СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жеңіл атлетика"

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Жеңіл атлетика"»

А деңгейінің тапсырмасы

1. В әрпінің емлесін жазыңыз.

В

В деңгейінің тапсырмасы


2. Түбір сөздердің емлесі. Қосымшалардың жалғануы.


Түбір сөздер емлесі

Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.

  •  Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem. Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндестігі сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret.

  •  Сөздердің және күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес), júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес), aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес), kúnkóris, kúnbaǵys, shekara, qyrkúıek, kókónis.

 

Қосымшалардың жалғануы

1. Қосымшалар түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da; mekeme-de, bereke-si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵalim-niń; kógal-ǵa, kógoraı-ǵa.

2. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымшалар қатаңнан, ал дауысты, ұяң немесе үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen; táj-ge, qaryz-ǵa,  juldyz-dar; tań-ǵa, pán-der, tal-dyń, kól-ge, bala-ǵa, bala-lar, áje-ge, áje-niń.

3. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i әріптері тәуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aýyl – aýly, daýys – daýsy, erin – erni, halyq – halqy, oryn – orny, ǵuryp – ǵurpy, qyryq – qyrqy (қырқын беру),  kórik – kórki (бет-ажар), árip – árpi, naryq – narqy (бағасы), paryq – parqy, qulyq – qulqy, oıyn - oıyny.

Е с к е р т у. Мағынасына  нұқсан келетін сөздерде y, i түсірілмей жазылады. Мысалы: qulyq – qulyǵy; kórik – kórigi (ұстаның құралы); qalyp – qalyby (нанның қалыбы); qyryq – qyryǵy (сандық мағына); naryq – naryǵy (термин), .

4. Соңғы буынында á әрпі жазылатын түбір сөздерге ашық дауыстылармен келетін қосымшалар ғана жуан жалғанады: kúnásinа, kúnásinаn, kýásinа, kýásinаn, kúnáǵa, kúnádan, kinálaý, shúbálaný, kýáǵa, kýádan, kúmánǵa, kúmándaný.

5. s, z, j дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір сақталып жазылады: basshy (bashshy емес), qussha (qushsha емес), tuzsyz (tussyz емес), sózsiz (sóssiz емес), aýyzsha (aýyshsha емес), tájsiz (táshsiz емес).

6. n дыбысына аяқталатын сөздерге b, g, ǵ, m дауыссыздарынан басталатын  қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: burynǵy (buryńǵy емес), janǵa (jańǵa емес), qaýynǵa (qaýyńǵa емес), túngi (túńgi емес), tómengi (tómeńgi емес), júgenge (júgeńge емес), janbaıdy (jambaıdy емес), kónbedi (kómbedi емес), senbeıdi (sembeıdi емес), saımanmen (saımammen емес).

7. Сөз соңындағы k, q, p әріптері тәуелдік жалғауы немесе көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы  жалғанғанда, g, ǵ, b ( ýболып жазылады: júrek – júregi, súıek – súıegi, kúrek – kúregi; qazaq – qazaǵy, baıraq – baıraǵy, taraq – taraǵy; kitap – kitaby, aspap – aspaby, lep – lebi; ek – egedi, tók – tógedi; taq – taǵady, baq – baǵady; kep – kebedi, keýip,  jap – jabady, jaýyp, tap – tabady, taýyp. Бірақ sap – sapy, sapynda, tarap – tarapy тәрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.

8. Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде қосымша сөздің тәуелдік формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, otbasyna, otbasyn, otbasylar, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasylar, otaǵasyna, otaǵasyn, otaǵasylar, myńbasyn, myńbasyna, myńbasylar. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.

9. Түбір сөзге -hana, nama, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor тәрізді араб, парсы тілінен енген  және -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тәрізді төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай  жалғанады: kitaphana, ádisnama, emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qaıratker; sezimtal, uǵymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen, qyzben.

С деңгейінің тапсырмасы

1. Бірге жазылатын сөздердің емлесі

2. Дефиспен жазылатын сөздердің емлесі

3. Бас әріптің емлесі. Қосымшалардың жалғануы

1. БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

1.  Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылады: kókónis, shekara, jertóle, baǵdarsham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.), ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.).

