Тақырыбы: «Жасай бер, Қазақстаным! »
Мақсаты:
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Жасай бер, Қазақстаным», қанатты сөздер жазылған плакаттар.
Барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, білектің күшімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Жасай бер, Қазақстаным» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2- жүргізуші: Сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған мерекемізді ашық деп жариялаймыз!
1.( Әнұран)
Слайд жүріп тұрады. Ән: «Қазақ елі осындай»
2.Көрініс
Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.
Қаз дауысты Қазыбек би:
Біз қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. (орындыққа отырады .)
3.Сахнаға Жер-Ана шығады..
Жер Ана:Уа,халқым армысың!Барша бауырым бармысың?Әрбір арайлап атқан таңға,әрбір қызарып батқан күнге «Тәубе,тәубе »деп шүкіршілік етіп,мен де- Жер Ана сендермен бірге жасасып келемін.Сендер көрген қиыншылықты мен де көріп келемін.
Уф!Бұл қазағымның басынан нелер келіп ,нелер өтпеді.
«Елім-ай-лап »елінен,жерінен айырылған қайран менің қазағым!Сонау жоңғар шапқыншылығы ,1930-1933 жылдардағы ашаршылық,1936-1938 жылдардағы репрессия құрбандары,1941-1945 жылғы Отан соғысы,кешегі тәуелсіздік үшін құрбан болған жастар, мен не көрмедім дейсің?!
2-жүргізуші: 16-Желтоқсан.Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы-қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.
1-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
Жер Ана:Біз «Шүкір дейік,тәубе дейік.Міне,мен Жер-Ана осының бәріне де куәмін.Уа халқым, шаттан бүгін! Уа халқым қуан, бүгін!Тәуелсіздігімізге 25 жыл!Бүгін бізде мереке!Бүгін бізде береке!
Оқушылар Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқиды.
5.Дидар:
Жулдуз:
2-жүргізуші: «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Оқушы:
Көк байрағым желбіреп,
Көк аспанда қалқиды.
Егеменді елім деп,
Шаттық әні шалқиды
Ән: Көк тудың желбірегені
1-жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан- мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Ән: «Жаса Қазақстан»
2 сынып оқушылары өлең оқиды.
6.«Қазақ биі»Сымбат
7.«Үш бақытым»көрініс
8.«Бұл-біздің Қазақстан»тақпақтар
9. Нұрсәуле «»ән
10. «Айналдым сенен ,Отаным»тақпақтар
11.«Атамекен»хор
2-жүргізуші:
Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, Қазыбек атамыздан ақ тілек тілейік!
12.Қаз дауысты Қазыбек: «Ақ бата»
Басшыларымыз алысты көрсін,
Жетекшілеріміз табысты болсын!
Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,
Ұлдарымыз қамысты болсын!
1-жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.