінші жалаушаны жоғары көтер, екіншісін төмен түсір!».
Кенеттен ол «Ретсіздік!» дегенде барлығы жан-жаққа шашырап қашады да, жалаушаларын жоғары көтеріп бұлғайды.
«Реттілік!» деген белгі бойынша барлығы өз орындарына тұрады, соңғы көрсетілген қимылды көрсетеді.Педагог жаттығуды жақсы көрсеткен балаларды мадақтайды.
Қорытынды: Педагог жүру кезінде денетұлғаларын дұрыс ұстап жүрулерін қадағалайды.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Денсаулық
Пән: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Саңырауқұлақ»
Мақсаттары:
Тәрбиелеу: Оларды қолданудан сақ болуға үйрету
Дамытушылық: Оларды белгілері бойынша суреттерден ажырата білуге үйрету.
Оқыту: Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар, өсімдіктер туралы түсінік беру.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: себет, саңырауқұлақтардың макеті, шырша бүрі, «Табиғат дыбыстары» дискі, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар
Билингвалдық компонент: саңырауқұлақ – гриб
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.
Балалардың білімін нығайту Балалардан саңырауқұлақты қайдан теретінін сұрайды. Саңырауқұлақты неге салған дұрыс?
Себетті көрсетіп, саңырауқұлақ теру үшін орманға аттануға шақырады (виртуалды саяхат). Орманға немене жеткен дұрыс деп сұрайды.
Танымдық қызметпен айналысуға жұмылдырады.
Негізгі бөлім: Саңырауқұлақтардың муляждарына
(суреттеріне) назар аударады. Бұл көгөніс пе? Əлде жемістер ма? Бұл не?
Егер балалар жауап беруге қиналып жатса, педагог саңырауқұлақтың атауын айтып береді. Содан соң балалармен бірге қайталайды.
Жеуге жарамды жəне жарамсыз
саңырауққұлақтарға балалардың
назарын аударады.
Саңырауқұлақтың бəрін жеуге бола ма? Неге? Қандай
саңырауқұлақтарды теруге болмайды?
Шыбынжұт саңырауқұлағының сыртқы ерекшеліктеріне назар аударады.
Сергіту сəті
Аяғының түсі қандай? (Сұр).
– Майлы саңырауқұлақ – … (Майқұлақ). Оның қалпағы май құйып қойғандай жабысқақ болып келеді.
– Түлкінің тонындай сары түсті саңырауқұлақ – …(Түлкішек).
– Күн сияқты қызғылт сары түсті саңырауқұлақ – …(Арыш). Ормандағы ең басты саңырауқұлақ – ақ саңырауқұлақ. Ол үлкен, қалпағы қоңыр түсті, аяқтарының түсі ақ.
Балалардан орманда қандай жануарлар саңырауқұлақты жақсы көретінін сұрайды.
«Ормандағы серуеннің аяқталғанын» хабарлайды. Саңырауқұлақты ересектермен бірге теру керектігін жəне ересек адамдардың айтуынсыз саңырауқұлақты қолмен ұстауға болмайтынын айтып түсіндіреді.
– Балалар, улы саңырауқұлақтар сендердің денсаулықтарыңа ғана емес, өмірлеріңе де қауіп төндіруі мүмкін. Ал біз бүгін ойыншық саңырауқұлақтармен ойнадық. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ.
Қорытынды: Сабақты қорытады. Алған əсерлерімен бөлісуге шақырады.
–Біз қайда барып келдік? Орманға немен бардық? Орманда не тердік?Оны қайда салдық?
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 16.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Денсаулық
Пән: Дене шынықтыру
Өтпелі тақырып: «Жануарлар әлемі»
Топ: ересек топ
Тақырып: Түрлі қарқында жүру және бір сызыққа қойылған заттар арасымен «жыланша» ирелеңдеп жүгіру.
Мақсаттары: Түрлі қарқында жүру және бір сызыққа қойылған заттар арасымен «жыланша» ирелеңдеп жүгіру.Допты басымен итеріп еңбектеу.3-4 доғаның астынан еңбектеп өту.
Педогогикалық технологиялар: денсаулық технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: сабаққа керекті құрал-жабдықдар.
Билингвалдық компонент: доп-мяч
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Шеңбер бойы бірінің артынан бірі жүру ; баяу жүру, теріс қарап алға қарай жүруді алмастыра, педагогтің тапсырмасын орындай жүру. Екі шеңбер құру; бір орында тұрып жан-жаққа секіре бұрылу. Бір – біріне қақтығыспай, бірінің артынан бірі, жұптасып, «жыланша» ирелеңдеп жүгіру. Жеңіл жүгіру, жұптасып айналу. Аяқты тарсылдатып жүру.
Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығулары.
1. «Доптар бірге» б.к.: н.т., қол доппен төмен. 1 - қолды жоғары көтеріп, доптарды 1 рет соғып, оған қарау; 2 - қолды шетке соза, бастапқы калыпқа оралу.
2. «Допты құшақтап алу»б.к.: н.т., қол доппен шетке созулы. 1 - доптарды құлатпай кеудені құшақтап алу;
2 - бастапқы қалыпқа: оралу.
3. «Тізе артында» б.қ.: аяқ бірге, қол доппен шетке созулы. 1-2 алға қарай еңкею, тізенің артынан доптарды тигізу- дем шығару; • 3-4 бастапқы қалыпқа оралу.
4. «Доптар бірге» б.к.: аяқ бірге, қол доппен шетке созулы. Денені оңға, солға бұрып, доптарды біріктіру.
5. «Тізе астында»б.к.: н.т. қол доппен иықта. 1 - тізеден бүгілген оң аяқты көтеру, тізенің астынан доптарды соғу; 2 – бастапқы қалыпқа оралу; 3-4 - сол аяқпен орындау.
6. «Секіру» б.к.: н.т., қол доппен төмен. Аяқты бірге қою, алшақ ұстап секіру.
Доптарды соғып орында тұрып жүру. (3 рет). Сапқа тұру. Допты артта ұстап жеңіл жүгіру. Жай жүру. Демалужаттығуларын орындау
Негізгі қимылдар .
1.Бір-біріне допты домалату
2.Цигун гимнастикасының тыныс алу жаттығулары.
Қорытынды: Оқу іс-әрекетін қорытындылап қимылды ойын ойнату. «Орныңды тап».Өзінің орнын тез таба білуге көңіл бөлуін дамыту