2. Екінші сыңары -lyq (-lik, -dyq, -dik, -tyq, -tik) қосымшасымен келген қоғамдық, әлеуметтік лексика, -ar (-er) қосымшасымен келетін әдет-ғұрып, кәде атаулары, -lar (-ler, -dar, -der, -tar, -ter) қосымшасымен келетін ботаникалық, зоологиялық атаулар, -qysh (-kish, -ǵysh, -gish) қосымшасымен келетін құрал-сайман және техника атаулары, -ty (-ti, -dy, -di), -pa (-pe, -ba, -be, -ma, -me), -ys (-is, -s), -ǵy (-gi, -qy, -q) қосымшасымен келетін лексикаланған тұрақты тіркестер мен зат атаулары бірге жазылады: ortaazıalyq, jerjúzilik, arampıǵyldyq, búkilálemdik, jalpyhalyqtyq, birrettik; aýyzashar, atqaminer; ashatuıaqtylar, balyqqorektiler, jalańkózdiler, aǵashkemirgishter; kespekeskish, sabynsalǵysh, órtsóndirgish; sharýabasty, nemketti, súıkeısaldy; alypqashpa, baýkespe, janbaǵys, kireberis, kúnkóris; aýaqyzdyrǵy, aýasúzgi, bórioınaq.

3. Ásire, bir, kóp, jalpy, бей және avan, avıa, avto, agro, antı, aero, gıdro, gıper, eýro, ızo, ınfra, kıno, mega, mını, radıo, tele, trans, últra, foto, elektr сияқты сөзалды сыңарларымен, сондай-ақ beı қосымшасымен келген атаулар бірге жазылады: ásiresolshyl; birqalypty, birmándi; kópmándi, kópmúshe; jalpyulttyq, jalpymemlekettik; beıkúná, beıhabar; avansahna; avıamektep; avtojol; agrokeshen; antıdene; aeroshana; gıdrobeket; gıperbelsendi; еýrosport; ızosyzyq; ınfraqurylym; kınoqondyrǵy; megajoba; mınıjoba; radıobaılanys; telearna; transshekara; últradybys; fotosýret; elektrsúzgi.

4. Екінші сыңары aralyq, qumar, jandy, taný, tanym, jaı, hat, aqy, ishilik, symaq сияқты сөздермен келген атаулар бірге жазылады: halyqaralyq; ataqqumar; ultjandy; jaratylystaný; tiltanym; jylyjaı; ashyqhat (ashyqhat syılaý); zeınetaqy; mekemeishilik; ákimsymaq. Бірақ анықтауыштық қатынас сақталған күрделі сөздер бөлек жазылады: ashyq hat, qyzmettik hat.

5. Esh, ár, keı, bir, qaı, qaısy, álde сөздерімен келген есімдік, сын есім, үстеулер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады: eshkim; árkim; ártúrli; keıbir; birdeńe; qaıbir; qaısybireýler; áldeqalaı.

Е с к е р т у. Ár, keı, bir, qaı, álde сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады: ár el; keı bala; bir jumys; qaı zaman; álde shyn, álde ótirik.

6. Бірінші сыңары aq, qara, sary, kók, qyzyl, ala, boz тәрізді түс атауларымен келетін ботаникалық, зоологиялық терминдер бірге жазылады: aqıyq (құс), aqshabaq (балық); qaraqus, qaraaǵash (өс.); saryandyz (өс.), sarygúl; kókqutan (құс), kókbasshóp (өс.); qyzylqasqyr (аң), qyzylbıdaı; alabuǵa (балық), alabulbul (құс); bozbetege (өс.), boztorǵaı. Үш құрамнан тұратын ботаникалық, зоологиялық атаулардың алдыңғы екі сыңары бірігіп жазылады: aqbas sıyr, sarybas jylan.

7Лексикалық мағынасынан ажыраған qoı, sıyr, túıe, bota, qozy, at, qoıan, aıý, bóri, qasqyr, ıt немесе qum, sý, bal, ý, sor сөздерімен тіркескен ботаникалық, зоологиялық атаулар бірге жазылады: qoıjýsan (өс.), sıyrjońyshqa (өс.), botabúrgen (өс.), qozygúl (өс.), atqulaq (өс.), qoıansúıek (өс.), aıýbaldyrǵan (өс.), aıýbadam (өс.), bóriqaraqat (өс.), qasqyrjem (өс.), ıtbúldirgen (өс.), qumberish (өс.), sýbetege (өс.), balqaraǵaı (өс.), ýkekire, ýbıdaıyq (өс.), sorqańbaq (өс.).

Е с к е р т у. Aq, qara, qyzyl, qońyr, sur, shubar сөздері аң-құс, өсімдік түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: aq alabota, qara qarǵa, sur jylan, shubar baqa.

8. Eкінші сыңары shóp, gúl, tiken, japyraq, tamyr, qus, balyq, qurt, jıdek, jemis, qat сөздерімен келетін ботаникалық атаулар бірге жазылады: emenshóp, qońyraýshóp; kúımesgúl, qaltagúl; sortiken, shaǵyrtiken; túımejapyraq, sútjapyraq; altyntamyr, beltamyr; totyqus, kókqus; taraqbalyq, qylyshbalyq; qaraqurt, bósirqurt; qyzyljıdek, ıtjıdek; tamyrjemis, torjemis; qaraqat, qyzylqat.

