Саптық жаттығулар: Тік тұр! Оңға! Айнал! Солға! Секіріп айнал! Бағыттаушының артынан алға қадам бас! Қолды көтер,аяқтың ұшымен алға бас! Қолды артқа саламыз,өкшемен алға қадам бас! Аяқтың сыртымен алға қадам бас! Аяқтың ішімен алға қадам бас! Спорттық адымымен алға бас! Жаттығуларды нақты орындауға тырысамыз,мұқият боламыз. Жеңіл жүгіріспен алға бас! Спорттық адымымен алға бас! Жай жүріске ауысамыз. Демімізді қалпына келтіреміз: Қолды жан жаққа – терең демімізді тартамыз. Қолды түсіреміз – демді жібереміз. Жүгірушінің арнайы жаттығулары Тізені жоғары көтеріп (тізе жоғары); Захлест голени Артқа жіберіп; Жүгірісті ауыстыра - оң жақпен, сол жақпен; Аяқты айқастыра - оң жақпен, сол жақпен; Аяқты түзу ұстап алдыға жібере; Екі аяқпен секіру; Артқа қарап алдыға жүгіру; Ұлкен қадаммен жүгіріс; Әр қадамнан кейін секіру; Толық отырып жүріс; Жеделдету; Әр жаттығудан кейін «Алдыға қадам бас» командасын орындауды айту! Орнында жалпы жетілдіруші жаттығулар: Топты екі немесе үштен колоннаға тұрғызу.Қолды созып ара қашықтық сақтаймыз. Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ,қолды белге қоямыз. 1-4 есепке басты оң жаққа айналдырамыз; 5-8 есепке сол жаққа айналдырамыз. Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ,қолды белге қоямыз. 1 есепке – басты еңкейтеміз, 2 – артқа жатқызымыз; 3- оң жаққа; 4 - сол жаққа. Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ,қолды белге қоямыз. На счет 1-2 есепке түзу қолды артқа жібереміз; 3-4 есепке қолды ауыстырамыз. Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ,қолды кеудеге қоямыз. 1-2 есепке бүгілген қолды артқа жібереміз; 3-4 түзу қолды артқа жібереміз. Жаттығуларды оңға солға бүріліп жасаймыз. Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ,қолды иыққа қоямыз. 1-4 есепке қолмен айналдыра алдыға жаттығу жасаймыз; 5-8 артқа жаттығу жасаймыз. Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ,қолды белге қоямыз. 1-3 есепке оң жақ қолды үстіге, солға бүгілеміз; 4- жай тұрамыз 5-7 есепке сол жақ қолды үстіге көтеріп оң жаққа бүгілеміз; 8- жай тұрамыз Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ,қолды белге қоямыз. 1- есепке алдыға бүгіліп еденге жетеміз; 2- жай тұрамыз 3- артқа бүгілеміз,тобыққа жетеміз; 4- жай тұрамыз Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ,қолды белге қоямыз. 1-4 есепке белді оң жаққа айналдырамыз 5-8 сол жаққа айналдырамыз; Денені бос ,аяқты алшақ ұстаймыз есепке оң жақ аяққа бүгілеміз ; алдыға; сол жақ аяққа бүгіліс; 4- жай тұрамыз Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ қоямыз, бүгілеміз,алдыға созылып қолды түзу ұстап жан жаққа жібереміз. «Диірмен» жаттығуы Денені бос ұстаймыз,аяқты алшақ қоямыз,қолды жан жаққа жібереміз. 1- есепке оң жақ қолды сермеп сол жақ қолға түйісеміз; 2- жай тұрамыз 3-4 сол жақ қолды сермеп оң жақ қолға түйісеміз; Денені бос ұстаймыз, оң жақ аяқты алдыға жіберіп отырып,қолды белге қоямыз есепке оң жақ аяққа секіре отырамыз; сол жақ аяққа 3,4 - қайталаймыз Жай тұрамыз,аяқты алшақ қоямыз,қол алдыға 1- есепке оң жақ аяққа отырамыз; 2- жай тұрамыз; 3- сол жақ аяққа отырамыз 4- жай тұрамыз Жай тұрамыз,аяқты алшақ қоямыз. 1 - есепке секіріп аяқты алшақ қоямыз, қолды жан жаққа жіберіп үстіге көтеріп шапалақтаймыз. 2- есепке жай тұрамыз; қайталаймыз; Жай тұрамыз,қолды иыққа қоямыз; 1 есепке – қолды үстіге; 2 есепке – жай тұрамыз қайталаймыз; Жай тұрамыз,аяқты алшақ қоямыз,қолды белге қоямыз; 4 есепке оң жақ аяқта секіреміз; 4 есепке сол жақ аяқта секіреміз 4 есепке екі жақ аяқпен секіреміз. Жаттығуды 6-8 рет орындаймыз.Жаттығуларды нақты орындауды қадағалаймыз. 60 метрге жүгіріске жаттығу. Бақылау нормативтерін қабылдау «на старт» командасы бойынша студенттер оң жақ аяғына отырып, аяқтарын старттық сызыққа қояды. «Дайындал» командасы бойынша аяқтарын баппен түзейді, артта тұрған аяқтың тізесін жолдан алады. Денені түзу ұстайды.Бөксені иықтың деңгейінен жоғары көтереді. |