«М.Горький атындағы орта мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Буркитбаева Самал Шаденовна
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!
Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеттері:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
1-ж: Армысыздар,құрметті ұстаздар ,оқушылар! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
2-ж: Қайырлы күн, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
“Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты қазақ тілі бірлестігінің онкүндігіне арналған салтанатты ашылуымызға қош келдіңіздер!!!
1-ж: Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
2-ж: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін деп жырлағандай иә, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады.
1-ж: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім деп «5А» сынып оқушыларын ортаға шақырсақ.
1 - оқушы:
Тілім - арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
2 - оқушы:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.
3 - оқушы:
Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім - бұлақ сынды таза - тын
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
Ұлылықты ұлы тілім танытты,
Ұлы тілім ұлықтайды халықты.
Халық егер өз тілінен адасса,
Өсер елдің тірлігі емес парықты.
4 - оқушы: Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туған тілде намысым мен арым дар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да,
Өз тілінде кісінейді құлыншақ...
Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
5 оқушы: Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)
Хормен: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақ тілін ғаламат.
2-ж: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
8 «В» сынып оқушыларының орындауында «Мен Қазақ» әні.
1-ж: Үш жүздің басын қосып «Алты алашқа»,
Тербелді бір бесікте Ұлы дала
Саясатты кемеңгерлік ақылымен,
Достасты,жоспар құрып көршілермен.
Көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы»
2-Ж: Құрметті көрермендер ! Сіздерге арнап бірнеше әзіл аралас ,мақал-мәтелмен жауап беретін сұрақтар да қойғымыз келіп тұр:
«Әдебиет»сөзі қай тілден енген? (араб)
Ш.Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
Кім қартаймайды? (анасы бар адамдар)
Ең тәтті,ең ащы не? (тіл)
Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
7.Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
8.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
9.. Әл - Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
10. Бір қазанға симайтын қандай бастар? (Екі қошқардың басы бір қазанға симайды)
11.Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар)
12.Қандай кілт аспанда болады? (Кісінің кілті аспанда)
13. Жақсы байқап сөйлер,... (жаман шайқап сөйлер).
14. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
15. Тауды, тасты жел бұзар,... (адамзатты сөз бұзар).
1-Ж: Жылқыбаева Жазира мен Насырова Нұргүлдің орындауында ән «Қазақ елі»
2-Ж: Сахна төріне бастауыш орыс сынып оқушыларын шақырамыз.
2-ж: Келесі кезекті 8- сынып оқушыларына берсек.(Арнау өлеңдерімен гүл шоқтарын қазақ тілі мұғалімдеріне ұсыну)
1-Ж: Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі
Өзге тілмен араласып жүрмеуі.
Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.
Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!
2-Ж: Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір арман,
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас бабадан.
дей отырып «Атамекен» әнімен қатысушыларды ортаға шақырамыз!!!!
1-ж: Осымен кешіміз өз мәресіне жетті ,назар салып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.