9. Күрделі сөзге айналған фразеологизмдер бірге жазылады: aqsaqal, aqsúıek, aqnıet, aqnıettik, aqkóńil, aqkóńildilik; kóshbasshy, dúnıeqońyzdaný, erjúrek, erjúrektik, janpıda, janpıdalyq, ataqonys; basqosý, atsalysý, atústi, atústilik.

2. ДЕФИСПЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ

 Қос сөздер  дефис (-) арқылы жазылады.

1. Қайталама қос сөздер дефис арқылы жазылады: lek-lek, alýan-alýan, júre-júre, kóre-kóre, sóıleı-sóıleı, bıik-bıik, kóp-kóp, taý-taý, qaıta-qaıta.

2. Қосарланған еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер және көңіл-күй, шақыру одағайлары дефис арқылы жазылады: jalt-jult, satyr-sutyr, qalt-qult, shaqyr-shuqyr, shart-shurt, sart-surt, tars-turs, pah-pah, shek-shek, qyraý-qyraý.

3Сыңарлары өзара мағыналас және қарама-қарсы, жиынтық және жалпылама мәндегі, сондай-ақ мағынасы көмескіленген қос сөздер дефис арқылы жазылады: syı-qurmet, úgit-nasıhat, oı-óris, ydys-aıaq, telegeı-teńiz, salt-dástúr, er-toqym, el-jurt, jer-jahan, kúsh-qaırat, ońtústik-shyǵys, júrek-tamyr syrqaty, shtrıh-kod, oqý-jattyǵý, ákimshil-qysymshyl; úlken-kishi, kári-jas, alys-jaqyn, ashshy-tushshy, alys-beris, joǵary-tómen, kóshi-qon, aıtty-aıtpady, kirer-kirmesten, kelimdi-ketimdi, kári-qurtań, kóılek-kónshek, et-met. 

4. Қосарланған болжалдық сан есімдер дефиспен жазылады: bir-eki, alty-jeti, úsh-tórt, otyz-qyryq, altaý-jeteý, bireý-ekeý.

5. Грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер дефис арқылы жазылады: týradan-týra, qoldy-qolyna, ózinen-ózi, qaraptan-qarap, bardy-joqty, azdy-kópti, tekten-tekke, teginnen-tegin, qolma-qol, betpe-bet, kózbe-kóz, jolma-jol, barar-barmas; bılep-tóstep, sharshap-shaldyǵyp, kórgen-túıgen, jýyp-shaıyp, qyryp-joıyp, jylap-eńirep, ósip-ónip.

6Араб цифрымен берілген санға қосымша дефис арқылы жалғанады, сондай-ақ түсірілген  -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосымшасының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды: 6-ǵa, 100-ge deıin, 10-15-ten; 2018-jyly, 5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı, 9-páter, ХХІ ǵasyr, III tom, IV taraý. Бірақ № шартты белгісімен тіркесетін араб цифрлы сан есімдер дефис арқылы ажыратылмайды: №82 mektep, dırektordyń №5 buıryǵy, №107 qaýly, №17 kiris.   

7Цифрға тіркелетін % (процент), 0С (Цельсий) таңбаларынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады: 50 %-kе, 10 0С-den tómen.

8. Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-qup. Бірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.

9Кірме негіздер, аббревиатуралар мен сандардың төл және шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулары, сондай-ақ ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: breın-rıng, kofe-breık, market-meıker, shoý-bıznes, tok-shoý, blıs-saýal, feıs-baqylaý, art-kafe, pop-mýzyka; MP4-pleerleri, USB-tasymaldaýshy, SD-karta; VIP-palata, IT-mamandar, PR-menejer.

10. -aq, -aı, -aý, -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tuǵyn шылаулары дефис арқылы жазылады: sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý, ádemisin-aı, aıtqan-dy, barypty-mys, kelipti-mis, kóretin-di; еrek-tin, bar-tuǵyn, joq-tuǵyn.

11. Қысқарған сөзге қосымшалар дефис арқылы жалғанады: AAQ-nyń, QazUPÝ-ǵa, TMD-ǵa.

3. БАС ӘРІП ЕМЛЕСІ.

ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ

1. Әрбір жаңа сөйлем бас әріппен жазылады: Qonaqúıde, dóńgelek ústel ústinde qyzǵylt, kúńgirt sáýlesi bar tas sham janyp tur. Qyryn otyrǵan ákesiniń úlken kesek pishini Abaıǵa jartylaı ǵana kórinedi (M.Áýezov).

2. Өлеңнің әрбір жолы бас әріптен басталады: 

Paıda oılama, ar oıla,

Talap qyl artyq bilýge.

Artyq bilim kitapta,

Erinbeı oqyp kórýge (Abaı).




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!